- •6. Дәріс сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Операциялық жүйелердің негізгі ұғымдары. Операциялық жүйелердің қызметі.
- •1. Операциялық жүйелердің даму тарихы.
- •2. Операциялық жүйелердің мақсаты мен міндеттері.
- •3. Операциялық жүйелердің функциялары мен сипаттамалары.
- •2 Тақырып. Операциялық орта ұғымы. Үзіліс.
- •3 Тақырып. Операциялық жүйелер классификациясы. Есептеу процесі және ресурс ұғымы.
- •1. Үзіліс дегеніміз не?
- •2. Үзілу механизмі.
- •3. Ішкі үзіліске түсінік беру.
- •1. Бірмақсатты операциялық жүйелер.
- •2. Көпмақсатты операциялық жүйелер.
- •3. Қолданушылар режимі.
- •4 Тақырып. Процесті басқару. Процесс контексті және дескрипторы.
- •5 Тақырып. Операциялық жүйелерде жадыны басқару.
- •6 Тақырып. Жадыны статистикалық және динамикалық бөліктерге бөлу
- •Қорытынды
- •Дәріске әдістемелік нұсқау:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Тақырып. Сегменттік, беттік жадыны ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Операциялық жүйелерде енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Негізгі концепциялары, енгізу шығаруды басқару режимдері.
- •10 Тақырып. Магниттік дискілерде сыртқы жадыны ұйымдастыру.
- •11 Тақырып. Файлдық жүйелер, олардың функциялары және берілгендер иерархиясы. Fat файлдық жүйесі.
- •12 Тақырып. Hpfs файлдық жүйесі.
- •13 Тақырып. Ntfs файлдық жүйесі.
- •15 Тақырып. Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері.
- •16 Тақырып. Микроядролық және макроядролық жүйелер.
- •22 Тақырып. Тұйықтармен күресу әдістері
- •26 Тақырып. Os/2 warp операциялық жүйесі
- •28 Тақырып. Windows nt желілік операциялық жүйесі
- •29 Тақырып. Жедел жадыны тарату
- •30 Тақырып. Linux операциялық жүйесі.
- •Қорытынды
- •Дәріске әдістемелік нұсқау:
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары
10 Тақырып. Магниттік дискілерде сыртқы жадыны ұйымдастыру.
Дәріс мақсаты: Магниттік дискілерде сыртқы жадыны ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Магниттік дискілер. Сыртқы жады. Ұйымдастыру тәсілдері.
Дәріс сұрақтары:
1.1 Сыртқы жадыны ұйымдастыру.
1.2 Магниттік дискілер. Сыртқы жады.
Дәріс мазмұны
Ішкі жадыны ұйымдастыру үшін өте қымбат емес, алайда жылдам орындалатын және көлемді құрылғыларды пайдаланған жөн. Мұндай құрылғыларға қатты магниттік дискілердегі жинақтауыштарды (ҚМДЖ) жатқызуға болады. Көп жағдайда мұндай жинақтауыштарды “винчестерлер” деп атайды. Магниттік дискілерде компьютерге жүктелетін операциялық жүйелерге орналасады. Сонымен қатар мұнда файлдық жүйелерді басқаратын берілгендер файлдар түрінде сақталады. Сондай-ақ мұнда көптеген қолданбалы программалар және пайдаланушылардың әртүрлі файлдары орналасады. Жедел жадыдан ҚМДЖ-тарға және керісінше ақпараттар байттар арқылы беріледі, алайда олар дискілерге тізбекті түрде (бит арқылы) жазылады және оқылады. Берілгендерді жазу және оқу абсолютті сенімді болмағандықтан, ақпарат жазылмас бұрын кодталады. Бұл мақсатта Рид-Соломон кодтары қолданылады. Мұндай кодтау ақпараттағы кемшіліктерді табумен қатар оларды автоматты түрде жөндеуге де мүмкіндік береді. Ақпараттар магниттік дискіде тұтастай емес порция түрінде сақталады. Шеңберлерде орналасқан берілгендер блогы секторларды түзеді. Әрбір сектордың көлемі 512 байтқа тең. Барлық секторлар номерленген. Сонымен қатар оларда пайдаланушының берілгендерімен қатар онда қызметтік ақпарат та орналасады. Осы ақпарат арқылы біз өзімізге қажетті секторды жылдам таба аламыз.Қызметтік ақпарат секторлардың аралығында орналасады. Магниттік дискілердің жазықтығында орналасқан бір радиусті жолдар (тректер) тобы цилиндрлерді түзеді. Қазіргі кездегі қатты дискілерде ондаған мың цилиндрлер болуы мүмкін. Нақты берілгендер блогы C-H-S- үш координатасы арқылы беріледі.
Берілгендерді магниттік дискіде сақтаудың бірнеше тәсілі бар. Барлық магниттік диск кеңістігін бірнеше бөліктерге бөлуге де бөлмеуге де болады. ҚМД-ді бірнеше бөліктерге бөлу бір физикалық құрылғыда бірнеше логикалық дискілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай бөлудің бірнеше пайдалы жақтары бар. Біріншіден, берілгендерді сақтауды құрылымдайды. Мысалы, операциялық жүйелерге және программалық жабдықтауға бір бөлігін бөлсе, келесі бөлігін пайдаланушылардың берілгендеріне бөледі. Мұндай бөлу жүйе сенімділігін арттырады. Екіншіден, әрбір бөлікке өзінің файлдық жүйесін ұйымдастыруға болады. Үшіншіден, кейде компьютерге бірнеше операциялық жүйелерді орналастыруға тура келеді.
Қорытынды
Магниттік дискілерде компьютерге жүктелетін операциялық жүйелерге орналасады. Сонымен қатар мұнда файлдық жүйелерді басқаратын берілгендер файлдар түрінде сақталады. Сондай-ақ мұнда көптеген қолданбалы программалар және пайдаланушылардың әртүрлі файлдары орналасады.
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Кез келген пәнді білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, МӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі:
1. Балақаева Г. Операциялық жүйелер=Operating systems: Оқу құралы./Г.Балаќаева; Қазақ тіліне ауд. Б.Яғалиева.- Алматы: Print-S, 2004.-
2. Освоение операционной системы UNІX / К.и., Пупков.; Авт.
:К.А.Пупков, А.С.Черников, Н.М.Якушева.- Москва, 2005- 112 с.
3. Операционные системы: разработка и реализация (+CD)
/ Э. Таненбаум, А.Вудхалл.- Санкт-Петербург, 2006.- 576 с.
Қосымша:
1. Жүйелік бағдарламалық қамтама Әйтімова, Ұ.Ж. Қызылорда 2012
2. Операциялық жүйелер. Явровский В. Астана 2008
3. Реестр Windows Vista Трюки и эффекты (+CD-ROM) Гладкий, А. Санкт – Петербург 2008
Бақылау сұрақтары
1. Ішкі жадыны ұйымдастыру.
2. Магниттік дискілерде сақтау тәсілдері.
