Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот психа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297 Кб
Скачать
☆

1. Сот медицинасының түсінігі және мақсаты

1. Сот медицинасының түсінігі.

Сот медицинасы – сот-тергеу органдарының қызметінде пайда болатын медико биологиялық сипаттағы сұрақтарды шешуге пайдаланылатын зерттеулардің арнайы әдістері мен білімнің жиынтығын білдіретін арнайы медициналық пән.

Тергеу органдарына жоғары квалификациялы көмек көрсету сот медицинасының негізгі мақсаты болып табылады. Сарапшының, нақты ғылыми негізде құрылған, сот-медициналық қорытындысы жасалған қылмыстың негізгі дәлелі және сот үкімін шығарған кезде негізі болып табылған кездер жиі кездеседі. Мысалы, Қазақстандағы мәйітханалардың (морг) біріне 42 жастағы ер кісінің мәйіті әкелінген. Жедел топтың мәйітті тексеру хаттамасында мәйітті сыртқы тексеру кезінде ешқандай зақымның анықталмағандығы көрсетілген. Сот-медициналық сарапшы сыртқы тексеру кезінде мойнның алдыңғы жұмсақ тканьнінің кішкене іскендігін анықтады. Ішкі зерттеу кезінде тіласты сүйегінің кіші оң жақ мүйізшесінің сынғандығы, жұмсақ тканьге қан құйылғандығы, көмейдің шырышты қабықшасының және дауыс желбезегінің қатты ісінгендігі байқалды. Сот-химиялық сараптама кезінде азаматтың қанында және несебінде -0,5 этил спирті анықталған, ол жеңіл мастануға сәйкес келеді. Мәйітті сот-медициналық зерттеу негізінде, сот-медициналық сарапшысы өзінің қорытындысында, өлімнің тіласты сүйегінің сынуы салдарынан көмейдің шырышты қабықшасының ісінуі нәтижесінде механикалық асфикциядан туындағанын атап кеткен. Тіласты сүйегі мүйізшесінің бұл сынығы қатты доғал затпен ұрғанда немесе қатты доғал затқа құлағанда пайда болуы мүмкін, тергеуде ол расталып, азаматты мойынының маңына Ладога қабырғасымен ұрғандығы анықталды.

Сол себептен сот медицинасының рөлі әділсот қызметінде өте маңызды. Сот медицинасының екінші мақсаты әртүрлі ауруларды емдеу, анықтау, алдын алу шараларында денсаулық сақтау органдарына көмек көрсету. Оны төмендегіден көруге болады. Әртүрлі кемшіліктері бар, кей кезде медициналық жұмысшылардың жұмысындағы өрескел кемшіліктері көрінген, дәрігерлік істерді қарағанда бұл кемшіліктерді жүйелеу және анализдеу, оларды денсаулық сақтау басшыларына және медициналық қоғамдыққа уақытылы мәлімдеу мұндай кемшіліктерді болашақта болдырмауға шаралар пайдалануға көмектеседі. Және де денсаулық сақтау органдарына СМС-ның маңызды бөлігі болып дұрыс диагноз қоймау, ауруға дұрыс немесе толық көмек көрсетпеу, ауру тарихын дұрыс толтырмау, ауруларға бақылаудың жоқтығы жағдайларын талқылау бойынша клиникалық-(емханалық)-сот-медициналық конференция жүргізу табылады.

Сот медицинасы патологиялық анатомиямен және патологиялық физиологиямен, травматологиямен, клиникалық токсикологиямен, акушерлікпен және гинекологиямен, педиатриямен көбіне тығыз байланыста. Медициналық емес мамандықтардан - криминалистикамен, қылмыстық және азаматтық құқықтармен, олардың іс жүргізулерімен және т.б. байланысты.

Тақырып бойынша әдебиет:

    1. В.Н. Крюков, Сот медицинасы, - Москва: «Норма», 2004 ж.

    2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық: - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

    3. В.Л. Попов, Сот медицинасы, - Санкт-Петербург: «Питер», 2000ж.

    4. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама, -Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

3 Дәріс

Тақырыбы: Сот-психиатриялық сараптамасы

Мақсаты: Сот-психиатриялық сараптама түсінігін беру және оның түрлерін қарастыру.

Жоспары:

1. Сот-психиатриялық сараптама түсінігі.

2. Сот-психиатриялық сараптама ұйымдастыру.

3. Сот-психиатриялық сараптама түрлері

1. Сот-психиатриялық сараптама түсінігі.

СПС нормативтік актілердің негізінде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Сот сараптамасы зерттеу жүргізуден және сарапшының қорытындысынан тұратын процессуалдық іс-әрекеттен тұрады. Сараптамалық қорытындыны шығару ғылым, техника, өнер немесе кәсіп бойынша арнайы білімдерді және нақты іс бойынша дәлелдеуді қажет ететін жағдайды анықтау мақсатында прокурормен, тергеушімен, анықтау органымен, сотпен қойылған сұрақтарға жауап беруді қажет етеді.

Зерттеу жүргізу және қорытынды жасау үшін құқық қорғау органдарымен тартылған, аталған салалардан білімі бар, тұлғалар сарапшылар деп аталады, ал олар жүргізетін зерттеу сараптама атауын иеленген.

