Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сагындыкова дәрілердің өндірістік технологиясы 102-215.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

ТАРАУ X. БИОГЕНДІ СТИМУЛЯТОРЛАР ПРЕПАРАТТАРЫ

нэтижесі бойынша фильтратты оныц тотыктануы I л фильтратта 1500 мг оттегі болатындай етіп, сумен суйылтады. Сонан сон I л фильтратка 7 г натрий хлоридін косып, 2 минут кайнатады жэне фильтрлейді. Сулы экстракт - ашык сары тустен кызгылт - сары туске дейінгі мөлдір ерітінді. Іш тэнге колдануга 100 мл-ден флакондарда шыгарады.

Инъекцияга арналган препарат алу үшін мөлдір экстракты (рН 5,0-6,8) 1 мл-ден ампулаларға куйып, 120°С температурада 1 сагат стерильдейді. Жарыктан коргалған жерде сактайды.

Биосед (Biosedum) биостимуляциялаиған үлкен боз кілем (Sedum maximum L. Suter) жас шөбінен дайындалатын сулы экстракт. Өсімдік шөбін унтактап, 10 болік су куйып, 95-98°С температурада 10 минут бойына кыздырады. Осы операцияны екі рет қайталайды. Екінші тәсіл бойынша унтакталған шөптен сөлді сыгындап алады. Қалган калдыкты сумен (1:10) 95-98°С температурада 4 кайтара экстракциялайды. Сыгындылар мен сөлді біріктіріп, тұндырады және фильтрлейді. Биосед - мөлдір, акшыл сары түсті, элсіз өзіне тән иісі бар сүйыктық, рН мэні 5,0-6,5. Оны ампулаларга 1 мл-ден куйып, 120°С температурада 30 минут стерильдейді. Жарыктан таса жерде сактайды.

10.2. Өсімдік саз балшык препараттары.

IІе.юи inn (Peloidinum) Одесса каласына жакын орналаскан Куяльницкий лиманы емдік балшыгынан алынган сулы экстракт.

Емдік балшыкты керамикалык бакка 280 кг мелшерде салып, оган 6,68 кг натрий хлориді мен 420 л су косады. Қоспаны үнемі араластыра отырып, 3-6 тәулік бойына, балшык бетіндегі тұнган сүзілген сұйыктыктың тыгыздыгы 1,008-1,010 г/мл; хлоридтердің мөлшері 11,5-13,5 г/л, кұргак калдык 12-16 г/л, рН мэні 8,2-9,5 болганға дейін жібітеді. Сонан соң сүйыктыкты тунбадан кұйып алады, механикалык коспалардан жэне микроорганизмдерден тазарту үшін фильтрлейді: бірінші рет - терең фильтрлер аркылы; екінші рет - стерильді пластиналар немесе тесіктерінің диаметрі 0,3 мкм-ден жогары емес мембраналык фильтрлер аркылы. Фильтратты 1,5 сагат 60-70°С температурада кыздырады, салкындаган сон асептикалык жагдайларда флакондарга 500 мл-ден куяды. Препарат мөлдір, түссіз сұйыктык болып табылады. Салкын, жарыктан коргалган жерде сактайды.

Пелоидодистиллят инъекцияга арналган (Peloidodistillatum pro injectionibus). Куяльницкий лиманы смдік балшыгынан су буымен айдау тэсілімен алынады. Эдетте 1 кг балшыктан 72 мл-ге жуык айдама алынады. Айдамадан сутегі сульфиді мен күкіртті аластатады (ФиБС-ті кара), фильтрлейді, ампулаларга 1 мл-ден кұяды жэне 12()°С

Биогенді стимуляторлар - окшауланган жануарлар жэне өсімдік тканьдерінде олардың өмір сүруге колайсыз жагдайларга түскен кезде пайда болатын заттар. Қолайсыз жагдайлар болып жануарлар тканьдері үшін томен (+2-4°С) температура, ал өсімдік шикізаты үшін - томен температура жэне караңгылык. Осы н дай жагдайда тканьдердің клеткаларында биохимиялык езгерістер жүреді, нәтижесінде өмір сүруге кажетті процестерге қолдау жасайтын белсенді заттар түзіліп, жинакталады, Мұндагы заттардың пайда болуын тканьдердің орта жағдайына бейімделуі нэтижесі деп карастырады.

Осы саладагы алгашкы зерттеулерді XX гасырдың 30-шы жылдарының аягында академик В. П. Филатов жүргізген болатын жэне осы топтағы заттарды биогенді стимуляторлар деп атауды үсынган.

