География
1. Жер шарындағы ең үлкен алабты өзен: A) Лена. B) Еділ. C) Конго. D) Миссисипи. E) Амазонка. |
2. Ежелгі солтүстік материк: A) Лавразия B) Пангея C) Евразия D) Гондвана E) Австралия |
3. Дүние жүзі бойынша Австралия ауыл шаруашылығында бірінші орын алады A) Ет және жеміс-жидек өндірісі бойынша. B) Қой саны және қой жүні бойынша. C) Ірі қара саны бойынша және сүт, ірімшік өнімдерінен D) Мақта өнімдерінен. E) Қант өндіру жөнінен. |
4. Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы: A) С.Неуструев. B) Қ.Сәтбаев. C) Н.Баранский. D) И.Герасимов. E) И.В.Мушкетов. |
5. Қаратопырақ Қазақстанның … A) шығыс бөлігінде. B) орталық бөлігінде. C) батыс бөлігінде. D) солтүстік бөлігінде. E) оңтүстік бөлігінде. |
6. Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі ең шеткі облысы. A) Ақтөбе. B) Қарағанды. C) Павлодар. D) Батыс Қазақстан. E) Солтүстік Қазақстан. |
7. Тау-кен өндірісімен байланысты қала. A) Кентау, Қаратау. B) Қызылорда, Арал. C) Талғар, Сарқанд. D) Павлодар, Астана. E) Шымкент, Тараз. |
8. Ең арзан электр энергия ... өндіріледі: A) ЖЭС-да. B) МАЭС. C) СЭС-да. D) АЭС-да. E) ЖЭО-да. |
9. Жеңіл өнеркәсіп. A) Құрылыс, ауыл шаруашылығы, прибор жасау. B) Транспорт. C) Ғылым және өнер. D) Тоқыма, тігін, аяқ киім. E) Байланыс. |
10. 45 градустағы азимут ... бағытты көрсетеді A) Оңтүстік-шығыс. B) Солтүстік-шығыс. C) Солтүстік-батыс. D) Оңтүстік-батыс. E) Оңтүстік. |
11. Су тамшыларының ауада шоғырлануы: A) Бұлт. B) Бұршақ. C) Жаңбыр. D) Шық. E) Қар. |
12. Буряттар, қырғыздар, сахалар (якуттар) ... нәсілдеріне жатады. A) экваторлық B) европалық C) орал семья тобына D) аралас E) монголоид |
13. Верный қаласындағы күшті жер сілкіну болған жыл. A) 1889 жыл. B) 1888 жыл. C) 1887 жыл. D) 1884 жыл. E) 1886 жыл. |
14. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің ұзындығы. A) 1800 км. B) 1700 км. C) 1750 км. D) 1600 км. E) 1650 км. |
15. Қазақстан аумағында орманды дала зонасы бар жазық: A) Каспий маңы жазығы. B) Тұран жазығы. C) Батыс Сібір жазығы. D) Іле бойы жазығы. E) Сарыарқа жазығы. |
16. Халқының саны мен орташа тығыздығы жөнінен Оңтүстік Қазақстанның алатын орны: A) Үшінші. B) Төртінші C) Екінші. D) Бірінші. E) Бесінші. |
17. Парсы шығанағында мұнай өндіруден алдыңғы орында: A) Катар. B) Кувейт. C) ОАР D) Ирак. E) Сауд Аравиясы. |
18. Африканың ең дамыған мемлекеті: A) Египет. B) Заир. C) Судан. D) Оңтүстік Африка Республикасы. E) Алжир. |
19. Ла-Плата алабындағы елдер: A) Чили, Ямайка, Гаити. B) Колумбия, Эквадор, Перу. C) Мексика, Эквадор, Перу. D) Парагвай, Уругвай, Аргентина. E) Венесуэла, Боливия, Чили. |
20. Адамдардың жаңа жерге қоныстануының нәтижесінде ... дамыды. A) егіншілік пен мал шаруашылығы B) селекциялық жұмыстар C) теңіз транспорты D) қала санының өсуі E) пайдалы қазбаларды игеру |
21. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болып келу себебі ... байланысты. A) жердің орбиталық қозғалысына. B) өсімдіктерден оттегінің бөлінуіне. C) зат және энергия айналымына. D) күнмен түннің ауысуына. E) температура режимі мен жауын-шашын мөлшеріне. |
22. Алматы мемлекеттік қорықшасын ұйымдастыру мақсаты: A) Биологиялық. B) Палеонтологиялық. C) Гидрологиялық. D) Геологиялық. E) Климаттық. |
23. Атлант мұхитының сулары ... мемлекеттерінің жағалауын шайып жатыр. A) Үндістан, Эфиопия. B) АҚШ, Испания. C) Чили, Колумбия. D) Жапония, Корея. E) Монғолия, Қытай. |
24. XІX ғ. және XX ғасырдың ортасына дейінгі негізгі эмиграция ордасы. A) Азия. B) ССРО. C) АҚШ және Канада. D) Африка. E) Еуропа. |
25. Ұлыбританияның станок және автомобиль жасаумен айналысатын ауданы: A) Лондон. B) Глазго. C) Бирмингем. D) Ливерпуль. E) Манчестер.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
