Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 лек.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

9 Тақырып. Операциялық жүйелерде енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Негізгі концепциялары, енгізу шығаруды басқару режимдері.

Дәріс мақсаты: Енгізу-шығарудың негізгі екі режимі. Енгізу-шығаруды басқаруды орындау.

Негізгі қарастырылатын сөздер: Енгізу-шығару, енгізу-шығару режимдері.

Дәріс сұрақтары:

1.1 Операциялық жүйелерде еңгізу-шығаруды ұйымдастыру.

1.2 Негізгі концепциялары, енгізу шығаруды басқару режимдері.

Дәріс мазмұны

Енгізу-шығаруды программалау өте күрделі және жоғарғы кәсіби біліктілікті қажет ететін жұмыс. Сондықтан енгізу-шығаруды орындайтын кодты алғашқыда жүйелік кітапханалық әрекет ретінде ұйымдастырса, қазір операциялық жүйелерге енгізіп қойған. Осылайша операциялық жүйелердің негізгі қызметтерінің бірі енгізу-шығаруды басқару болып табылады.

Енгізу-шығаруды ұйымдастырудағы басты принцип: енгізу-шығаруды басқаруға арналған кез келген амалдың жеңілдікті болуы және тек операциялық жүйелердің коды арқылы орындалады. Бұл мақсат орындалуы үшін көп жағдайда пайдаланушы режимі және супервизор режимі енгізіледі. Соңғы режимді жеңілдікті немесе ядро режимі деп те атайды. Супервизор режимінде енгізу-шығару командасының орындалуына рұқсат берілсе, пайдаланушылар режимінде рұқсат берілмейді.

Енгізу-шығаруды басқару енгізу-шығарудың супервизоры деп аталады. Ол операциялық жүйелердің компоненті арқылы жүзеге асады. Супервизордың алдына қойылатын мәселелерге тоқталайық:

  1. Қолданбалы есептерден белгілі бір амалдардың орындалуына сұраныс алады. Бұл сұраныстар қателерге және корректілікке тексеріліп барып өңделеді.

  2. Енгізу-шығару супервизоры есептер супервизорымен немесе операциялық жүйелердің программалық модульдерінен сұраныс алады.

  3. Енгізу-шығару супервизоры енгізу-шығаруды жоспарлайды, каналдар мен контроллерлерді бөлушілерді шақырады. Енгізу-шығарудың сұранысы сол арада орындалады немесе кезекке қойылады.

  4. Енгізу-шығару супервизоры басқаруды сәйкесті драйверге жібереді.

  5. Енгізу-шығару құрылғысынан үзіліс сигналы келгенде енгізу-шығару супервизоры ол сигналдарды анықтап, оларды үзілісті өңдеу программаларына басқаруды жібереді.

  6. Енгізу-шығару супервизоры қателер туралы хабарламаларды береді.

  7. Енгізу-шығару супервизоры енгізу-шығару амалының аяқталғаны туралы хабарлама жібереді.

Енізу-шығарудың негізгі екі режимібар: даярлылыққа сұраныс жасаушы алмасу режимі және үзілісті алмасу режимі.

1-сурет. Енгізу-шығаруды басқару

Қорытынды

Енгізу-шығаруды ұйымдастырудағы басты принцип: енгізу-шығаруды басқаруға арналған кез келген амалдың жеңілдікті болуы және тек операциялық жүйелердің коды арқылы орындалады. Бұл мақсат орындалуы үшін көп жағдайда пайдаланушы режимі және супервизор режимі енгізіледі. Соңғы режимді жеңілдікті немесе ядро режимі деп те атайды. Супервизор режимінде енгізу-шығару командасының орындалуына рұқсат берілсе, пайдаланушылар режимінде рұқсат берілмейді.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-

2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.

:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.

3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)

/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.

Қосымша:

1. Жүйелік бағдарламалық қамтама  Әйтімова, Ұ.Ж.  Қызылорда 2012

2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008

3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM)  Гладкий, А.  Санкт – Петербург 2008

Бақылау сұрақтары

1. Енгізу-шығарудың супервизоры деген ұғымды қалай түсінесіз?

2. Супервизордың алдына қойылатын мәселелерді талдап беріңіз.