- •1. Сот психиатриясының түсінігі.
- •2. Сот психиатриясының пәні және әдісі.
- •1. Сот психиатриясының түсінігі.
- •2. Сот психиатриясының пәні және әдісі.
- •1. Сот медицинасының түсінігі және мақсаты
- •1. Сот медицинасының түсінігі.
- •2. Жүйке ауруларының түрлері мен классификациясы.
- •3. Жүйке ауруларының ағымы.
- •2. Диссимуляция түсінігі. Диссимуляция формалары.
- •1. Симуляция түсінігі. Симуляция формалары.
- •2. Диссимуляция түсінігі. Диссимуляция формалары.
- •1. Симуляция түсінігі. Симуляция формалары.
- •2. Денсаулық жағдайының сот-медициналық мағынасы.
- •3. Еңбек қабілеттілігін тұрақты жоғалтудың сот-медициналық сараптамасы. Денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесіннің сот-медициналық сараптамасы.
- •4. Ерлердің жыныстық жағдайларының смс.
- •5. Акушер-гинекологиялық сот-медициналық сараптамасы
- •2. Өткір заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы.
- •3. Доғал заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы.
- •4. Көліктік және оқ-дәрілік жарақат.
- •2. Өткір заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы.
- •3. Доғал заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы.
- •4. Көліктік және оқ-дәрілік жарақат.
- •2. Іріткі улармен улану (сынаппен, мышьякпен, фосформен, мырышпен және басқа қоспалармен).
- •4. Жалпы функцияға әсерлі улармен улану (цианисті қоспалар, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газ).
- •5. Ожж (цнс) әсер етуші улармен улану.
- •6. Этилді алкогольмен, суррогатты алкогольмен улану.
- •7. Бактериядан шыққан тағамдық уланулар
- •2. Механикалық асфикция түрлері.
- •3. Тұзақпен буынудан, қолмен буындырудан, демалу жолдарын жат денелермен жабудан туындаған өлім.
- •4. Демалу жолдарын жұмсақ нәрселермен жабу.
- •5. Кеуде мен қарынды басудан, суға кетуден туындаған өлім.
- •1. Мәйітті тексеру тәртібі және оны ұйымдастыру.
- •2. Мәйітті тексерудегі дәрігермен шешілетін негізгі сұрақтар.
- •3. Оқиғаның кейбір түрлерінде сот-медициналық сараптамамен шешілетін негізгі сұрақтар.
1. Симуляция түсінігі. Симуляция формалары.
2. Диссимуляция түсінігі. Диссимуляция формалары.
1. Симуляция түсінігі. Симуляция формалары.
Психикалық ауруды симуляциялау (сылтау қылу) — жазалаудан құтылу мақсатында психикалық бұзылудың жоқ белгілерін бейнелеуден тұратын саналы, өтірік мінез-құлық.
Сылтау қылудың (симулицияның) нысандары мен амалдары:
Қазіргі кезде хронологиялық факторларға байланысты мынадай симуляцияларға бөлуге болады:
превентивтік немесе алдын ала симулициялау, басқаша айтқанда, қылмыс жасар алдында қылмыс психикалық ауру жағдайында жасалған сияқты әсер жасау мақсатымен;
интра - симуляциялау —нақты себептерін жасыру үшін қылмыс жасау барысында пайдаланылатын симуляция;
постсимуляциялау (соңынан) – жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқықбұзушылықты жасағаннан соң қорғаныс мінез-құлқы ретінде жүзеге асырылатын симуляция. Сот-психиатриялық клиникасында көбіне соңғы түрі жиі кездеседі.
Симуляция туралы айта отырып, сылтау қылушының (симуляциялаушының) психикалық бұзылушылықты бейнелеудегі мақсатты ынталығына және әдейілігіне, симуляцияның күнделікті өмірдегі өтірік пен алдаудан қандай айырмасы барына ерекше көңіл аударған жөн.
Симуляцияның бірнеше жолдары бар. Көбіне дұрыс емес, мағынасыз мінез-құлықтармен және сөйлеумен психиканың аурулық бұзылуын еліктемекші болады. Кей кездері әсерді жоғарылату үшін симуляциялаушы дәрі-дәрмек қабылдап, өзін қозушылық жағдайға келтіріп қояды. Кейбір жағдайларда зерттелушілер симуляциялау мақсатында расында болмаған психикалық аурулары туралы жалған мәліметтер береді, жақындарымен және таныстарымен келіміге түседі, өтірік құжаттар жасап алады. Көрсетілген симулициялау түрлері бірігуі мүмкін.
