- •Жобалауға арналған бастапқы мәлімет
- •Өнімнің сипаттамасы(номенклатурасы)
- •1.2 Жобалық өнімділік
- •1.3 Өндірістің жұмыс режимі. Өндірістік бағдарлама
- •Бұйымды өндіру әдісін таңдау
- •1.5 Бетонды ерітінді араласпасы, арматуралық элементтер, материалдармен жартылай өнімдердің технологиялық сипаттамасы
- •Өндірістің технологиялық схемасы
- •2.1 Тізбекті жұмыс жасауының графикалық схемасын сипаттау
- •2.2 Қалыптау жабдығының технологиялық сипаттамасы
- •2.3 Жылу агрегаттарының технологиялық сипаттамасы
- •4.3 Жылу агрегаттар саны
- •4.4 Бұйымды цехта ұстау постының санын есептеу
- •4.5 Қалыптың қажетті саны
- •4.6 Краннын санын есептеу
- •4.7 Өндірістік жабдықтың біртұтас сипаттамасы
- •4.8 Бетонды ерітінді араласпа немесе материалдың қажеттілігі
- •4.9 Технологиялық будың есебі
- •4.10 Өндірістік бригада құрамы және квалификациясы
- •Құрылыстың технологиялық шешімі
- •Өндірістік ғимараттың типі
- •5.2 Технологиялық жабдықтармен құрылыста орналасу принципі
- •6 Өндірістік процесстерді ұйымдастыру
- •6.1 Технологиялық және транспорттық жабдықтың жұмыс жасау циклограммасы
- •6.2 Өндірісті технологиялық бақылау
- •6.3 Техника қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Қалыптау жабдығының технологиялық сипаттамасы
Дірілді алаң-бұл бетон, темірбетон тақталары, панельдер, блоктар өндірісі үшін бетон қоспаларын нығыздауға арналған арнайы машина болып табылады. Виброалаңды қолдану бетоннан жасалған бұйымдардың эксплуатациялық мерзімін ұлғайтады және олардың қауіпсіздігін және беріктігін қамтамасыз етеді. Ұл бетондарды нығыздауға арналған машиналардың арасындағы ең тараған түрі болып табылады.
1.3- сурет. Дірілді алаң
Бетон төсегіш. Бетон төсегіш төрт дөңгелекке сүйенетін, оның екеуі келетін дөңгелек,дәнекерлейтін жақтаудан тұрады. Жақтауға берік болып бункер жабыстырылған , ал оның төменгі жағына ленталы қоректендргіш ілінген. Бункердің алдыңғы қабырғасы, жапқыш және екі шеткі айналмалы қабырғалары жинаушыны құрайды. Жинаушының шығатын жарықтарының өлшемдері қолмен басқарылатын жапқышпен бақыланып тұрады. Жапқыштың жетегі тұтқадан, винтті жібергіштен және тетік жүйесінен тұрады. Бетон төсегіштің қозғалу тетігі екі жылдамдықты электр қозғалтқыштан, екі баспалдақты цилиндрлі редуктордан тұрады.
Ленталы қоректендіргіш негізгі және тартпа барабан бекітілген жақтау болып табылады. Барабандарға ені 2000 мм болатын шексіз лента ілінген. Лентаның жоғарағы жағы металл бетке сүйенеді.Қоректендіргіштің жапқышы электр қозғалтқыштан, редуктордан, цилиндрлі тісті бергіштен тұрады.
Электр қозғалтқыштың белгіленген қуаттылығы- 7.3 кВт. Бетон төсегіштің қозғалу жылдамдығы 0.17-0.25 м/с, қоректендіргіштің лентасының қозғалысының жылдамдығы 0.1 м/с. Бункердің сыйымдылығы 1,7 м3.
Конвейерлі өндіру схемасында ленталы қоректендіргіштері бар бетон төсегіштер қолданылады. Олар жоғарыда келтірілген бетон төсегіштер сияқты. Айналалы ленталы қоректендіргіші бар бетон төсегіш дәнекерленген тірек арбадан, айналмалы платформадан және ленталы қоректендіргіштен тұрады.Арба қозғалғыш төрт дөңгелектен тұрады. Оған бетон төсегіштің қозғалысының жапқышы, платформаның жапқыш айналымы орнатылған. Бетон төсегіштің жапқыш қозғалысы электр қозғалтқыштан,екі баспалдақты цилиндрлі редуктордан және тісті бергіштен тұрады.
Платформа айналымы жүк арба арқылы жүзеге асырылады. Ол электр қозғалтқыштан редукторға дейін жмыс істеп тұрады. Айналмалы платформа металл дәнекерленген жақтаудан тұрады. Оған вибраторы бар қабылдау бункері ілінген. Айналмалы платформа жақтауына қоректендіргіш жапқышы, жүк көтергіш жабдықтың жапқышы және басқару тетігі орнатылған.
Бетон төсегішті өздігінен жүретін бункерден қоспамен толтырады. Бетон төсегіштің өнімділігі 0,17м3/с. Электр қозғалтқыштың белгіленген қуаттылығы 10,7 кВт. Қабылдау бункерінің сыйымдылығы 1,8 м3.
Бетон төсегіштің орын ауыстыру жылдамдығы 0,2 м-с. Қоректендіргіштің лентасының жылдамдығы 0,1м-с.
1.4—сурет. Бетон төсегіш
Бетон үлестіруші БРК-13 бетон қоспасын қолдану орнына үлестіруге арналған. Бетон үлестіруші БРК-13 айналмалы стреласынан, бетондаушыдан, қарсылық күшінің корзинасынан, жабдықтарды тік жағдайға әкелу жабдығынан тұрады.
1.5-сурет. Бетон үлестіруші
