Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сынып.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆
  1. Қорытындылау.

  2. Бағалау.

7-сынып

Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-н анықтау.

Жұмыстың мақсаты: денені h биіктікке көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал-жабдықтар: тақтай, динамометр, өлшеуіш таспа, ағаш білеуше, штатив.

1-тапсырма. Денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: денені h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді: А1=F1h.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F дененің ауырлық күшіне тең: F1=P.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

  1. білеуді көтеретін h биіктігін таңдап алыңдар;

  2. білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;

  3. білеуді h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

2-тапсырма. Денені көлбеу жазықтық бойымен h биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы ℓ көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1< F2), оның есесіне жлдан ұтыламыз (ℓ >h). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2=F2. ℓ

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1және А2 жұмыстары бір-біріне тең: А2= А1немесе F1h=F2. ℓ

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А1< А2.

  1. тақтайды 175-суреттегідей көлбеу орналастырыңдар;

  2. көлбеу жазықтықтың ℓ ұзындығын өлшеңдер;

  3. білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдар да, F2 тарту күшін өлшеңдер;

  4. білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

3-тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін анықтау.

Жұмыстың барысы.

Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең:

η= А1/ А2 немесе пайызбен есептесек: η= А1/ А2·100%

ПӘК-ін табу үшін:

  1. көлбеу жазықтықтың ПӘК-н есептеңдер;

  2. механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар,

  3. көлбеу жазықтықтың h биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды(пайдалы және толық) және көлбеу жазықтық ПӘК-н анықтаңдар;

  4. зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер:

реті

Көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күші, F2(Н)

Ауырлық күші, F1(Н)

Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс А2=Ғ2 (Дж)

Көлбеу жазықтық

тың ұзындығы, ℓ(м)

Көлбеу жазықтықтың биіктігі,h

(м)

Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс,

А1=F1h.

ПӘК

(%)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]