Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.3.ДӘРІСТІК КЕШЕН 07.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199 Кб
Скачать
☆

3. Дәріс жоспары және тезисі:

Бәсекелестік – тиімді салым жасалатын, өткізу нарығы болып табылатын тауар өндірушілер арасындағы сайыс. Бәсекелестік қоғам өмірінде маңызды орын алады. Ол қызметті ынталандырушы болып табылады. Ол арқылы тауар өндірушілер бір – бірін бақылап отырады. Олардың тұтынушы үшін күресі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығындарының төмендеуіне, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми- техникалық прогрестің күшейуіне әкеледі.

Батыстың экономикалық әдебиеттерінде бәсекелестікті жетілген және жетілмеген бәсеке түрлеріне бөледі. Жетілген бәсеке – бұл өнімнің бір түрін өндіретін көптеген өндірушілер арасындағы бәсекелестік. Жетілмеген бәсеке мемлекеттің нарыққа активті түрде әсер ету күші негізінде пайда болады. Жетілген бәсекеге қарағанда бұл монополия мен мемлекет әсерімен шектеледі.

Ақша түрінде негізделген өндіріс құралдары өндіріс қорлары деп аталады. Негізгі және айналым қорлары бар. Негізгі қор болып- өндіріс процесіне қатысатын, өндірістің көп циклінде қызмет ететін, сонымен қатар өзінің натуралды түрін сақтап қалатын еңбек құралдары табылады. Айналым қорлары- бұл өндіріс процесінде бір рет қана қолданылатын, өзінің натуралды түрін жоғалтатын еңбек құралы болып табылады.

Өндіріске және қызметтерді өткізуге кететін өндіріс факторларының шығындары өндіріс шығындары деп аталады. Шығындардың көптеген түрлері бар. Тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, орташа шығындар.

4. Көрнекі материал: лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

5. Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

  2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2005ж

  3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2006г.

  4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  5. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

4.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

8. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

9. Видяпин В.И., Добрынин А.И., Журавлева Г.П. и др. Экономическая теория-М., 2007.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Бәсекелестік дегеніміз не? Және экономикалық жүйенің қандай түріне тән?

  2. Монополия дегеніміз не?

  3. Экономисттер бәсекелестік нарықтың қандай түрлерін анықтайды?

  4. Неліктен өндіріс шығындарын «тұрақты» және «өзгермелі» деп бөледі?

  5. Негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы.

  6. Негізгі қорлардың қандай түрлерін білесіз?

  7. Негізгі қорлардың амортизациясы дегеніміз не?

  8. Өндірістің айналым қорлары дегеніміз не?

  9. Айналым қорларының қандай түрлері бар?

  10. Айналым қорларының қайнар көзі не болып табылады?

1. Тақырып: Өндіріс факторларынан түске табыс.

2. Мақсат: Пайданың экономикалық табиғаты мен факторлары, және оның көлемімен танысу. Еңбекақы төлеу жүйесінің эволюциясын, формалары мен түрлерін оқу. Пайызды капиталға түсетін табыс екенін көрсету. Жер рентасын анықтау және ҚР- ғы аграрлық қатынастарды талдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]