Биогенді стимуляторлар организмдегі өмір сүру процестерін күшейтеді, оның регенеративті касиеттері мен ауруга қарсы түру кабілетін арттырады. Биогенді стимуляторлардың түрлік жэне гистологиялык айрыкша белгілері болмайды, эртүрлі жануарлар мен өсімдік тканьдері бірдей жагдайларда эртүрлі заттар түзеді және жинактайды. Биогенді стимуляторлардың химиясы элі толык зерттелген жок. Олар заттардыц күрделі комплексі болса керек. Биогенді стимуляторлар кұрамына ароматты катардағы кышкылдар, каныкпаган ароматты косылыстар, шектелмеген дикарбон кышқылдары кіреді. Биогенді стимуляторлардын біркатар ортак касиеттері бар: олар суда ериді, су буымен жартылай айдалады, жогаргы температура әсеріне төзімді (120°С температурада стерилизация га шыдамды).

Биогенді стимуляторлар препараттар алу үшін эртүрлі шикізат көздері колданылады.

10.1. Өсімдік текті биогендік препараттар.

Алоэ с у іі и к экстракты (Extractum Aloes fluidum) биостимуляцияланган агаш тәріздес алоэ жапырактарынан алынады. Биостимуляциялау үшін алоэ жапырактарын карацгы жерде 4-8°С температурада 10-12 күн бойына сактайды. Сонан соң оларды жуып, кептіріп, тісшелерінен, саргайган шеттерінен ажыратып, біліктерде унтактайды. Алынган коймалжың массага тазартылган судыц 3 бөлігін құйып, бөлме температурасында жібітіп кояды. Осыдан кейін 2 сагаттан соң түндыргыштагы коспаны кыздырады, 1-2 минут кайнатады жэне фильтрлейді. Фильтратты салкындатады, көлемін өлшейді жэне оныц тотыктануын аныктайды. Фильтрат үлгісін 0,01 н. калий перманганаты ерітіндісімен күкірт кышкылыныц катысуында титрлейді. Талдау

температурада 1 сағат стерильдейді. Препараттың рН мәні 7,2-9,5, түссіз сұйыктык. Жарыктан таса жерде сакталады.

ФиБС инъскцияға арналган (FiBS pro injectionibus). Препараттың атауы оның авторларының фамилияларының басты эріптерінен құралган: академик В.П. Филатов, В.А. Бивер жэне В.В.Скородинский. Препарат алу үшін шикізат ретінде Куяльницкий лиманы саз балшығы колданылады. Саз балшыкты су буымен айдайды. Айдамада күкірт пен сутегі сульфидінің үлкен мөлшері болады. Күкіртті тұнбалау үшін айдамаға натрий хлоридін (I л-ге 7,5 г NaCI) косады, тұндырады жэне мата фильтр аркылы фильтрлейді. Фильтрлеуді табақша тэріздес сүйыктыктық сепараторда сепарациялаумен алмастырады. Бұл жогаргы енімділікпен - 55 л/саг. мөлдір ерітінді алуга мүмкіндік береді. Сутегі сульфидін кыздыру аркылы аластатады жэне ерітіндіні натрий хлоридінен тазалау үшін кайта айдайды. ФиБС препаратын алу үшін пелоидка корич кышкылы (1 л-ге 0,3-0,4 г) жэне кумарин (1 л-ге 0,1 г) косады, ерітіндіні фильтрлейді. ФиБС кумарин иісі бар түссіз сұйыктык, рН мэні 4,6-5,4. Ампулаларда 1 мл-ден шыгарылады. 120°С температурада 1 сагат стерильдейді. Жарыктан таса жерде сактайды.

Гумизоль (Humisolum) хаапсалусдык теңіз емдік балшыгынан алынады. Теңіз балшыгының сумин кышкылдары фракциясының 0,01% изотонды ерітіндідегі ерітіндісі болып табылады. Мөлдір немесе аздап опалесценцияланған саргыш түсті, иіссіз, бейтарап реакциялы ерітінді. Ампулаларда 2 жэне 10 мл-ден шыгарылады. 120°С температурада I сагат стерильдейді. Жарыктан коргалган жерде сактайды.

