- •Жобалауға арналған бастапқы мәлімет
- •Өнімнің сипаттамасы(номенклатурасы)
- •1.2 Жобалық өнімділік
- •1.3 Өндірістің жұмыс режимі. Өндірістік бағдарлама
- •Бұйымды өндіру әдісін таңдау
- •1.5 Бетонды ерітінді араласпасы, арматуралық элементтер, материалдармен жартылай өнімдердің технологиялық сипаттамасы
- •Өндірістің технологиялық схемасы
- •2.1 Тізбекті жұмыс жасауының графикалық схемасын сипаттау
- •2.2 Қалыптау жабдығының технологиялық сипаттамасы
- •2.3 Жылу агрегаттарының технологиялық сипаттамасы
- •4.3 Жылу агрегаттар саны
- •4.4 Бұйымды цехта ұстау постының санын есептеу
- •4.5 Қалыптың қажетті саны
- •4.6 Краннын санын есептеу
- •4.7 Өндірістік жабдықтың біртұтас сипаттамасы
- •4.8 Бетонды ерітінді араласпа немесе материалдың қажеттілігі
- •4.9 Технологиялық будың есебі
- •4.10 Өндірістік бригада құрамы және квалификациясы
- •Құрылыстың технологиялық шешімі
- •Өндірістік ғимараттың типі
- •5.2 Технологиялық жабдықтармен құрылыста орналасу принципі
- •6 Өндірістік процесстерді ұйымдастыру
- •6.1 Технологиялық және транспорттық жабдықтың жұмыс жасау циклограммасы
- •6.2 Өндірісті технологиялық бақылау
- •6.3 Техника қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бұйымды өндіру әдісін таңдау
Тізбектердің типтері мен санын бұйымның берілген номенклатурасы мен кәсіпорын қуаттылығына байланысты таңдайды. Технологиялық тізбектер мен жабдықтарды таңдау, қалыптау және нығыздау процесінде бұйымдардың конструктивті және технологиялық параметрлерінің үйлесу дәрежесін таңдаудан басталады. Көптеген темірбетон үшін мына параметрлер ескеріледі:
Бетон түрі мен маркасы;
Бұйым қалпы мен қима сипаты;
Геометриялық өлшемдері мен одан ауытқуы;
Арматуралау түрі;
Арматура және салатын бөлшектерінің қаныққандығы;
Бұйым массасы мен бет тазалығы;
Осы көрсеткіштер бойынша бұйымды топтарға біріктіру жүргізіледі. Жүргізілген талдаудың негізінде конструкциялық біртекті топтарын кәсіпорынның қалыптаушы тізбектеріне байланыстырады. Кейін өндірістің мүмкін болатын тәсілдерін технологиялық варианттарын анықтайды. Олардың алдын- ала технико-экономикалық бағалануын жүргізеді. Алынған көрсеткіштердің негізінде тізбекті таңдап алып, жылдық өнімділікті анықтайды және алдында қабылданған көрсеткіштерді түзетеді.
Темірбетон бұйымдарын өндіру үш негізгі технологиялық тізбектермен ұйымдастырылған. Менің жобамда қабырғалы жабынды тақта өндіру үшін өте айналымдылығы жоғары және жоғары деңгейде механикаландырылған технология конвейерлік әдісті таңдаймын.
1.5 Бетонды ерітінді араласпасы, арматуралық элементтер, материалдармен жартылай өнімдердің технологиялық сипаттамасы
Жабынаралық тақталарды дайындау үшін болат арматура, беріктігі жоғары цемент, су, құм және аязға төзімді қиыршық тас, майламдар қажет.
Цемент. Қабырғалы жабынаралық тақта өндіру үшін сумен өте активті әрекеттесетін үш кальцийлі силикатты (С3S) нормаланған клинкер негізінде дайындалған портдандцементті қолданған жөн. Ол тез қатайып мықтылығын қарқынды дамытады. Осы себепті клинкер С3S көп болған сайын цементтің қатаюы және мықтылығының өсу процестері үдемелі болады. Қабырғалы жабынаралық тақта үшін қолданылатын цемент типі: ПЦ 400-Д20-Н.
Мұндағы, Д20 – портландцемент құрамында ең көп деңгейде қосымшаның болуы (20 %);
Н – нормаланған клинкер құрамы негізінде алынған цемент белгісі. Портландцементінің уақыт ұстамдылығы 2 сағаттан ерте болмауы керек.
Тас. Бетон маркасы М300-ден жоғары болғандықтан, қиыршық тастың цилиндрдегі ұсақтығы 8-ге тең болады. Солай қиыршық тастың маркасы М800-ге тең. Қиыршық тастың сынау кезіндегі құрғақ күйіндегі салмағын жоғалтуы 9-10 болады. Ал суға қаныққан күйіндегі ұсақтығы 12-14-ке тең. Қабырғалы жабынаралық тақта үшін 5-20 мм қиыршықтас фракцияларын қоспасын қолданылады.
Тығыз құм. Ауыр бетон үшін қолданылатын құмдар табиғи күйінде сақталатын, ұсақталған және ұсақталған фракциялар болып бөлінеді. Құмның түйіршіктік құрамы ірілік модулімен анықталады.
Мк=
,
%
Ұсақ толтырғыштарға түйіршіктерінің диаметрі 0,14-5мм аралығындағы құм жатады. М300 және одан жоғары бетондар үшін орташа тығыздығы 1500кг/м3 кем емес құмды пайдаланған жөн. Ол үшін құм түйіршіктері арасындағы қуысты азайту қажет. Сондықтан құм құрамындағы әр мөлшерлі түйірлі болуы тиіс. Құм түйіршіктерінің мөлшері оның стандартты елеуіштер жиынтығынан өткізу арқылы анықталады.
