Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журек.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

8. Оқу және оқыту әдістері

  • Дәрістер: жалпы, өзекті

  • Проблемаға бағытталып оқыту (ПБО): әр модульде 2-3 сабақ ішінде бір клиникалық жағдайды талдау (қосымшаны қара).

  • Тәжірибелік сабақтар: науқастармен жұмыс жасау, тестілеу, ауызша сұхбаттасу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: жалпы қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізу (шағын топтарда және тренажерлерде); науқастардан, сонымен қатар балалардан шағым жинау және физикалық тексеру жүргізу; ситуациялық есептер шешу, шағын топтарда жұмыс атқару, клиникалық жағдайларды талдау, іскер, рольдік ойындар, ситуацияларды модель түрінде құрастыру. Шағын топтар, пікірталастар, ситуациялық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стадиялар және т.б.

  • Студенттің өзіндік жұмысы: оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен, электронды тасымалдаушылармен жұмыс; тақырыпты, тест тапсырмаларын шешуді өздігімен меңгеру; реферат дайындау, презентация, кейс-стадиялар, хаттамалар, альбомдар, ситуациялық есептер, тест тапсырмаларын құрастыру; оқытушымен кеңесу.

9. Студенттердің білімін бағалау

  • Ағымдық бақылау: тест тапсырмалары, жазбаша/ауызша сұхбаттасу, ситуациялық есептерді шешу, тәжірибелік дағдылар меңгеруін қабылдау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларының құрастырылуын тексеру және т.б., шағын топтарда жұмыс істеу барысында топқа және өзіне-өзі баға беру. СӨЖ бағалау шакаласы бойынша бағаланады (орындау талаптарына сәйкес).

  • Аралық бақылау: әр модульдің соңында ауызша сұрау және тәжірибелік дағдыларды қабылдау жүргізіледі, оның ішінде проблемаға бағытталып оқыту (ПБО) қорытындысына баға қойылады.

  • Қорытынды бақылау: «ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша емтихан барлық 8 ағза жүйелері бойынша модульдер оқытылып болғанда жүргізіледі және 2 кезеңде өтеді – тәжірибелік дағдылар меңгеруін бағалау ОБҚЭ элементтерімен қоса және ауызша сұхбаттасу.

Барлық пәндер бойынша қорытынды баға: барлық модульдер бойынша аралық бақылаулардың орташа бағасының және «ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша алған емтихан бағасының орташасы.

10. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ *

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. - Алматы, 2005.

  2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.–Астана,«Фолиант», 2007.–600 б

  3. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы. – Ақтөбе, 2007

Қосымшалар 1-8: модульдердің барлық пәндер бойынша интеграцияланған типтік жоспарлары

Қосымша 1

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ:

7. «ЖҮРЕК - ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ»

7.1 БІРІНШІ КЕЗЕҢ

7.1.1 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары

№

АНАТОМИЯ – 2

ГИСТОЛОГИЯ – 2

ФИЗИОЛОГИЯ - 2

ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

1.

Жүректің топографиялық анатомиясы және оның кеудеге проекциясы. Балалардағы ерекшеліктері.

Жүрек гистологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.

Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері.

Жүрек-қантамырлар жүйесін зер-ттеу әдістері: жүрек аймағын қарау және пальпация жасау. Жү-рек ұшы түрткісі, қалыпты жағ-дайда оның қасиеттері. Жүректің перкуссиясы. Қалыпты жүрек шекаралары. Балалардағы ерекшеліктері.

2.

Кеуде қуысындағы ірі қан тамырлары: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналар. Балалардағы ерекшеліктері.

Эластикалық және эластикалық-бұлшықетті және бұлшықеттік типтік артериялардың гистологиялық құрылысы. Балалардағы ерекшеліктері.

Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері.

Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеу әдістері: ірі және шеткі қан тамырлар аймағын қарау және пальпация жасау. Артерия-лық пульсті анықтау, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері.

3.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлер тамырлары. Жүректің нервтенуі. Балалардағы ерекшеліктері.

Микроциркуляциялық арна. Веналар: бұлшықетті және талшықты типті веналар қабыр-ғаларының құрылысы мен тіндік құрамы. Қақпақша аппараты веналарының ерекшеліктері. Жас шамалық ерекшеліктері.

Жүрек және қан тамырлар қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері.

Жүрек-қантамырлар жүйесін зерттеу әдістері: жүректің аускультациясы. Жүрек соғуы дыбыстары сипаттамасы, қалып-ты жағдайда олардың пайда болу механизмі. Балалардағы ерекшеліктері.

Барлығы: 3 сағат

Барлығы: 3 сағат

Барлығы: 3 сағат

Барлығы: 3 сағат