Торфот (Torfotum) - белгілі жер койнауының торфының айдамасы. Мөлдір, түссіз, торфка тэн иісі бар, рН мэні 6,0-8,8 сүйыктык. Ампулаларда I мл-ден шыгарылады. 120°С температурада 1 сагат стерильдейді. Жарыктан таса жерде сактайды.

10.3. Жануар текті биостимуляторлар.

Шыны тәрізді дене (Corpus vitreum). Ipi кара мал жэне шошканыц биостимуляцияланган көздерінен (В.П. Филатов бойынша) алады. Коз алмасын кажетсіз үлпалардан бөліп алып, агынды сумен жуып, 5 минутка 5% -дык карбол кышкылы ерітіндісіне 2-3 рет салу жолымен дезинфекциялайды жэне бокске жібереді, сонда үкыптап үстінен стерилді физиологиялык ерітінді күяды. Сосын коз жанары жогары бөлікте калатындай етіп, сырткы кабыктың шетінен скальпельмен үлкен тілік жасайды жэне сығып шыгарады, шыны тэріздес денені ваккум-пистолет комегімен алады жэне бірден тоңазыталы.

Тоцазыткышта тоңазытылган шыны тэріздес денені бір гиеуге 125 бөлік мөлшерінде өлшейді. Шикізат дефростациясын

(майсыздандыруды) алдымен реактор койлегіне ыстык су, сосын бу жіберіп, араластыра отырып жүргізеді. Дефростация аякталганнан соң шыны тәріздес денені ваккум көйлегімен термоөндеу үшін реакторга салады. Реакторда термиялык өндеу процессі кезінде шыны тэріздес дененіц саргаюын болдырмау үшін, люк аркылы өлшенген 520 бөлік активтелген көмір косады. Реактор люгін жабады жэне термоөцдеу процессін бастайды - араластыргышты косады жэне араластыра отырып, шыны тэріздес денені реактор көйлегіне бу жіберіп, +115 ±5°С температураны I сагаттан 1,5 сағатка дейін ұстап отыра, кыздырады. Температураны программалы датчик жэне регулятор көмегімен автоматты түрде ұстап тұрады. Термоөндеу процессі аякталганнан сон реактор көйлегіне реактор ішіндегісін 85±5°С температурага дейін салкындату үшін салкын су жіберіледі. Сосын сыгындыны тундыргышта тұндырады жэне шыны тәріздес денені «Орион» типті катпарлы фильтр көмегімен стерильдейді. EKS маркалы жеті, КО-5 маркалы сегіз пластина жэне косымша мембраналык фильтрден тұратын «Орион» стерильді фильтрін стерилді фильтрлеу алдында 70 л молшердегі шаншуга арналган сумен жуады. Сосын жүйені ылгал жойылганша (аластатылганша) стерилді таза ауамен үрлейді.

Шыны тәріздес дененің стерилді фильтрациядан кейінгі шыгымы сыгындыныц 80-75%-ын күрайды. Дайын өнім - бұл стерилді, түссіз, мелдір, әлсіз опалесценцияланатын сұйыктык, оларды 2 мл-деи ампулаларға кұяды жэне булы автоклавта 120°С температурада 30 мин. аралыгында стерильдейді. Сосын термостагга 37°С температурада 8 күн үстайды.

Препарат тыртыкты үлпаларды жұмсарту және тарату үшін, невралгияда ауыртпайтын (жансыздандыратын) зат ретінде колданылады. Бөлме температурасында сактайды.

Шаншуға арналган плацента (бала жолдасы) суспензиясы (Suspensio placentae pro injectionibus). Суспензияны әйел серігінен алады, оны перзентханаларда алдын-ала тексерілген, дені сау жаңа туган эйелдерден жинайды. Плацента жинап болган сон, бірден қакпагымен стерилді ыдыска салады жэне зауытка жібереді, онда тоцазыткыш камераларда тоцазытылады жэне плацента ұлпаларын биологиялык белсенді заттармен байыту үшін 2-4°С-температурада 5-7 тэулік үстайды. Консервіленген шикізатты бокске ауыстырады, үрық айналасындагы көпіршіктсрден. кіндіктік аркандардан бөліп алады, тазартылган сумен шаяды, уйыма кабыкшалардан тазартады және майдалайды. Шыны банкадагы олшенген массага екі көлемде 0.9% натрий хлоридінің изотонды ерітіндісін кұяды, макта тампоны жэне пергамент кагазбен жабады жэне байлайды. Баллондарды автоклавта I І9-12°С-та бір сагат бойы стерилдейді жэне тоназыткышта бір тэулікке