Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.2 лекция ЭА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

Сурет 9. Реттеуші-реле рр 380

Түйісуші топтың бірінші сатысы-қалыпты тұйықталған түйіспе РК1 – «плюс» және клемма «Ш» аралығына қосылған. Түйісуші топтың екінші сатысы-қалыпты тұйықталған түйіспе РК2 – клемма «Ш» және «минус» аралына қосылған.

Бір орамадан тұратын РК электромагниттік реттеші, температураның орнын толтырушы Rт резисторы арқалы тура генератор кернеуіне жалғанған.

Бірінші сатыда түйіспелерге параллель етіліп қосымша резистор R қос және дроссель L жалғанған. Дроссель токтың өсу жылдамдығын бәсеңдету үшін және оның жұмыс істеуін жеңілдету үшін екінші сатыдағы түйіспелер арқалы жұмыс істейді.

Реттеуші кернеу белгілі моментке жеткенге дейін, реленің якоры өзінің бастапқы орнында тұрады, яғни РК1 қосылған, сондықтан қоздырғыш токтың мәні текқана генератор кереуі мен қоздырғыш орамасы қарсылығы арқалы анықталады. Реттелуші кернеу белгілі мәнге жеткенде, орамада РК пайда болған электрмагниттік күш, серіппенің күшін жеңеді де, түйіспені ажыратады. Енді бұл кезде қоздыру тогы қосымша резистор арқалы өтеді де, оның мәні азаяды, сондықтанда, кернеуде азаяды. Солай етіп, бірінші сатының жұмысы, жай электрмагниттік реттегішке ұқсас. Екі сатылы реттегіштің айырықша өзгешелігі соннан тұрады. Онда РК1 түйіспесіне параллель етіп резистор жалғанған, ал оның қарсылығы бір сатылы реттегіштерден 10-15 есе аз. Қосымша регистордың қарсылығы мен онша көп емес дроссель қарсылықтарының қосындысы сондай шамаға есептелген болып, айналу жиілігі максималдық айналу жиілігінің жартысына тең болғанда, бірінші сатының түйіспелері ажыратылады, яғни кернеуді реттеу тоқтатылады. Бұл кезде қоздырғыш тогы (1,2-1,3) А дейін төмендейді.

Генератордың айналу жиілігі әрі қарай өскенде, кернеу РК2 түйіспелері тұйықталғанға дейін өсе береді. Олар тұйықталғанда, қоздыру орамасы қысқаша тұйықталады (шунтирование). Қоздырғыш ток және кернеу түседі, бұл кезде РК2 түйіспесі тағыда ажыратылады. Бұл процесс өте үлкен жиілікпен қайталанып отырады.

Сурет 10. Аралас типтегі кернеу реттегіштің принципиалдық схемасы.

Кернеу реттегішіндегі қоздырғыш токты жәәне оның қолданылу мерзімін ұлғайту үшін түйіспелі-транзисторлық-аралас типтегі реттегіштер жасалынған.

Онда негізгі қоздырғыш тогы күштік транзистор арқалы өтеді да, ал түйісушінің ролін шамасы онша үлкен емес транзисторды басқаратын токты коммутривать етуге саяды. Мұндай реттегіштің принципиалдық схемасы сурет 10-да көрсетілген. Схемада VT1 транзисторы, кілт режимінде жұмыс істейді. Басқарушы орган болып, база тізбегіне жалғанған түйіспелер, сезгіш элемент болып, генератор кернеуіне жалғанған электрмагниттің орамасы есептеледі.

Қашан генератор кернеуі, реттелуші кернеуден аз болғанда, транзистор VT1, ашық, өйткені оның тогының базасы бар. Қоздырғыш тізбегінің қарсылығы, тек ораманың қарсылығымен анықталады, ал ротордың айналу жиілігі ұлғайғанда генератордың кернеуі өседі. Генератордың кернеуі реттеуіш кернеуден жоғары көтерілгенде, онда электрлік магниттің күші серіппенің қарсы күшін жеңіп, түйіспені тұйықтайды. Осының нәтижесінде эмиттер-базаның өтпесі шунтталады, параллель қосылады, транзистер жабылады және қоздырғыш тізбегінің қарсылығы ұлғаяды, өйткені қоздырғыш ток қосымша резистор R қос арқалы өтеді. Қоздырғыш тогының азаюы, магниттік өрістің, кернеудің ЭҚК азаюына алып келеді, ол өз кезегінде электрлік магнит күшінің әлсіреуіне алып келеді де түйіспе ажыратылады.

