Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.3.ДӘРІСТІК КЕШЕН 07.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199 Кб
Скачать
☆

5. Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997ж.

  2. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы. 2005ж

  3. Қазақстан республикасының Президентінің Назарбаев Н.А. халыққа Жолдауы- Астана, 2006г.

  4. Назарбаев Н.А.- Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана-28 ақпан 2007ж.

  5. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-А., 2003ж.

6. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж.

7. Мамедов О.Ю. Современная экономика. Ростов н/Дону. 1996.

8.Николаева И.П. Экономическая теория. Учебник.М., 1998.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Макроэкономикалық тұрақтылық дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсімге анықтама беріңіз.

  3. Қандай экономикалық өсу түрі үлкен халықшаруашылық нәтиже береді?

  4. Қоғамдық экономикалық өсудің жаңа жүйесі қандай түсінік береді?

  5. Егер ЖҰӨ көлемі тұрғындар санына қарағанда қарқынды өссе, онда жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі қандай болады? Түсіндіріңіз.

  6. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды атаңыз.

  7. Экономикалық өсудің позитвті және негативті жақтарын анықтаңыз.

  8. ҚР–ң экономикалық саясатының артықшылық бағыттарын көрсетіңіз.

  9. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу қалай жүргізіледі?

1. Тақырып: Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.

2. Мақсат: Экономикалық цикл түсінігімен танысу. Дағдарыс, тоқырау, тірілу, өрлеу түсініктерін оқу.

Инфляция экономикалық көріністің мәні ретінде, оның пайда болу себептері мен дамуына тоқталып қарастыру. Жұмыссыздықтың себептері мен түрлеріне түсініктеме беріп өту.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

Жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі экономиканың циклдық дамуы болып табылады. Бұл тоқырау кезінде өнім көлемі төмендеп, еңбекке сұраныстың төмендеуіне және жалпы жұмыссыздыққа әкеледі.

Өрлеу кезеңінде фирма мен кәсіпорындардың өніміне сұраныс ұлғайғанда жұмыс орындарының көбеюіне әкеледі. Банкрот жағыдайына, өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты жаппай жұмыс күшін қысқарту кезіндегі экономикалық кризистер жұмыссыздықтың себептері болып табылады.

Жұмыссыздықтың фрикциондық, құрылымдық және циклдық түрлері бар.

Инфляция ақша тарихы сияқты XVII ғасырда пайда болды деп санауға болады. Тауарлы шаруашылықтың ерте кезеңдерінде ақша ретінде монеталар жүргізілген кезде инфляция олардың құнсызданғанында көрінді. Қағаз ақша пайда болуынан бастап монета- ақшалық инфляция орынына қағаз ақша инфляция келді. Инфляция алтынға, тауарға, шетел валюталарына деген қатынасы бойынша ақшаның құнсыздануы болып табылады. Инфляцияның сыртқы және ішкі факторларын ерекше атап айтуға болады.

Дүние жүзілік экономикалық теория және тәжірибесінде инфляцияның екі түрін атап өтуге болады: сұраныс және ұсыныс. Инфляцияның формасын белгілі бір себептерге байланысты болады. Егер ондай себеп ретінде инфляцияның қарқынын алып қарастыратын болсақ қарқынды инфляцияны айтуға болады (баға өсімі жылына 10% құрайды); галопирлік инфляция (баға өсімі 10 нан 200% дейін құрайды); суперинфляция (айына 50% құрайды). Күту теориясы бойынша инфляцияның күтілген және күтілмеген түрлерін атап өтуге болады. Қамту көлемі бойынша жергілікті және дүниежүзілік болып бөлінеді. Ағымдық сипаты бойынша ашық және басыңқы инфляция түрлерін атап айтуға болады.

4. Көрнекі материал: лекцияны мультимедиялық тәсілде көрсету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]