- •§ 1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы
- •§ 2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері
- •§ 3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •§ 4. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.
- •§ 1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер.
- •§ 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
- •§ 3. Жаңа замандағы саяси ой.
- •§ 5. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
- •§ 6. XX ғасырдағы саяси ілім
- •§ 4. Марксистік саяси идеялар.
- •II б ө л і м. Билік және саяси жүйе
- •§ 1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар
- •§ 2. Биліктің түрлері
- •§ 3. Биліктің қызметтері мен жіктелуі
- •§ 4. Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі
- •§ 5. Саяси тәртіп (режим)
- •§ 1. Саяси жүйе туралы ұғым
- •§ 2. Саяси жүйенің құрылымы
- •§ 3. Саяси жүйенің жіктелуі
- •§ 1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
- •§ 2. Демократияның антикалық теориясы
- •§ 3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
- •§ 4. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
- •§ 1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні
- •§ 2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
- •§ 3. Қазіргі сайлау жүйесі
- •§ 4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
- •§ 1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
- •§ 2. Саяси партиялардың жіктелуі
- •§ 3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
- •§ 4. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
- •III б ө л і м. Саясаттың субъектілері. Адам және саясат
- •§ 1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі
- •§ 2. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
- •§ 3. Саяси жетекшілік туралы ұғым
- •§ 4. Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері
- •§ 1. Тұлға - саясаттың субъектісі мен объектісі
- •§ 2. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары
- •§ 3. Жеке адамның құқықтарының жіктелуі
- •§ 1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •§ 2. Кеңестік қоғамдағы және біздің қазіргі кездегі әлеуметтік жіктелуіміз
- •§ 3. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
- •§ 4. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері
- •§ 5. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
- •§ 1. Саяси сана және саяси идеология
- •§ 2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
- •§ 1. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
- •§ 2. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер
- •§ 3. Саяси мәдениеттің жіктелуі
- •§ 4. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні
- •§ 5. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері
- •§ 6. Саяси әлеуметтенудің типтері
- •IV б ө л і м. Саясаттағы өзгерістер мен сыртқы саясат
- •§ 1. Саяси жанжалдар
- •§ 2. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
- •§ 3. Этносаяси жанжалдар
- •§ 1. Саяси процесс туралы ұғым
- •§ 2. Саяси процестің жіктелуі
- •§ 3. Саяси процеске қатысу түрлері
- •§ 4. Саяси даму мен бейімделудің мәні
- •§ 5. Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар
- •§ 6. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
- •§ 1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
- •§ 2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
- •§ 3. Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
§ 4. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері
Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Қазақстан Ресей империясына тәуелді басқа елдер сияқты езгінің астында болды. Ол патша өкіметінің отаршылдық саясатын одан әрмен жүргізді. Адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы - Кеңес халқын құрамыз деген желеумен орыстандыру саясатын жүзеге асырмақ болды. Тарихымыз аяусыз бұрмаланды. Тілімізден, дінімізден айырылып қала жаздап, рухани мәдениетіміз небір зобалаңды басынан кешірді.
Қазақстанға КСРО-ның барлық аймақтарынан ондаған, жүздеген мың, тіпті, кейбір тұтас халықтарды кіндік кескен жерлерінен айырып, жер аударып, "халықтар түрмесіне" айналдырды. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, өз жерімізде өзіміз куғынға түстік. Сан мындаған жандар қырылып, сан мындаған жандар ата-жұртын тастап көшуге мәжбүр болды, орта жолда олардын көпшілігі қырылып қалды. 1916-1922 жылдары 900 мың қазақ түрлі қазаға ұшырады. 1931-1933 жылдары казактарды отырык-шыландырамыз және республикада ұжымдастыру жүргіземіз деп, қолдарындағы малдарын сыпырып алып, елімізді адам айтқысыз ашаршылыққа душар еткізді. Соның нәтижесінде зұлматқа қазақ халқының 2,5 млн. адамы, яғни 52%-ы опат болды ("Егеменді Қазақстан", 10 қазан, 1992 жыл). 200 мың адам қуғын-сүргінде шет жерге ауды. Отызыншы жылдарда 18 мыңдай қазақ, ГУЛАГ арқылы өтіп, азап шекті. Сталиндік репрессия жылдарында мыңдаған қазақ. зиялыларын, ұлт мүддесін қорғаған аяулы да абзал азаматтарды "буржуазияшыл-ұлтшылдар", "халық жаулары" деп атып жіберді. Комсомолдық құрылыстар, тың игеру және т.с.с шығарып республикамызға орыстілділерді үсті-үстіне төкті. Соның нәтижесінде қазақтар республика халқының жартысынан да азайып қалды.