Сот сараптамасы мемлекеттік сот сарапшыларымен және арнайы білімдері бар тұлғалардың арасынан басқа сарапшылармен жүргізіледі. Тергеуші сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын таныстырады, оларға құқықтарын түсіндіреді. Ол туралы хаттама жасалып, оған тергеуші және қаулымен танысқан тұлғалар қолдарын қояды.

2. Сот-психиатриялық сараптама ұйымдастыру.

Сот сараптамасы мыналарды анықтау үшін міндетті түрде тағайындалады:

  • өлім себебін;

  • денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін және сипатын;

  • қылмыстық сот жүргізуде өзінің заңды мүддесін және құқықтарын өздігінше қорғау қабілетіне немесе оның жауаптылық қабілеттігіне күмән (күдік) туған жағдайда айыпталушының, күдіктінің психикалық немесе физикалық жағдайын;

  • көрсетулер беру және қылмыстық іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау мүмкіндігіне күмән пайда болғанда жәбірленушінің психикалық немесе физикалық жағдайын;

  • жасын дәлелдейтін құжаттар жоқ немесе күмән туғызғанда және қылмыстық іс үшін маңызы болғанда жәбірленушінің, айыпталушының, күдіктінің жасын.

СПС тағайындау үшін негіздер.

СПС тағаындау үшін мыналар себеп бола алады:

  • Айыпталушының психикалық толық бағалығына күмәндәну.

  • Тергеу немесе құқықбұзушылық уақытында күдіктінің немесе айыпталушының мінез-құлқының ерекшеліктері.

  • Криминал сипаты, оның себепсіз болып көрінуі, айыпталушы мен жасалған әрекетінің арасындағы қайшылығы, оның әрекетінің бір ізділігі, кейде ерекше қатаңдығы.

Мұндай негіздеме бойынша сараптамаға жолдау жағдайларында тергеуші куәлерден жауап алу кезінде айыпталушының мінез-құлқының ерекшеліктері, оның әрекеттерінің бір ізділігі, оның сыртқы түрі, қоғамдық қауіпті әрекеттер жасау уақытындағы пікірлері туралы нақты мәліметтер алуға әрекеттенуі керек. Жазалау шарасы ретінде өлім жазасы қолданылатын қылмыстық істер бойынша СПС міндетті болып табылады. Мұндай тұлғалар бойынша СПС тағайындау туралы қаулы шығарған кезде тергеуші айыпталушы сараптамаға «жасағанының ауырлығы» бойынша жолданып отырғандығын көрсетуі керек.

3. Сот-психиатриялық сараптама түрлері

Сот сараптамаасының түрлері:

- жеке тұлғалық және комиссиялық;

- кешенді;

- қосымша;

- қайталау;

Жеке тұлғалық сараптама сарапшының жеке өзімен жүргізіледі.

Комиссиялық – бір мамандықтың сот сарапшыларымен жүргізілетін сот сараптамасы.

Кешендік сараптама – іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау қажет болған жағдайда әртүрлі мамандықтың сот сарапшылары комиссиясымен жүргізілетін сараптама.

Қосымша сараптама – алдыңғы зерттеу қорытындысының толық немесе анық еместігіне, сонымен бірге, қосымша сұрақтарды шешу қажеттілігіне байланысты жүргізілетін сот сараптамасы.

Қайталау сараптамасы – сараптама тағайындаудың және жүргізудің процессуалдық нормалары елеулі түрде бұзылған немесе сарапшының алдыңғы қорытындысы толық негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән тудырған болса, бастапқы объектілерді зерттеуге және бастапқы сұрақтарды шешуге қайта жүргізілетін сараптама.

Тақырып бойынша әдебиет:

1. В.Н. Крюков, Сот медицинасы, - Москва: «Норма», 2004 ж.

  1. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

  2. В.Л. Попов, Сот медицинасы, - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.

  3. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама, - Алматы:- «Дәнекер», 2003ж.

4 Дәріс

Тақырыбы: Жүйке аурулары туралы жалпы түсінік

Мақсаты: Жүйке ауруының түсінігін беру, жүйке ауруларының кейбір түрлерін қарастыру

Жоспары:

1. Жүйке ауруларының түсінігі.

2. Жүйке ауруларының түрлері мен классификациясы.

3. Жүйке ауруларының ағымы.

1. Жүйке ауруларының түсінігі.

Жалпы психиатрия – психикалық дерттердің немесе психопатологияның семиотикасы/симптоматологиясы. Психикалық ауруларды зерттеу симптомдарды және синдромдарын анықтаудан басталады. Симптом синдромның шеңберінде қарастырылғанда ғана белгілі мағынаға ие болады. Психикалық ауру тәрбиелеу процессінің, ойлау қабілетінің, құштарлықтың, еріктің, естің бұзылуымен білінеді.

Психикалық (жүйке) аурулардың симптомдары :

1. көру қиялдары

2. есту қиялдары

3. елестеушілік

4. метаморфопсия

5. дене схемасының бұзылуы

6. ойлау қабілетінің бұзылуы

7. сандырақ

8. мезілік (навязчивое) жағдай

9. сасқалақтау

10. күйзеліс

11.булығу (припадок)