- •Зертханалық жұмыс №5 Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.
- •Жұмыстың барысы:
- •Бағалау.
- •Қорытындылау.
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Бағалау.
- •Қорытындылау.
- •Зертханалық жұмыс №2
- •10.Қорытындылау.
- •Зертханалық жұмыс №3.
- •Қорытындылау.
- •Бағалау. Зертханалық жұмыс №4
- •Бағалау.
- •Қорытындылау.
- •Бағалау.
- •Зертханалық жұмыс №7
- •Қорытындылау.
- •Бағалау.
- •Зертханалық жұмыс №8
- •Қорытындылау.
- •Бағалау.
- •Зертханалық жұмыс №1
- •Қорытындылау.
- •Бағалау.
Қорытындылау.
Бағалау.
7-сынып.
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау
Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:
Масса, m1(г)
Иін, ℓ1(см)
Күш,
F1 (Н)
Күш моменті,
М1 (Н·м)
Масса,
m 2 (г)
Иін, ℓ2(см)
Күш,
F2 (Н)
Күш моменті,
М2 (Н·м)
М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1-М2) олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу= (М1-М2): (М1+М2)/2·100%
2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;
иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:
Моң= М1+М2+...+Мn;
иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моментттерінің қосындысын анықтаңдар;
Мсол= М1+М2+...+Мк;
оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте
алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.
Қорытындылау.
Бағалау.
7-сынып.
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.
Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер.
1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құныны анықтау .
Жұмыстың барысы:
өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;
қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;
қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;
анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;
өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:
Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі
Мензурка бөлігінің құны
өлшеу қателігі
Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)
2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.
Жұмыстың барысы:
өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;
пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:
өлшейтін дене
Сұйықтың бастапқы көлемі (V1, см3)
Дене мен сұйықтың көлемі (V2, см3
Қатты дененң көлемі (V= V2- V1)
