Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Informatika.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Пәннің мақсаттары мен мәселелері

“Ақпараттану” пәнінің мақсаты - дербес компьютердің көмегімен қолданбалы және басқару есептерін шығару әдістерін оқыту және оларды болашақ кәсіптік қызметінде компьютерлік жүйелер мен ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға дайындау болып табылады. Студентердің компьютерлік сауаттылықтарын арттыру күнделікті өмірде компьютерді ақпаратты өндеуде қолдану. Компьютер арқылы әр-түрлі есептеулерді жүргізуге дағдыландыру.

“Ақпараттану” пәнінің негізгі мәселелері:

  • ақпараттанудың негізгі түсініктемелерін үйрену үшін студенттерге логикалық ойлау қабілетін, жаңа қоғамда ақпаратты қор ретінде пайдалану және ақпараттық қорларды басқару әдістерін зерделеу;

  • студенттерді дербес компьютерлердің архитектурасымен таныстыру және компьютерде жұмыс істеуге үйрету;

  • жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін және болашақтағы олардың өркендеуін көрсету;

  • ЭЕМ-нің, ақпараттық жүйелердің, компьютерлік желілердің және олардың программалық қамтамасыздандырудың даму қалпы мен келешегін зерделеу;

  • теориялық білімдерді белсенді тәжірибеде пайдалануға жүйелеу.

Курстың мазмұны:

  • Ақпараттану негізін білу;

  • Дербес компьютердің құрылғыларымен танысу;

  • Аппараттық және программалық қамтамасыздандыруды игеру;

  • MS DOS операциялық жүйесінің командаларын білу;

  • Norton Commander программалық қабыршағымен жұмыс істеуді игеру;

  • Компьютерлік вирустың анықтамасын білу және олардан сақтану шараларын игеру;

  • Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен жұмыс істей білу;

  • Жолсерік программасымен жұмыс істей білу;

  • MS Word мәтіндік редакторының интерфейсімен танысу;

  • MS Excel электрондық кестесінің интерфейсімен танысу;

  • Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ, СУБД) MS Access программасының интерфейсімен танысу;

  • Жергілікті және ауқымды желілер топологиясымен танысу;

Жасай білу керек:

  • Windows операциялық жүйесін пайдалану; тереземен жұмыс, терезенің мөлшерін өзгертіп отыру, оларды міндетті түрде белсендіріп отыру, бумалар мен файлдардың аты, мерзімі, түрлі, мөлшері бойынша тауып алу, Windows жұмысын жақсарту, антивирустық программаларды пайдалану және дұрыстау; антивирустық программалардың жасаған әрекеттері бойынша жұмыс жасау; архиватор кілтін пайдалану және қалыпқа келтіру; Windows операциялық жүйесінің әртүрлі саласында Жолсерік (Проводник) програмасын енгізу; Жолсерік программасында бумалар мен файлдарға стандартты операциялар жүргізу (жасау, яғни құру, алып тастау, көшіру, ауыстыру, атын өзгерту); бума түрін қайта жасау; объектілерді қоржыннан қайта алу; Жолсерік программасында объектілерді іздестіру, тәртіпке келтіру, сұрыптау;

  • MS DOS жүйесінің ішкі және сыртқы командаларын қолдана білу;

  • Файлдардармен, каталогтармен жұмыс кезінде командаларды жүйелей білу (жасау, алып тастау, көшіру, қарастыру);

  • Дискілік операциялық жүйеде (DOS) жүйелік мерзімді өзгерте білу;

  • MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін программалармен вирустарды емдей білу;

  • Файлдарды архивтей білу;

  • Архивтен файлдарды алу, архивтің мазмұнын қарастыру, өздері жүйелейтін архивтер жасау;

  • каталогтар мен файлдарды жасау, көшіру, алып тастау, атын қайта өзгерту;

  • файлдарды қарастыру және өзгерту;

  • файлдарды сұрыптау және іздестіру;

  • дискеттердегі бар құжаттарды сол және оң тақталарына шығарып отыру;

  • тақталардағы бар мазмұнды қысқа және толық түрде шығару;

  • тақталарды ауыстырып отыру;

  • жүйелік дискіні жасау;

  • дискілерді қалыпқа келтіру.

  • Microsoft Word мәтіндік редакторын іске асыру;

  • Жаңа құжаттар мен құжаттар шаблонын жасау;

  • Файлдарды сақтау;

  • Символдар жинағын жасау және оларды өзгерту;

  • Алфавиттік ашылымдарды қосу;

  • Символдарды белгілеу;

  • Тышқан арқылы мәтіндерді ауыстыру және көшіру;

  • Алмасу буферімен жұмыс істеу;

  • Іздестіру жасау;

  • Қателерді дұрыстау (орфографияны автоматты түрде тексеру);

  • Сөздерді тасымалдау, тілде таңдау жүргізу;

  • Символдарды ауыстыру;

  • Құжатты қалыпқа келтіру (арасынан орын қалдыру, әріптер мен бағаналар арасындағы интервалдар, қызыл жол, мәтінді ретке келтіру);

  • Қаріптердің түрін өзгерту;

  • Абзацты қалыпқа келтіру;

  • Парақтарды толтыру және рәсімдеу;

  • Стильдерді пайдалану, форматтарды көшіру;

  • Автоматтты түрде нөмірлеу;

  • Табуляцияны реттеу;

  • Microsoft Word объектілерін сұрыптау;

  • Кестелермен жұмыс: ұяшықтардың мөлшерін өзгерту және біріктіру, бөлу, кестелерге автоформатты қолдану;

  • Кестелерде бар мәліметтерді іріктеу;

  • Құжатты алдын-ала қарастыра білу, оны баспаға шығару.

