Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел умк2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
750 Кб
Скачать
☆

Скандинавиялық эпос және лирикалық поэзия

Скандинавия мемлекеттері – Дания, Швеция, Норвегия және Исландия өз даму сатысы тұрғасынан Европадағы басқа мемлекеттерден біраз кейін қалған еді. Бұл өлкелерге христиан діні кеш келгендіктен, ру-тайпалық құрылыс қалдықтары ұзақ сақталып қалды. Осыған байланысты мифологияға негізделген осы дәуір әдебиетінде (ХІІ-ХІІІ ғғ.) Скандинавия халықтарының өмір сүру принциптері, ескі дін мен әдет-ғұрыптың қалдықтары мол сақталған. Ежелгі исландия әдебиеті «Эдда» жырлары, скальдтар поэзиясы мен прозалық қиссалардан тұрады.

Мифололгиялық, батырлық және өнегелік-тәрбие мазмұнындағы жырлардан құралған «Эдда» жырлары Х-ХІІ ғасырларда туғанмен, онда баяндалатын оқиғалар жанрдың ертеректе қалыптасқанын көрсетеді. Бұл өлеңдер жинағы «Үлкен Эдда» деп аталады. Оған «Волуспа», «Бальдердің түстері туралы», «Ұлы адамның даналық сөздері», «Локидің ашулы сөздері» сияқты жырлар енген. «Волуспа» туралы жырды дүниенің жаратылуы мен апаты туралы миф баяндалады. «Бальдердің түстері туралы» жырда жарық құдайы Балдерьдің өлімінің себебі айтылады. «Ұлы адамның даналық сөздері» жырында «варвар» тайпалардың әскер әмірі, ерлік, әйелдер мен еркектер, дос пен дұшпан арасындағы қарым-қатынастар айтылған, көптеген ғибрат сөздер, ақыл-кеңестер берілген. «Локидің ашулы сөздері» жырында құдайлардың жауы Локидің құдайларды айыптауы баяндалады.

«Эдда» жырларымен қатар, Скандинавия әдебиетінде Исландияның прозалық сага – қиссалары да маңызды орын алды. Оларда түрлі тарихи оқиғалар, теңіз саяхатары, отбасы туралы ертегілер, әскери жорықтар баяндалған. Батырлық эпостар енді сага түрінде дами бастады. «Вольсунгтар туралы сага» «Эдда» жинағына енген жырлар негізінде пайда болды. Бұл сагада Сигурдтың арғы аталары – Вольсунгтер ұрпағының туу тарихы мен апаты баяндалған.

Х-ХІІ ғасырларда Норвегия мен Исландияда дружина жырлары – скальдтар поэзиясы туып, дамыды. Бұл өнер ежелгі батырлық эпостар негізінде пайда болып, княз бен оның дружиналарының жорықтары дәріптелген. Бірақ ол халық эпосы дәстүрінен алыстап, әскери ақсүйектердің мүддесін көздейтін күрделі өнер түріне айналды.

Скальдтар поэзиясы ХІІ-ХІІІ ғасырлардан бастап дағдарысқа ұшырады. Исландиялық Снорри Стурлусонның «Эддасы» осы кезде жазылды. Кіші немесе прозалық «Эдда» деп аталған бұл жинақ үш бөлімнен құралып, скальдтар поэзиясының ең үздік үлгілері енгізілді.

16-17-18-дәріс (3сағат)

Феодалдық дәуірдегі батырлық эпос

Тақырыбы: Феодалдық дәуірдегі батырлық эпос Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті

Дәріс мақсаты: Ортағасырлық дәстүрді жалғастырудағы фольклор мен қалалық мәдениеттің рөлі. Орта ғасырдың алғашқы кезеңіндегі әдебиет туралы түсініктер беру

Тірек сөздер: ренесанс, треченто, кватор-ченто, жаңа латын поэзиясы

Қысқаша мазмұны:

Француз батырлық эпосы

Ежелгі француз поэзиясының көне үлгілері еңбек, жауынгерлік, діни және неке мәселелеріне арналған өлеңдер негізінде туды. Жеке оқиғаларда баяндайтын мұндай өлеңдерден эпикалық дастандар пайда болды. Эпикалық поэзияның бас кейіпкерлері ержүрек, жомарт, қорғансыздарға қамқоршы, отан үшін жан қиюға әзір идеал адамдар түрінде суреттелді. Халық бақсыларының сатиралық және реалистік рухтағы туындылары феодалдық тәртіп пен дін тәліміне қайшы келгендіктен, шіркеу эпикалық поэзияға дұшпандық көзқараста болып, ондағы халықшыл сарынды алып тастауға тырысты. Батырлық эпостың мазмұны мен идеясына кейбір өзгерістер енгізді. Француз батырлық эпосында «Роланд туралы жыр» үлкен орын алады.

«Роланд туралы жырдың» алғашқы нұсқасы Оксфорд тексі Англияда 1170 жылдар шамасында жазылып алынған. Дастан ХІ ғ. соңы мен ХІІ ғ. басында туып, ауызша тарап, біраз сұрыптаудан өтіп, ықшамдалған.

Жырды франктер королі Карлдің мавр-сарациндықтармен шайқасы, дұшпандар қолынан қаза тапқан Роланд батырдың кегін қайтаруы баяндалады. Поэманың негізгі мазмұны тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Бағдат халифасын қолдаушылар Карлге өтініш жасап, Испанияда тәуелсіз мұсылман мемлекетін орнатқан Абдурахманға қарсы күресте одан көмек сұрайды.

Карл 778 жылы Пиреней тауларынан өтіп, көп жерлерді жаулап алады. Сарагос қаласында біраз күн тоқтап, кейін шегінуге мәжбүр болады. Пиренейден өткенде егістік жерлерінің ат тұяғымен тапталғанына ашуланған басктар Ронсеваль шатқалында қосынның арқа жағынан шабуыл жасайды. Осы шайқаста көптеген сарбаздар, оның ішінде Роланд батыр да қаза табады.

Жырда Франция бірден-бір мемлекет ретінде қадірленіп, оның императоры Карл мен елі үшін жанын қиған батыр Роланд мадақталады. Жырдағы оқиғалар халық эпосына тән дәстүрмен беріледі, кейіпкерлер Роланд, Оливер, Карл құдіретті, ержүрек жандар ретінде баяндалады. «Роланд туралы жыр» - терең адамдық сезімдермен, достық, жауынгерлік, отансүйгіштік рухпен суарылған көркем ескерткіш үлгісі. Эпикалық баяндау мен көтеріңкі рух шығарманың көркемдік қуатын арттыра түскен. Жырдың тілі, баяндалуы айқын, образдары айқындығымен және қарапайымдылығымен оның халықтығын аша түседі. Жырда әсер қалдыратын эпизодтар өте мол. Роландтың отансүйгіштік рухы оның сөзі мен іс-әрекеттері арқылы ашылады, ол үшін «Сүйікті Франция» дегеннен қасиетті сөз жоқ. Сол Отаны үшін жанын қияды. Роландтың бойында рыцарларға тән мақтаншақтық, даңғойлық қасиеттер жоқ, онда тек отанға, халыққа қызмет ету, алалдық, мәрттік сезімдер жинақталған. Бұл белгілер оны халыққа жақындастырып, сүйікті батыр дәрежесіне көтерген.