- •«Тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор ю.А.Синявский «тағам гигиенасы» бойынша
- •Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша

- •Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А.
Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша
№15 ситуациялық есеп
Мамыр айында бала бақшадағы балалар ауыра бастады. Олардың беттері қызарып, сілекей аға бастады, артынша ауыздары құрғады. 5 балада көз қарашығы кеңейген. Балалар тез қозып, айқайлап, жүгіріп, себепсіз күле бастады. 2 балада галлюцинация және сандырақ тіркелді. Бір бала есінен танып, құрыспасы ұстады, артынша қайтыс болды.
Санитариялық-эмидемиологиялық тергеу жүргізгенде анықталғаны: балалар бала-бақша территориясында үлкен сары гүлдері бар өсімдіктерді жинап, аздап жеген.
1.Аурудың сипаты туралы қорытынды беріңіз.
2. Мектепке дейінгі мекемелердегі жүргізілетін осындай улы өсімдіктермен уланудың алдын алу шараларын атаңыз.
Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша
№ 16 ситуациялық есеп
Өскемен қаласының үлкен дүкендерінің біріне шоқыр балық (10т) партиясы келіп түсті. Балық партиясының басым бөлігі сатылып болғаннан кейін, бір жанұядан 3 адам ауырды. Қаланың санитариялық қызметі лабораториялық зерттеулердің қорытындысын алғанша осы балық партиясын таратуға тыйым салды. Лабораторияға әкелінген сынамалардан патогенді микроорганизмдер және олардың токсиндері анықталмаған соң, сатуға рұқсат берілді. Біраз уақыттан кейін тағы тамақтан улану жағадайы тіркелді. Науқас дүкеннен осы партиядан 200 г. балық алып, оның жартысын (100г) түскі тамақта жеген. 8 сағат өткен соң құсқан, жалпы әлсіздік байқалған. Бұған ентігу, ауыздың құрғауы, бас айналу қосылған. Үлкен дәреті болмаған. Келесі күні науқас ауыр халде ауруханаған жеткізілді. Дене қызуы қалыпты, пульсі жиі. Науқас көрудің нашарлануына, қосарланып көруге шағымданды. Ауруханада асқазанын шайды, көк тамырға 3-5 пайыздық глюкоза, гемодез және жүрек дәрілері енгізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, келесі күні тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болды.
1. Тамақтан уланудың этиологиясы.
2. Науқасқа қандай көмек көрсетілу қажет?
Кафедра меңгерушісі, профессор Синявский ю.А. «тағам гигиенасы» бойынша
№ 17 ситуациялық есеп
ҚазҰМУ-нің 15 адамнан тұратын бір топ студенттері 8 қаңтарда шыны ыдыстағы консервіленген баклажан сатып алды (консервінің мөлшері 3 кг). Консервілер 2 күн ішінде желінген. 2-ші күні студенттер ауыра бастады. Алғаш 3 студент ауырды. Сырқат бас ауырудан, лоқсудан, көз алдының қараюынан басталды. Кешке саливация қосылды. Ауырғандар ауруханаға жатқызылды. Осы белгілерге құлақта шудың болуы, тұманданып көру, тамақтың қысылу симптомдары қосылды. Жұтыну, сөйлеудің бұзылуы тіркелді. Ауру 9 күнге созылды, 14 күнде толық жазылды. Бұл студенттер жазылып ауруханадан шықты.
Баклажанды тұтынғаннан кейін 3-ші күні 6 студент ауырды. Оларда ауыздың құрғауы, бастың ауыруы, бастың айналуы, аяқтың әлсіздігі, көздің ауыруы тіркелді. Оларда ауруханаға жатқызылып, қажетті ем қабылдап, 6 күнде ауруханадан шықты. Қалған 6 студент 5-ші күні ауырды. Бірінші күні олар құсып, лоқсыған. Оған көңіл аудармай әрі қарай сабаққа қатысқан. Аяқ астынан 7 -ші күні бастары қатты ауырып, асқазан тұсы ауырып, аяқтарында әлсіздік пайда болғасын ауруханаға жатқызылған. Көздерінің алды торланған, диплопия, ауыздың құрғауы, жұту мен сөйлеу қиындаған, іштері ауырып, ентікпе пайда болған. Оларға жедел медициналық көмек көрсетілген. 10-шы күні толық айыққан.
1. Осы тамақтан уланудың этиологиясы
2. Қандай тамақ тамақтан уланудың себебі болып табылды?