Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makroekonomika_kaz.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Қосымша әдебиеттер

  1. Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат. Оқу құралы / Б.Н. Жаналинов.- Алматы: Экономика, 2007.- 224бет.

  2. Менеджмент негіздері: Оқулық / Б.Қ. Жакенова, Қ.Б. Тәмпішева, Л.М. Мақсатова.- Астана: Фолиант, 2007.- 260 бет.

  3. Экономическая теория: Учебное пособие / П.Г. Ким, Г.А., Капекова, М.А. Катыкбаев.- Алматы, 2001.- 600с.

  4. Салық және салық салу: Оқулық / Т. Крамаренко, А. Қомбарова.- Астана: Фолиант, 2007.- 344бет.

  5. Нарықтық экономиканың анықтамалығы / Ғ.А Қалиев, Е.Т , Теміров.- Алматы: Бастау, 1993.- 316б.

  6. История экономических учений: Учебник / С.А. Бартенев.- М: Экономистъ, 2004.- 456 с.

  7. Айнабек К.С. Теория рыночной экономики: Учебное пособие / - Алматы: Жетi жарғы, 2004.- 376с.

  8. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы ред. басқарған Сейітқасымов Ғ.С.- Алматы: Экономика, 2005.- 416бет.

  9. Ғабит Ж.Х. Экономиялық теория. Оқу-әдістемелік кешен. / Ж.Х. Астана, 2006ж.- 248бет.

  10. Есімжанова С.Р. Маркетинг Оқу құралы /- Алматы: Экономика, 2003.- 466б.

  11. Құлпыбаев С. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық /.- Алматы: LEM, 2007.- 668 б.

т.б салыстырмалы артықшылығы бар мемлекет шығаруы.

Глоссарий

Халықаралық сауда – қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айырбасы.

Халықаралық сауда палатасы – кәсіпкерлердің ұлттық федерациясын, экономикалық және қаржы байланыстарын дамытуға мүдделі 100 елдің дерлік іскер топтарын біріктіретін үкіметтік емес халықаралық ұйым.

Халықаралық сауда-саттық – халықаралық рынокта жабдықты сатып алуға берілген тапсырыстарды орналастырудың немесе кешенді объектілерді салу және басқа жұмыстарды орындау

Сыртқы сауда – елдер арасындағы сауда; ол тауарлар мен қызмет көрсетулер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан)тұрады.

Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезеңіндегі экспорты мен импорты құнының сомасы.

Сыртқы сауда саясаты –белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртық сауда қатынастарын дамыту эөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі.

Сыртқы сауда жарнамасы –басқа елдердің рыноктарындағы жарнама; онда көрмелер ұйымдастыру, жарнамалық сату, тауармен бірге жіберілетін әдебиетті, жарнамалық фильмдерді басып шығару және тарату.

Өж орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

  1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

  2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

  3. Проблемалардың шешімін табу.

  4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

  5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

ӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.

1 ӨЖ тапсырмасы топтық жұмыс, әр топта 3 студенттен. СӨЖ тапсырмаларынан әр топ 1 тақырыпты таңдау керек және оны жан - жақты зерттейді. Зерттелетін мәселе бойынша барлық ақпараттарды талдау қажет және әр бағыт бойынша әдебиеттерге сілтеме жасалынады. Материалдарды электронды түрде өткізу керек. Арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Зерттеу мақсаты – студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.

2 ӨЖ тапсырмасын орындауда студент сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтары бүкіл курс бойынша құрастырылған. Кейбір сұрақтар ашық түрде берілген. Бұл сұрақтарға студент өз пікірін беру керек. Нақты мысалдар келтіруі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]