  • MS Excel электрондық кестесін іске қосу; MS Excel кітабын ашу және сақтау; қарапайым кестені жасау; кестені әртүрлі мәліметтермен толықтыру, өзгерту режимін қосу және алып тастау; кестені өзгерту және қалықа келтіру; автотолтыруды өткізу; мәліметтерді іріктеу және сүзгілеу (фильтрлеу); MS Excel-мен жұмыс, мәліметтер базасымен жұмыс, мәліметтерді іздестіру және ауыстыру; диаграммаларды құру; диаграммаларды өзгерту; ұяшықтар, парақтар, кітаптардың өзара байланысын реттеу; MS Excel программасындағы ақпараттарды басып шығару; мәліметтерді өңдеу: тізімдегі мәліметтерді толтыру, ескертулерді пайдалану, форматты жасау, ең тиімді шешімдерді іздестіру, параметрлерді таңдау.

  • Мәліметтер базасымен жұмыс істеу, кестелерді құру және оларды толтыру. Пішіндермен жұмыс жасау білу, сұраныстарды құру және есеп беру. Мәліметер базасында іздеуді ұйымдастыру, сүзгілеу және сұраптау. Деректер базасын жаңартуды дағдыландару.

  • HTML тілі арқылы WEB –парақтарын құру. Барлық негізгі тегтердің қолдану арқылы програмалық кодты жасау.

  • Програмалау тілдері арқылы есептеулер жүргізу. Turbo Pascal тілі арқылы қосымшаларды жасау.

Пәннің мазмұны, тақырыптық жоспар

№

Тақырыбы

Сағаттық өлшем

Дәріс

Саминар

Зертханалық жұмыс

1

Ақпарат және ақпарттану.

1

1

1

2

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы.

1

1

3

Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері.

1

1

1

4

Windows операциялық жүйесін орнықтыру.

1

1

1

5

Windows операциялық жүйесінің стандартты қосымшалары.

1

1

1

6

MS DOS операциялық жүйесі. Norton Commander программалық қабыршағы.

1

2

2

7

Компьютерлік вирустар.

1

1

8

Қарапайым мәтіндік құжатарды құру. MS Word мәтіндік редакторы

1

1

1

9

Күрделі мәтіндік құжаттарды құру. MS Word мәтіндік редакторы

1

1

10

Электрондық кесте арқылы деректерді өңдеу. MS Excel кестелік процессоры.

1

1

2

11

Деректер базасымен жұмыс атқару. MS Access- мәліметтер базасын басқару жүйесі (СУБД).

1

1

2

12

Компьютерлік желілер. Интернет желісі.

1

1

13

Архивтеу программасы. Архивтелген құжаттармен жұмыс істеу әдіс – тәсілдері. WinZip, WinRaR программалары.

1

1

1

14

WEB - парақтарын құру. HTML программалау тілі.

1

1

1

15

Программалау негіздері -Turbo Pascal.

1

1

1

Барлығы

15

15

15

Студенттің өзіндік жұмысының орындалу кестесі

Модуль

Модуль аттары

Жұма

1

Ақпараттану негіздері

2

2

Операциялық жүйелер және қабыршақ

4

3

Windows операциялық жүйесі

7

4

OFFICE дестесі

19

5

Желілер

23

6

Алгоритмдеу негіздері

25

Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі семестр басында беріледі. Ол келесілерді қамтиды:

  • тапсырманың мазмұны және мақсаты;

  • ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

  • орындау мерзімі;

  • бақылау формасы;

  • бағалау балдары.

Зертханалық жұмыстарды орындау формасы және әдіс – тәсілдері.

Бақылау формасы:

Әрбір студентпен дара тіл табу;

Әрбір тақырып бойынша тапсырмаларды жеке орындау;

Аралық бақылау (жұма сайын );

Бірінші аралық бақылау ;

Екінші аралық бақылау;

Қорытынды бақылау.

Бақылауды жүргізу формасы:

Ағымдық бақылау– дәріс сабақтарына, зертханалық жұмыстарға, СӨЖ, СӨОЖ қатысуы;

Аралық бақылау – тестілеу, практикалық дағдылануларын тексеру, ауызша тексеру;

Қорытынды бақылау- емтихан.

Бағаны шығару политикасы

Принцинтер:

  • Объективтілік;

  • Ақыл орамдылығы;

  • Жоғарғы саралау.

Білімді бағалау жөніндегі түсініктеме:

Сіздің курс бағдарламасы соңында алған білім деңгейіңіз Абай Мырзахметов атындағы университетінде қабылданған қорытынды бағалау жүйесі бойынша анықталады.

Бағалау критериі:

Қорытынды бағаға жатқызылады:

  1. Рейтинг жүйесі бойынша бақылау 40%

  2. Емтихан 60%

Қорытынды баға төмендегі формула бойынша есептеледі:

Қорытынды баға =

R1 – бірінші рейтинг бойынша бағалаудың цифрлық эквиваленті;

R2 – екінші рейтинг бойынша бағалаудың цифрлық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының цифрлық эквиваленті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]