Түйіспелі-транзисторлық реттегіштің артықшылығы болып, табылады, оның түйіспелері алдынала аз шамадағы токпен жүктемен діктен болып, ол өте жеңіл жағдайда жұмыс істейтін болғандықтан, онша күймейді және желінбейді. Сонымен бірге, қоздырғыш токтың шамасы тек транзистордың сипаттамасымен анықталатындықтын, ол түйіспелердің жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер етпейді.

Аралас типтегі реттегіштің кемшілігі болып реттелуші кернеудің тұрақсыздығы, өйткені реттегіштің серіппесінің ескеруінің арқасында, оның қайтару сипаттамасы өзгереді. Сондықтан, бұл, реттегішті пайдаланғанда, электрлік магниттік реттегіштегідей уақытылы тексертіліп тұрылуы керек.

Электрондық кернеу реттегіштерінде (сурет 11) бұл кемшіліктер толығымен жойылған, мұнда қоздырғыш тізбегіне тағыда кілт режимінде жұмыс істейтін транзистор қосылған. Сезгіш элемент функциясын элементтер болып, R2 және R3 резисторлары жатады.

Генератордың кернеуі, реттелінетін кернеуден төмен болғанда, стабилитрон VD3 және транзистор VD2 жабық, ал транзистор VD1 ашық. Қоздырғыш тізбегіндегі қарсылық минималдық деңгейде, ал ротрдың айналу жиілігі өсуімен генератордың кернеуі ұлғаяды.

Сурет 11. Электрондықсыз (түйіспесіз) типтегі кернеуді реттегіштің принципиалдық схемасы

Генератордың кернеуі реттелушіден жоғары болғанда стабилитрон төсіледі де, VT2 ашылады, ол VT1-дің жабылуына алып келеді, өйткені оның базасына оң потенциал беріледі. Қоздыру тізбегіне қосымша резистор қосылады да, генератордың кернеуі түседі. Кернеудің азаюы стабилитронның бекітілуіне алып келеді, онда VT2 транзисторы жабылады да, VT1 транзисторы ашылады. Бұл процесс өте үлкен жиілікпен қайталануының солдарынан генератор кернеуі реттелуші шамаға жақын мәнде тербеледі. [1] [5 ÷ 35].

Әдебиеттер: [1] [3 ÷ 35 бет]; [2] [73 ÷ 78 бет]; [4] [26 ÷ 28; 87 ÷ 92].

Бақылау сұрақтар:

1. Осы күнгі автомобилдерде тұрақсыз токты генераторлардың қандай құрылымдары қолданылады?

2. Бірінші тұрақсыз токты генераторлар қандай түзеткіштер және реттегіштермен шығарылды?

3. Автомобиль генераторларында қандай схемадағы түзеткіштер қолданылады?

4. Пайдаланылу коэффициентімен генератордың қандай көрсеткіші бағаланады?

5. Кернеу мен қосымша резистордың қарсылығының шамасын реттеумен генератордың қандай параметрінің мәні анықталады?

6. Генератордың кернеуінің өсу жылдамдығы неге тәуелді?

7. Генераторды жобалағанда және таңдағанда оның қандай сипаттамасы маңызды мәнге ие?

8. Тұмсық тәрізді тұрақсыз токты генератор қандай негізгі элементтерден тұрады?

9. Осы күнгі автомобиль генераторларында максималдық токты шектеу ненің арқасында жүзеге асады?

10. Генераторлардың кернеуін реттеу процессі қалай жүзеге асады?

11. Кернеуді реттегіштердің қандай типтері болады, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері неде?

2.2.2. Дәріс тақырыбы: «Электрлік жабдықтау жүйесі. (Аккумуляторлық батареялар. Реттелуші кернеудің шегін таңдау)».