1.3 - кесте
Құмның түйіршік құрамы
Құмның топтары |
Електе қалған қалдық № 0,63 |
Мірі |
Орташа |
30...50 |
2,5...2 |
Су-бетон араласпасын дайындағанда су құбырындағы және кез-келген судың су көрсеткіші 4-тен кем емес көрсететін қышқыл емес, лакмус қағазын қызыл түске боямайтын болу қажет. Су құрамында 2700 кг/л астам сульфат және барлық тұздар 500 кг/л. Судың жарамдылығын күдікті жағдайда бетон араласпасын дайындауда оны салыстыру тәжірибесінде тексеріп көру керек.
Сондай-ақ бетон араласпасын дайындауда теңіз және басқа тұздарды қолдануға болады.
Темiрбетон конструкцияларың арматуралау үшiн тегiс және класстарды А-І, А-ІІ, А-ІІІ мерзiмдiк кескiндi ыстықтай соғылған дөңгелек болат қолданылады.
Эмульсия майламдары. Қышқыл синтетикалық эмульсия ЭКС негізінде дайындалған су майлы, эмульсиялық майламдар ең төзімді және тиімді. Эмульсол – кубтық қалдық (5 %) түріндегі ұршық біліктің майы (95 %) мен жоғары молекулярлы синтетикалық қышқылдардың қоспасынан алынған күңгірт – қоңыр түсті сұйықтық.
Автоклавты өңдеуге ұшырайтын бұйымдары бар қалыптарға құрамында 5 % - тік ЭКС бар эмульсиялық майламдар жағу керек.
Эмульсиялық майламдар механикалық немесе ультрадыбысты эмульгаторларда әзірленеді. Тура эмульсияны дайындау үшін су құйылып 40…500С температураға дейін қыздырылады, содан кейін қосып, 3…4 минут араластырған соң эмульсолды қосады. Дайын болған эмульсия 3 сағаттай тұрақты болады, сондықтан оны 2 сағат сайын араластырып отыру керек. Эмульсиялық майламмен майланған қалыптар тазалаусыз 20…25 рет айналады.
Эмульсиялық майламның, әсіресе ЭО–2 қасиеті қалыптың қабырғаларына жабысып қалған бетон мен ерітіндінің қалдықтары оңай алынып қалатындығында жатыр. Осыған байланысты қалыпты тазалауды қалыптың әрбір айналымнан кейін сығылған ауаның ағынымен қалыпты тазалауды қалыптың әрбір айналымынан кейін сығылған ауаның ағынымен қалыпты үрлеу арқылы жүзеге асырады. Сапасы жоғары майламдарда қолдану кезінде қырғыштар мен металл қылсүрткілердің көмегімен профилактикалық тазалауды жылына бірнеше рет жүргізсе жеткілікті. Ол үшін айналып тұратын болат қылсүрткілері немесе ұштарында кардотаспалары бар тасымалдау электр аспабын, ал үлкен беттер үшін қалыптың бар еніне жететін қылсүрткілі дискісі бар айналмалы біліктерді қолданады.
Бетон араласпасының құрамын жобалау
Бетон құрамын анықтаған кезде бастапқы шығынын 1м3 бетонға бетон араласпасына берілген ыңғайлы қалыптығы және бетонның қажетті беріктігі, ал кей кезде берілген аязға төзімділігіі, су өткізгіштігі және басқа қасиеттері қолданылады. Яғни бастапқы материалдың 1м3 бетондағы абсолют көлемі
V = 1-ге жуық болуы керек:
Ц /γц + Су + Қ/γқ + Т/γт =1 (1.2)
Мбетон = 300 – R28
Мцемент =400 – Rц
Ең ірі тас – 20 мм
γт – 2600 кг/м3
ρт – 1480 кг/м3
γқ – 2630 кг/м3
Бетон араласпасының қаттылық –20 с
Қуыстылығы
Қ = ( 1 - ρт / γт) ∙ 100% (1.3)
Қ = ( 1 - 1,48 / 2,6) ∙ 100% = 43%
А = 0,6
А - толтырғыштар сапасының коэффициенті
Су = 157 кг
Су мөлшері ыңғайлы жайылуға, жылжымалылықтың қатуына байланысты график бойынша анықталады.
α = 1,36
α – түйіршіктердің жылжымалық коэффициенті
С / Ц = А ∙ Rц / R28 + 0,5 ∙ А ∙ Rц (1.4)
С / Ц = 0,6 ∙ 400 / 300 + 0,5 ∙ 0,6 ∙ 400 = 0,57
Цементтің 1 м3 бетондағы шығымы келесі формуламен анықталады:
Ц = Су / С / Ц (1.5)
Ц = 157 / 0,57 = 275 кг/м3
Т = 1000 / Қ / ρт ∙ α + 1 / γт (1.6)
Т = 1000 / 0,43 / 1,48 ∙ 1,36 + 1 / 2,6 = 1000 / 0,779 = 1284 кг/м3
Қ = [ 1000 – (Ц / γц + Су + Т / γт ) ] ∙ γқ (1.7)
Қ = [ 1000 – ( 275 / 3,1 + 157 + 1284 / 2,6) ] ∙ 2,63 = 685 кг/м3
Ц /γц + Су + Қ/γқ + Т/γт =1
275/3100 + 0,157 + 685 / 2630 + 1284 / 2630 =1
275 + 157 +1284 +685 = 2401 кг/м3