Республикамыз, негізінен, шикізат өндірілетін ауданға айналдырылды. Мысалы, бізден КСРО-ның басқа жерлеріне тасып әкетілетін өнімнің 70%-ы шикізат, 12%-ы жартылай дайын түрінде болған. Олардың құны өте төмен еді. Бізден алған өнімді Орталық шетелге жоғары бағамен сататын. Айталық, Ақтөбе облысындағы тау-кен комбинаты КСРО-дағы хром кенінің 95%-ын шығаратын. Комбинатқа оның тоннасына 27 сом төлейтін. Ал КСРО-ның Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі шетелдерге оны 23 есе қымбат бағамен валютаға сататын. Балқаштың мысын 16 есе артық бағамен сататын. Олардан түскен валютадан Қазақстанға бір тиын берілмейтін. Республикамызда жаңағы аталған хром кенінен басқа Кеңес Одағында өндірілетін сары фосфордың 90%-ы, мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның - 60%-ы, цинктің 40%-ы өндірілетін. Олардан бөтен алтын, күміс, мұнай, көмір, темір және т.б. өз алдына өндіріліп, орталыққа жөнелтіліп жатты. Бірақ сессия сайын Қазақстан дотацияда отыр, Орталықтан жәрдем қаржы алып жатыр деп көзге шұқып отырды. Осылардың бәрі ұлтаралық қатынастарға өз әсерін тигізбей, кедергісін келтірмей қалмады.
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін жағдай өзгере бастады. Аяулы ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Туған жерімізде бірталай өркенді өзгерістер болып жатыр. Солардың ішінде ең бастыларының бірі тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар. Республика халкының жартысына жақыны орыс тілділер болғандықтан болар, Қазақ Республикасының жаңа Конституциясының 7-бабында "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" делінген. (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1999, 8-бет). Ата Заңның 14-бабында: " 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2. Тсгіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына. жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды" деп атап көрсетілген. (Бұл да сонда, 9—10-бет).
Елімізде этносаяси процестің негізгі субъектісіне мемлекет, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктері, саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар жатады. Тіл туралы, иммиграция туралы заңдар қабылданды. Республикада әр түрлі ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол елдегі барлық этностардың мақсат-мүдделерін қорғайды, олардың дамуын жалпы саяси, мәдени және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы реттейді.
Республикамызда әрбір азаматтың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсетуге немесе көрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстанда қазір 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілері келеді, өздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, заңды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемсітпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі - қазақ халқы республикамыздағы басқа халықтардың басын косып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтын санасында "қазақстандық ұлтжандылық", "жалпықазақстандық мақтаныш" рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.
Республикамыздың гүлденуі оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Сонда оның әрбір адамы да ауқатты, жақсы тұрады. Сондықтан мұнда тұрған әр халықтың өкілі жалпы Қазақстанның, әр облыс, аудан, елді мекеннің табысына қуанып, соған қажырлы еңбегімен аянбай-талмай үлес қосу керектігін сезінуі тиіс. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.
Сайып келгенде, біз құрып жатқан кұқықтық қоғамның ең жоғарғы кұндылығы - адам. Мұнда оның қай ұлт-ұлыска, дінге жататыны есептелмейді. Біздің міндетіміз – этникалық өзіндік өзгешеліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық-мәдени алуан түрлілігін сақтау. Сонда ғана еліміз ұлтаралық келісімі жарасқан, қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты аймақ болып, әлемде беделі артпақ.