Электржабдықтары жүйесінде қолданылатын аккумулятор батареялары, іштен жанушы қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда, немесе генератордың шығаратын қуаты жетіспейтінде тұтынушыларды электр энергиясымен көректендіруді қамтамасыз ету көзі болып табылады. Аккумулыторлық батареялардың түрі мен құрылымы қозғалтқышты стартерлық режимде жүргізгенде оның зарыдсыздану жағдайымен анықталады. Бұл режимдер бірқанша өте ауыр (максималдық ток және қуат) болғандықтан, автомобилдердің аккумулятор батареялары стартерлық деп аталады.

Стартерлік аккумулятор, токтың химиялық көзін көрсетеді, яғни бұл сондай құрылғы, мұнда екі реагенттердің толықтырғыш және қайырорнату химиялық реакцияларының энергиясы, бірденіге электр энергиясына түрленуі жүреді. Сонымен бірге, ол көпрет қолдануғу мүмкіндік беретін, аталатын токтың екінші химиялық көзі болып табылады. Зарядсызданғаннан кейін, сыртқы зарядтаушы тізбегінен токты кері бағытта өткеру жолымен оны қайыра зарядтауға жүргізіледі. Сонымен, аккумулятордың зарядсызданған реакциясы өнімдерінен бастапқы активтік материалдар қалпына келеді.

Солай етіп, физикалық-химиялық процесстерден тәуелді аздаған ПӘК аккумуляторды зарядтағанда сыртқы көздің энергиясы жинақталады.

Стартерлық аккумуляторлардан басқа аккумулятордың айырмашылығы, токтың бірінші химиялық көзі (гальваникалық элементтер) тек бір ретқана зарядсыздануға мүмкін, ал одан кейін бастапқы қалпына келмейді.

Стартерлық аккумуляторлық батареяларға мынандай негізгі талаптар қойылады:

- максималдық жұмысшы кернеуі, ол бір аккумулятордағы ЭҚК, ал батареяда болса онда олардың тізбектеліп жалғанған санымен анықталады;

- минималдық жалпы салмағы;

- минималдық ішкі қарсылығы (әсіресе төменгі температураларда);

- зарядсыздану процессі кезінде, кернеудің азғантай ғана өзгересі;

- салмақ бірлігінде беретін максималдық энергиясының саны;

- зарядтау кезінде сиымдылығын жылдам орнықтыла алуы;

- кішкентай тұлғасы және үлкен механикалық қарулылығы;

- сенімділік және оны пайдаланғанда күтудің жеңілділігі;

- жалпыламай өндіргенде бағасының төмендігі.

Көбірек аталынған талаптарды қанағаттандыратыны қорғасынды-қышқылдық аккумуляторлар, олар автомобилдерде стартерлық есебінде өте кең қолданыс тапқан.

Оның мен бірге техниканың әртүрлі салаларда, сілтілік аккумуляторларыда қолданылады:

  • никель-кадмилік;

  • никель-темірлік;

  • никель-мырыштық;

  • күміс-мырыштық және т.б.

Сілтілік аккумуляторлары, қорғасынды-қышқылдық аккумуляторларға салыстырғанда 20-25 % аз ЭҚК және онша көп емес пәк ие. Электролит есебінде 35 %-тік ұлы калидың тазаланған судағы ерітіндісі. Қорғасынды-қышқылдық батареяның электролитімен (30 % қыщқылдық H2SO4 ерітіндісі), салыстырғанда, олардың температуралары бірдей болғанда, ол аз меншікті өткізгіштікке ие, бұл сілтілік аккумуляторлардың ішкі қарсылығы тым жоғарылау болатындығына алып келеді. [2] [30 ÷ 35].

Қорқасынды-қышқылдық аккумуляторларда электролиттің тығыздығы, берілген температурада оның зарядталу дәрежесімен бірмәнділікте болады, сондықтан денсиметрлер көмегімен оның зарыдталыну дәрежесін бақылауда пайдаланылады. Ал сілтілік аккумуляторларда ондай бірмәндәләк тәуелділік жасалынбаған, сондықтан, оның зарядталыну дәрежесін анықтау қиындатылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]