- •Сын тұрғысынан ойлау туралы кең таралған қателіктер
- •Сын тұрғысынан ойлау дағды ретінде
- •Жалпылама дағдылар
- •Бүркемелі (жасырын) дағдылар
- •Сын тұрғысынан ойлау психикалық үдеріс ретінде
- •Сын тұрғысынан ойлау рәсім ретінде
- •Ойлау рәсім ретінде
- •I. Маңыздылығын зерделеңіз
- •Сын тұрғысынан ойлау және тәжірибе жүзіндегі педагогика
Сын тұрғысынан ойлау және тәжірибе жүзіндегі педагогика
Біз сын тұрғысынан ойлаудың үш түрлі тұжырымдамасын қарастырдық: дағдылар, үдерістер және рәсімдер. Бұлардың үшеуі де сын тұрғысынан ойлаудағы құзыреттілікке, ең алдымен, тәжірибе арқылы қол жеткізілетіні туралы ойды жеткізу үшін қолданылды. Бұл бөлімде біз дағдыларды қалыптастырудың негізі болып табылатын практикалық тәжірибені қарастырамыз, сондай-ақ үдеріске немесе рәсімдерге де назар аударылады. Никерсон және басқа авторлар (1985) ойлау дағдыларын қимыл-қозғалыс дағдыларын игерудің екі тәсіліне барабар ұқсастықта қарастырған: біріншісі бойынша – адам белгілі бір дағдыны өзінің шеберлігін арттыру үшін қолданады; екіншісі бойынша – зияткерлік күш-қуатын дұрыс бағыттай отырып, мұғалімдер жаңа оқушының тиімсіз әрекеттерін анағұрлым тиімді әрекеттерге ауыстырады. Тәжірибе айқын жетістіктерге жету сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жаттықтыру ретінде қарастырылады. Мысалы, оқушыларға көптеген салалар бойынша салыстыруды қолдануға мүмкіндік беріледі, соның нәтижесінде «салыстыру дағдылары» дамып, сын тұрғысынан ойлаудың аталған аспектісінің жақсаруына жағдай жасалады. Дегенмен, біз сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ойлау дағдыларының (жаттығулардың) жай ғана қайталануы айтарлықтай ықпал етпейтініне, оның орнына тиісті сала бойынша білімді дамыту, міндеттемелер мен стратегияларды жетілдіру, ең алдымен, қандай критерийлер мен стандарттардың релевантты екендігі туралы түсініктің қалыптасуы оң ықпал ететініне назар аударғымыз келеді. Қайталау, шынында да, бірқатар маңызды рөл ойнайды, бірақ бұл осындай білім, критерийлер, міндеттемелер мен стратегияларды дамыту тұрғысынан болса ғана. Тәжірибе туралы түсінікті нығайтатын басты болжал – сын тұрғысынан ойлау қайталау арқылы жақсартуға болатын көптеген дискретті/жекелеген дағдылардан құралады. Осыған сәйкес сын тұрғысынан ойлау дағдылары спорттық жаттығулар барысында, мысалы, ойыншының футбол ойыны матчына қатысу-қатыспауына байланыссыз, допты аяқпен тебу, баспен тебу, бір-біріне беру және т.с.с. жаттығулардың әрқайсысын орындау. Ойыншының әрқайсысы жаттығуды орындауды саналы түрде қадағалаудың қажеті болмайтындай, қалыпты дағдыға айналғанша дағдыны бекітеді.
Алайда бұл «өзінің сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру» үшін қолайлы модель емес. Спорттық дағдымен салыстырғанда сын тұрғысынан ойлау дағдысын үйренуші орындауға тырысатын міндеттің мақсаты мен міндетін түсінуден бөліп қарауға болмайды.
Мысалы, салыстыру дағдыларын жетілдіру тиісті критерийлерге сәйкес салыстыруды қалай жүргізу, айрықша жағдайларға сәйкес қалай салыстыру керек, салыстырудың мақсаттарын анықтау үшін салыстыру және т.б. білуді қамтиды.
Біз мұның алдында сын тұрғысынан ойлау белгілі бір ойлау әрекеті тұрғысынан сипатталмайтыны, салыстыру, талдап жіктеу және логикалық қорытынды жасау сияқты терминдер жалпы/әмбебап ойлау әрекетін білдіретіні және оны жаттығулар арқылы жетілдіруге болатыны туралы ешқандай дәлелді негіздердің жоқтығы туралы тұжырым жасаған болатынбыз. Біз бұл жерде сын тұрғысынан ойлаудың барлық аспектілері пайымдауды қамтитынын атап көрсетеміз, ал пайымдау кертартпа, қалыптасқан тәптіпке салынып жасалмауы тиіс. Шеффлер (1965: 103), шахматқа қатысты осындай пікірді білдіреді: «Сын тұрғысынан ойлау стратегиялық пайымдауға түрткі болады және өзінен-өзі іске асырылмайды. Шахмат ойнауды қарапайым жаттығудың нәтижесі ретінде қарастыру қателік болар еді, сондай-ақ бір ойынды қайталап ойнау немесе ойындағы әрекеттерді қайталай беру ойыншының шахмат ойнауын жақсартады деп санау жаңылысу болар еді. Мұндай жағдайда, әсіресе, шахмат ойынында әрекетті жетілдіру стратегиялық пайымдауды дамыту арқылы іске асады, мұндай пайымдауға алуан түрлі ойындардың ішінен тиісті нәтижені бағалауға және мұндай бағалаудың баламалы қағидаттар мен стратегияларын таңдауға барынша мол мүмкіндік берілуі тиіс деген ұйғарым жасауға болады.
