Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_4240.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
890 Кб
Скачать
☆

Қазақ әдебиеті

1. «Қырандай желді күнгі аспандаймын», - деген жолда («Біржан-Сара» айтысы) қандай бейнелі сөз бар екенін табыңыз.

A) Кейіптеу.

B) Теңеу.

C) Әсірелеу.

D) Эпитет.

E) Синекдоха.

2. Бұқар жыраудың:

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған,- деген тармақтарындағы аттың басын тартпау тіркесінің қолданылу мағынасын анықтаңыз.

A) Баукеспе ұры деген мағынаны білдіреді.

B) Жаудан қаймықпаған, қайтпаған деген ұғымдағы

ауыспалы мағынада суреттелген.

C) Ел кезбе, қыдырғыш деген ұғымда айтылған.

D) Атты тежеме, ірікпей алға жіберу деген ұғымда, тура

мағынада қолданылған.

E) Асыра суреттеу, көтермелеу мағынасында бейнеленген.

3. Махамбет өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Кел, балалар, оқылық’’.

B) ’’Дүтбайға’’.

C) ’’Жазғытұрым’’.

D) ’’Өзен’’.

E) ’’Қызғыш құс’’.

4. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Өлеңнің аққан көзі едім»

B) «Адамдық іс»

C) «Ақжайлау мен Сандықтас»

D) «Жас дәурен»

E) «Әр нәрсенің парқы бар»

5. Ы.Алтынсариннің білім алуына жәрдем берген адамды табыңыз.

A) Шоң би.

B) Құнанбай қажы.

C) Құсбек төре.

D) Шыңғыс Уәлиханов.

E) Балғожа би.

6. ’’Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы’’.

Өлеңнің авторын анықтаңыз.

A) Қ.Аманжолов.

B) М.Жұмабаев.

C) Бұқар жырау.

D) С.Торайғыров.

E) А.Құнанбаев.

7. Ақындықтың Құлагері атанған ақынды көрсетіңіз.

A) Б.Майлин.

B) М.Жұмабаев.

C) І.Жансүгіров.

D) С.Сейфуллин.

E) Ж.Жабаев.

8. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңінің тақырыбын атаңыз.

A) Отан қорғау.

B) Өндіріс.

C) Махаббат.

D) Табиғат.

E) Ауыл өмірі.

9. Екінші дүниежүзілік соғыстың көркем шежіресі болып табылатын туындыны көрсетіңіз.

A) «Жанталас».

B) «Алмас қылыш».

C) «Қаһар».

D) «Қаһарлы күндер».

E) «Сұлушаш».

10. А.Яссауидың ұстазы кім екенін анықтаңыз.

A) Баба түкті Шашты Әзиз.

B) Әбу Насыр Әл-Фараби.

C) Домалақ ана.

D) Арыстан баб.

E) Бекет ата.

11. С.Сараидің назиралық үлгіде жазылған дастаны қалай аталатынын табыңыз.

A) ’’Мұхаббат-наме’’.

B) ’’Диуани Хикмет’’.

C) ’’Хұсрау-Шырын’’.

D) ’’Хибат-ул хақайық’’.

E) ’’Гүлстан бит-турки’’.

12. Ер Төстік кімнің қырсығынан жер астына түсіп кететінін белгілеңіз.

A) Ерназар.

B) Шалқұйрық.

C) Мыстан кемпір.

D) Бекторы.

E) Темірхан.

13. Тайшық хан, Қаракөзайым, Кейқуат, Қараман атты кейіпкерлер батырлар жырының қайсысында кездесетінін белгілеңіз.

A) "Алпамыс батыр".

B) "Едіге батыр".

C) "Ер Тарғын".

D) "Қамбар батыр".

E) "Қобыланды батыр".

14. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – адал достықты жырлайтын дастан…- деген пікірдің авторын белгілеңіз.

A) С.Мұқанов.

B) Ш.Уәлиханов.

C) І.Жансүгіров.

D) М.Әуезов.

E) Н.Потанин.

15. Шалкиіз қай батырға арнап толғау шығарғанын анықтаңыз.

A) Ер Шобан.

B) Қабанбай.

C) Доспамбет.

D) Наурызбай.

E) Қарасай.

16. С.Сейфуллиннің 1922 жылы Орынборда басылып шыққан жинағын табыңыз.

A) “Тұрмыс толқынында”.

B) “Домбыра”.

C) “Асау тұлпар”.

D) “Өткен күндер”.

E) “Экспресс”.

17. Ғ.Мүсіреповтің қай әңгімесінде мал шаруашылықты аудандарды коллективтендіру және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру көрініс тапқанын анықтаңыз.

A) ’’Талпақ танау’’.

B) ’’Италия сапарынан’’.

C) ’’Қос Шалқар’’.

D) ’’Ұлпан’’.

E) ’’Ер ана’’.

18. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мәңгүрттің әкесінің есімін белгілеңіз.

A) Сұлтанбек.

B) Құнангелді.

C) Сұлтанғали.

D) Жуан-жуандар.

E) Дөненбай.

19. «Күй атасы», «Мерген» поэмаларының авторын табыңыз.

A) Ә.Тәжібаев.

B) М.Шаханов.

C) Т.Молдағалиев.

D) С.Мәуленов.

E) Т.Айбергенов.

20. Доспамбет жырау өмір сүрген ғасырды табыңыз.

A) XV-XVI ғғ.

B) XVII-XVIII ғғ.

C) IX ғ.

D) XVI-XVII ғғ.

E) XIV-XV ғғ.

21. Алтын, күміс тас болар.

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.

A) «Алдаушы жалған».

B) «Замана».

C) «Бала зары».

D) «Насихат».

E) «Зар заман».

22. Шәкәрім «Ләйлі – Мәжнүн» дастанын шығыстың қай ақынынан алып, қазақша жырлаған, белгілеңіз.

A) Хожа Хафиз.

B) Омар Хаям.

C) Фзули.

D) Науай.

E) Шәмси.

23. Сөз тұлғасын түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар деп беске бөліп қарастырған ғалымды табыңыз..

A) Ә.Қайдаров.

B) Т.Қордабаев.

C) А.Байтұрсынов.

D) М.Дулатов.

E) М.Әуезов.

24. ²Абай жолы² романындағы Абай жақсы көрген қазақтың ата кәсібін көрсетіңіз.

A) Диқаншылық, өрімшілік.

B) Етікшілік, саяхатшылық.

C) Балықшылық, егіншілік.

D) Аңшылық, саятшылық.

E) Тігіншілік, емшілік.

25. Әнші-ақындар тобына жататын азаматты белгілеңіз.

A) Абай.

B) Әміре.

C) Сара.

D) Мәди.

E) Қажымұқан.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]