Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 4 ОСД.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

4.7 Сурет. Бульдозердің принципиалды сұлбасы:

1 – трактор, 2 – пышағы бар қайырма, 3 – гидроцилиндр

4.8 Сурет. Топырақты ор түрінде қазу

тартқыш 1, қақпағы 3 және буферлі қондырғысы бар 4 шөміш 2. Тіркемелі және жартылай тіркемелі скреперлерде ұстасу қондырғысы 5, ал өздігінен жүретіндерде күштік агрегат 6 болады.

Скреперлермен қабат қалыңдығы 0,5-0,8 м болатын ойықтарды қазады. Топырақты қалыңдығы 0,25-0,35 м болатын көлденең қабат түрінде себеді, содан соң оларды нығыздайды. Тасымалдау қашықтығы 5 км дейін. Скрепердің қозғалыс сұлбасы қазымның орналасуына және топырақты үю орнына байланысты таңдалады. Қозғалыс сұлбасы таңдалған кезде мынадай шарттар сақталуы тиіс:

- скрепер жолы мейілінше қысқа болуы тиіс;

- айналым саны мейілінше аз болуы тиіс;

- көтерілу биіктіктері ең төмен болуы тиіс;

- бұрылыстардан өткен кезде шөміштің бос болуы тиіс.

Ойықтар мен орларды қазған кезде немесе үйінділерді төккен кезде скрепер жүрісі эллипс, сегіз саны, спираль тәрізді болуы мүмкін (4.11 сурет).

4.9 Сурет. Топырақты кесу сұлбасы:

а – қалыңдығы бірдей жаңқалар, б – сына тәрізді жаңқалар,

в – тарамдалған жаңқалар

Топырақты кесу әдісіне қарай скрепер шөміші толтырылады. Топырақты бульдозермен қазған кезде де кесудің үш әдісі таңдалады – қалыңдығы бірдей, сына және тарамдалған кескінді жаңқалар. Топырақты жұқа жаңқалы етіп кесу тиімсіз болып табылады, өйткені кесу үрдісінің басында шөміш бос болған кезде скрепердің толық қуаты пайдаланылмайды, жинау жолы ұзарып, өнімділігі төмендейді. Сына тәрізді жаңқалы етіп кесу шөмішті толтыру жолын азайтады және ең өнімді болып табылады. Жаңқаның максималды қалыңдығы – 15-30 см. Ауыр топырақтарда жұмыс өнімділігін арттыру үшін топырақты алдын-ала қопсытып алады немесе топырақты жинау бөліктерінде қосымша тракторлар итергіштер мен тартқыштар қолданылады.

Жолды кескіндеу, топырақты 25 м-ге дейін тасымалдау, су бұрмалары қондырғыларының орлары мен аласа үйінділерді жасаған кезде грейдерлер қолданылады, олар тіркемелі және өздігінен жүретін болып бөлінеді (автогрейдерлер). Ең көп қолданылатыны автогрейдерлер (4.12 сурет). Автогрейдер күштік қондырғыдан (1), рамадан (2), жүріс бөлігінен (3), жұмыс жабдығынан (4) тұрады. Жұмыс жабдығы айналмалы екі бағытты көтергіш пышақ болып келдеді. Сондай-ақ олар ауыспалы жабдықтармен - қар тазалағыш, откосник, кирковщиктермен жабдықталады.

Автогрейдер үйіндісі машина осіне бұрышпен және жол осіне көтеріліп орналасады. Автогрейдер қозғалыс жасағанда топырақты кеседі және оны жолдың ортасына дейін тасымалдайды. Белгілі-бір жүріс ұзындығынан кейін автогрейдер жолдың екінші жағына орын ауыстырып, топырақты кері бағытта қаза бастайды.

4.10 Сурет. Скреперлер: а – тіркемелі; б – жартылай тіркемелі; в – өздігінен жүретін

1 – тартқыш, 2 – шөміш, 3 – қақпақ, 4 – буферлі қондырғы, 5 – ұстасу қондырғысы,

6 – күштік агрегат

4.11 Сурет. Топырақты қазу кезіндегі скрепердің жүріс сұлбасы:

а – эллипс; б – восьмерка; в – спираль;

г – восьмерка поперек разработки

4.12 Сурет. Грейдер:

1 – күштік қондырғы, 2 – рама, 3 – жүріс бөлігі,

4 – жұмыс жабдығы