- •Дәріс конспектілері
- •Топырақты игеру технологиясы
- •4.1. Жер жұмыстары және жер құрылымдары
- •4.2. Топырақтың жіктелуі және жер құрылғыларының орнықтылығы
- •4.3. Топырақты механикалық әдіспен өңдеу
- •4.3.1. Топырақты жер қазу және тасымалдау машиналарымен өңдеу
- •4.10 Сурет. Скреперлер: а – тіркемелі; б – жартылай тіркемелі; в – өздігінен жүретін
- •4.11 Сурет. Топырақты қазу кезіндегі скрепердің жүріс сұлбасы:
- •4.12 Сурет. Грейдер:
- •4.7 Сурет. Бульдозердің принципиалды сұлбасы:
- •4.8 Сурет. Топырақты ор түрінде қазу
- •4.9 Сурет. Топырақты кесу сұлбасы:
- •4.3.2. Топырақты кешенді механикалық әдіспен өңдеу
- •4.15 А, б, в - сурет. Циклді әсердегі экскаваторлардың жұмыс жабдығы:
- •4.16 Сурет. Қазаншұңқырлар мен орларды қазу:
- •4.4. Экскаваторларға қажетті машиналарды таңдау
- •4.5. Жұмыс көлемін есептеу
4.16 Сурет. Қазаншұңқырлар мен орларды қазу:
а – маңдайша қазыммен; б – бүйірлік қазыммен
4.4. Экскаваторларға қажетті машиналарды таңдау
Автомашиналарды таңдаған кезде мынадай үш шарт орындалуы тиіс:
Автомашинаның жүк көтергіштігі топырақ массасына сәйкес келуі шарт
G = gK, (4.1)
g = VK
мұндағы G –автомашинаның жүк көтергіштігі, т;
g – бір шөміштегі топырақ массасы, т;
– топырақ тығыздығы, т/м3;
VK – бір шөміштің көлемі, м3;
К – бүтін сан (4-7);
2) шанақ көлемі – шөміш санына топырақ көлемінің көбейтіндісі:
Vк.а. = VKК·Кп , (4.2)
мұндағы Vк.а. – автомашина шанағының көлемі, м3;
VK – шөміш көлемі, м3;
Кп - топырақты алғашқы қопсыту коэффициенті;
3) автомашинаның өнімділігі – экскаватор өнімділігі. Автомашина саны толық бүтін санға дейін дөңгелектенеді:
мұндағы ПЭ –экскаватордың өнімділігі, м3/ауысым;
Па –автомашинаның өнімділігі, м3/ауысым;
мұндағы Т = 480 – ауысым ұзақтығы, мин.;
V – шөміштің геометриялық сыйымдылығы, м3;
Тц – цикл ұзақтығы, мин.;
Ке – 0,5-0,9 – шөміш сыйымдылығын пайдалану коэффициенті (бір экскавация кезінде қазылатын тығыз жағдайдағы топырақ көлемінің шөміш сыйымдылығына қатынасы);
Кв = 0,56-0,79 – ауысымдағы уақыт бойынша экскавторды пайдалану коэффициенті.
4.5. Жұмыс көлемін есептеу
Топырақтың көлденең қимасы тең қабырғалы үшбұрыш тәрізді (4.17 сурет) болып келеді, оның ауданы мынаған тең:
F = 0,5 A0 h0 , (4.5)
Немесе үйінді биіктігі аз болған жағдайда трапеция тәрізді, оның ауданы:
F = 0,5 (A0 + a0 ) h0 , (4.6)
мұндағы A0 – трапецияның төменгі негізі;
a0 – трапецияның жоғарғы негізі;
h0 – топырақтың көлденең қимасының биіктігі.
Көрсетілген параметрлерді біле отырып, жер жұмыстарының көлемін анықтауға болады. Жер жұмыстарының көлемі куб метрмен өлшенеді.
Ұзартылған жер имаратының жұмыс көлемін анықтау үшін (4.18 сурет) имарттың бойлық кескіні бірнеше бөліктерге бөлінеді - рельеф еңісінің немесе жоба кескінінің өзгеру нүктелері.
Әрбір бөліктің шегінде имараттың геометриялық формасы призматоид (4.19 сурет) тәрізді болады, егер ұзындығы 50 м дейін болса, және биіктігі 0,5 м болса, оның ауданы мына формула бойынша анықталады:
4.17 сурет. Топырақтың көлденең қимасы
4.18 сурет. Жер имаратының бойлық кескіні
4.19 сурет. Призматоидтың есепті параметрлері
V = 0,5 (F1 + F2 )l, (4.6)
мұндағы F1 және F2 – призматоидтың бірінші және екінші бүйір беттерінің көлденең қималарының ауданы;
L –призматоид ұзындығы.
Имараттың толық ауданын анықтау үшін жеке призматоидтардың көлемдері қосылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Жер имараттарының түрлері. Ойықтар мен үйінділердің көлденең қималарының элементтері.
Жер имараттарының құлама еңістерінің беріктігі қалай орнатылады?
Құрылыс топырақтарының түрлері және сипаттамалары.
Жер құрылғыларының тік қабырғаларын уақытша бекіту.
Топырақты жер қазу, тасымалдау машиналарымен игеру.
Циклді және үздіксіз жұмыс жасайтын экскаваторлар.
Циклді жұмыс жасайтын экскаваторлардың жұмыс жабдықтарының түрлері.
Экскаваторларға машиналарды таңдау.
Жер жұмыстарының көлемін есептеу.