Тәжірибе жүзінде жаттығуды қолдану пайдалы болатын салаларды, мәселен, көркем дүниені орындауды сараптау тиімді тәжірибенің жай ғана қайталаудан гөрі беретіні анағұрлым көп екендігін айқын көрсетеді. Фортепьянода ойнауға жаттығу шығарманы бір ғана мәнерде үздіксіз қайталау дегенді білдірмейді, орындауда аса мұқият болып, өз қателіктерін түзетуге және сапалы орындау көрсеткіштеріне сай болу үшін орындау деңгейін жақсартуға тырысуды қамтиды.
Дьюи (1964: 201) жай ғана скрипка ішектерінен ысқымен жүргізу арқылы скрипкашы бола бермейді деген пікір айтады.
Бұл – тәжірибеге, жай ғана тәжірибенің емес, өз ісінің шеберін және көркем суреткер адамды қалыптастыратын тәжірибеге берілген анықтама. Егер тәжірибе тиімді қағидаттарға, фактілерді және олардың мән-мағынасын түсінуге негізделмесе, «тәжірибе» жай ғана дұрыс емес әркеттердің қате дағдыларды қалыптастыруына алып келеді. Говардтың (1982: 161, 162) тұжырымы бойынша, тәжірибе – жай ғана қайталау емес, «алуан түрлі проблемаларды шешу сияқты белгілі бір мақсаттар үшін» немесе «меңгерілген дағдыларды жақсарту үшін» қайталау болып табылады және ол «бірқатар іске асыру критерийлеріне сәйкес» қызметті меңгеру деңгейі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Осылайша ол: «Үзіндіні жаттанды түрде қайталаудың орнына әркім айрықша мақсаттар үшін, мәселен, шапшаңдық, қарама-қайшылық немесе тепе-теңдікке қол жеткізуге ұмтылады. Жүйелі түрде қайталау қозғаушы әрекеттерді енжар қабылдауды емес, аталған мақсаттарға жетуде ілгерілеуді қамтамасыз етеді».
Бұл жағдайда сын тұрғысынан ойлауды қалайша барынша тиімді дамытуға болатыны және оны дамытуда тәжірибенің рөлі қандай екендігі туралы сұрақ туындайды. Біз пайымдау сапасы ойлауды сын тұрғысынан ойлау ретінде сипаттайтыны туралы тұжырым жасадық. Демек, барынша сын тұрғысынан ойлауға ниеттенген ойшыл болу үшін, әркім сапалы логикалық пайымдау деген түсінікке не жататынын түсінуі керек және сапалы пайымдауды қолдану мен қарастыруға қатысты міндеттемелері болуы керек. Мұндай түсінік үшін қажетті білім қарастырылатын мәнмәтінге қатысты салалық білімді, жалпылама және мамандандырылған салалар бойынша дәлелдемелер мен зерттеулердің қағидаттары мен стандарттарын білуді, сын тұрғысындағы түсініктерді білуді және тиісті стратегиялар мен эвристиканы білуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлауға ниеттенген ойшыл болу үшін қажетті ақыл-ой дағдыларының түрлері, міндеттемелер мен сезімталдық әділдік, бейтараптық, шындыққа ұмтылу, талаптану, сондай-ақ жоғары сапалы өнімдер мен әрекеттерге құрметпен қарау сияқты қасиеттерді қамтиды. Демек, сын тұрғысынан ойлауды тәрбиелеу осы сияқты білімдер мен міндеттемелерді дамытуды қамтитын болады.
Мұндай дамуға ықпал ету үшін көптеген тәсілдерді қолдануға болады, оның ішінде тікелей оқытуды, үлгілеуші мұғалімді, сын тұрғысынан ойлауды бағалайтын және тәрбиелейтін білім беру ортасын құруды, оқушыларға маңызды проблемалар бойынша сын тұрғысынан ойлауға және кері байланыс жасауға жиі мүмкіндік беруді қамтиды. Тәжірибе де маңызды болуы мүмкін, алайда бұл тәжірибенің дағдыны, үдерісті немесе рәсімді жай ғана қайталау түрінде болмауы керектігі ескерілуі тиіс. Мұндай тәжірибе негізінен жоғарыда жалпылама сипатталған түрді және бұл білімді әртүрлі жағдайларда қолдану арқылы сын тұрғысынан пайымдауды дамытуды қамтиды. Сондай-ақ ол оқушы тарапынан орындаудың белгіленген критерийлеріне сәйкес өз білімін жетілдіруге ұмтылуды, жиі кері байланысты және ойлаудың сапасына қатысты бағалауды қамтиды.
