- •Oot 2216 - өзін-өзі тану «Білім беру» топ мамандықтары үшін мамандығы үшін
- •2 Кредит
- •«Пікірталас» – топтың әрбір мүшесі қатыса отырып, берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, әрбір адамның позициясын, бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.
- •Пәннің мазмұны
- •1 Модуль. Өзін-өзі тану негіздері
- •1 Тақырып. Өзін-өзі тану баспалдақтары
- •2 Тақырып. Менің ішкі жан дүнием
- •3 Тақырып. Мен және өзгелер
- •5 Тақырып. Мен және қоғам
- •6 Тақырып. Мен және әлем
- •Семинар сабабақтарының тізімі
- •Соөж үшін тапсырмалар
- •Сөж үшін тапсырмалар
- •4 Тақырып. Менің жақын айналам
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы
- •1 Тақырып. Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде
- •2 Тақырып. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының ерекшеліктері
- •3 Тақырып. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс-тәсілдері, құралдары
- •4 Тақырып. Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету
- •5 Тақырып. Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы
- •Семинар сабабақтарының тізімі
- •Соөж үшін тапсырмалар
- •Сөж үшін тапсырмалар
- •Қосымша әдебиет
«Пікірталас» – топтың әрбір мүшесі қатыса отырып, берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, әрбір адамның позициясын, бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.
«Бейнематериалдарды қарау» – оқыту процесінде көркем образдарды пайдалану, киноискусствоның эмоционалдық әсері арқылы студенттерге адам өмірінің адамгершілік жақтарын және кәсіби әрекетін түсінуді күшейтуге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл.
«Шығармашылық әрекет»- өзін-өзі тану сабақтарының маңызды құрамдас бөлігі, ол студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Дәптерде әр түрлі өздік және ұжымдық әрекетті орындауды көздейді: эссе, шығарма жазып, тестілерді орындау.
«Рефлексия» – студенттердің сабақ барысы мен нәтижелерін талқылауы, бұл оларды таным мен өзін-өзі тануға, ақиқатты іздеуде, табуда одан әрі әрекетке жұмылдырады.
«Педагогтің қорытындылауы» – сабақтың нәтижелерін қорытындылаудың әдістемелік тәсілі, педагог оқытылып отырған материалдың аса маңызды деген тұстарына ерекше назар аудартады.
«Жүректен жүрекке» шеңбері» – сабақты аяқтайтын әдістемелік тәсіл, бұл кезеңде пікір алысу, әрбір студенттің эмоционалдық жағдайын анықтау, олардың тақырыпты түсініп, игеру деңгейі анықталады.
1 МОДУЛЬДІҢ оқу-әдістемелік кешені оқытушыға арналған әдістемелік құралды, студенттің жұмыс дәптері мен хрестоматияны құрайды. Типтік бағдарламаға сәйкес 4 тақырыптық бөлім анықталған: «Бақыттың кілті өз қолыңда», «Адами құндылықтар», «Өмір әдебі», «Әлем, неткен әсем ең!». Оқу-әдістемелік кешенінде СРСП және СРС үшін тапсырмалар берілген.
Пәннің мазмұны
1 Модуль. Өзін-өзі тану негіздері
1 Тақырып. Өзін-өзі тану баспалдақтары
Өзін-өзі тану – тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде. Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі түсіну және қабылдау. Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік. Позитивті ойлау және ішкі үндестік. Адамның ішкі ресурстары. Өзін-өзі жетілдіру.
Білім алу – адамның өзін-өзі тануына жол. «Бейімділік» және «арналғандық» ұғымдары. Өз кәсібіне деген махаббат. Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі. Шығармашылыққа құндылықты қатынас. Адамның өзін-өзі тануға және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілігі.
2 Тақырып. Менің ішкі жан дүнием
Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы. Адам өмірінің шынайы құндылықтары, адамгершілік идеалдары, мақсаты мен мәні. Адамның рухани қалпы. Тұлғаның бостандығы - жауапкершілік және шешімдер қабылдау біліктілігі ретінде. Махаббат – адамның табиғи қасиеті. Махаббат – Ақиқаттың, Қайырымдылықтың және Сұлулықтың үндестігі ретінде. Қайырымдылық туралы түсінік. Қайырымдылықтың әрекеттік сипаты.Өзін-өзі тану және ізгілікті өзін-өзі жетілдіру.
3 Тақырып. Мен және өзгелер
Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. Қарым-қатынас адамдар арасында өзара түсінісікке қол жеткізу құралы.Адам үшін үйлесімді қарым-қатынастың Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, толеранттылық. Тілдесімнің вербальды және бейвербалды жақтары. Қарым-қатынастағы ара қашықтық. Кикілжіңдер және оларды болдырмау. Мәдениет өмірлік жетістіктердің факторы ретінде. Толеранттылық қоғамдағы адам өмірінің нормасы ретінде.