Психикалық бұзылуды симуляциялау әдетте кейбір дерттің белгілерін немесе синдромын бейнелеу жолымен және азында кейбір психикалық дертті елестету түрімен жүзеге асырылады.
Симуляцияны негізгі тұрпаттан клиникалық және тәжірибелік-психологиялық әдіспен танып біледі.
2. Диссимуляция түсінігі. Диссимуляция формалары.
Психикалық ауырудың диссимуляциясы дегеніміз психикалық дерттің рас белгілерін әдейі жасыру. Әлеуметтік аспектіде ол симуляцияның қарама-қайшысы: ауру адам өзінің әлеуметтік жағдайын психикалық дені сау адам ретінде сақтап қалуға тырысады.
Диссимуляция есалаң тұлғаларда әдетте шизофрения, негізінен сандырақтық синдром, мүмкіндігінше органикалық психоздар, алкогольдық психоз және параноялық синдром кезінде байқалады.
Зерттеушілер психикалық ауру динамикасын қоршаған диссимуляциялық мінез-құлықтың бірнеше тәсілдері мен клиникалық формаларын атап көрсеткен. Мысалы, психикалық ауру тұлғалар диссимуляциясының ең қарапайым формасы аутистикалық форма деп аталады, ондай жағдайда аурулар өздерінде бар жан күйзелістерін жасыруға тырысқандықтан қоршаған ортамен байланысты шектейді. Параноялық жан құбылыстары психикалық бұзылуды дәлелдейтін мейлінше «рационалды» әдістермен бірге жүреді: сандырақтық фабула сырттай қисынды болып жасырынады, бірақ шын мәнініде деректерді бір жақты түсіндіреді. Ауру процессінің өте терең көрсеткіштеріне өтуі, өз соңынан психикалық бұзылушылықтардың көрінуін ашатын, диссимулияцияның тізбексіз қайшы, қос қисынды әрекетіне әкеп соғады. Қол жетімді байланыс кезінде денсаулық жағдайы туралы әңгімелесуден таңдамалы бас тарту диссимуляцияның көрінуі болуы мүмкін (негативистік форма).
Параноялық сана кезінде психопатиямен, шизофрениямен ауыратындар көбіне әлеуметке қарсы ниеттерін және агрессиялық пиғылдарын жасырады, ақыл-ойдың біршама кем сақталуына байланысты бұл ниеттерін олар ауру (дерт) ретінде қабылдамайды, өтірік кешкен аурулық жағдайға деген сын көздік қатынасын еліктеу өте нанымды (сенімді) көрінуі мүмкін.
Сандырақтық жан құбылысы бар аурулардан басқа, өз-өзіне қол сұғу пиғылын жасырушы, күйзеліспен ауыратындар да диссимуляциялауды қолданады. Кейбір кездерде жасырын күйзелістік жағдай қоршаған орта үшін күтпеген ашық суицидтің себебі болуы мүмкін.
Диссимуляцияны тану көбіне айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені аурулар өзінің ІV немесе басқа психопатологиялық симптоматикасын жасырып қана қоймай, өмірдегі еш мәні жоқ оқиғалар туралы жалпыға бір ұсыныстарға сүйене отырып анамнезді сипаттауы мүмкін.
Диссимуляцияны танып білу.
Диссимуляцияны анықтаудың ойдағыдай болуы көбіне бірнеше факторлармен анықталады. Аурулармен әңгімелесу кезінде деонтологиялық қағидаттарды қатаң сақтау тұлғааралық қатынастардағы, қызығушылықтардағы, тұрмыс қалпындағы, көңіл-күйдегі әртүрлі өзгерістерді жанама түрде айқындауға, сонымен бірге ол өзгерістердің себептерін анықтауға септігін тигізеді. Кейбір жағдайларда психикалық аурулар, оның әртүрлі көріністері туралы ауру тұлғалардың түсініктерін білген пайдалы.
Сандырақтық жан құбылысын, елестеушілікті айқындауға тырыса отырып, ауру тұлғаның өз жағдайындағы әртүрлі сипаттарға психиатрдың қатынасын жақсы сезетінін есте сақтаған жөн. Ауру адамды динамикалық бақылаудың зор маңызы бар: әңгімелесу барысында пайда болатын парамимия, микрокататониялық симптомдар, кернеуліліктің, күдіктіліктің кенеттен пайда болуы, долылық (аффекттік) өзгерістер, әртүрлі тұлғалармен қатынасу ерекшеліктері (медициналық қызметкерлердің қарауындағы және қарауынан тыс мінез-құлықтарының диссоциациясы). Кейбір жағдайларда диссимуляциялаушы күдіктінің клиникалық-психопатологиялық талдауына өзін тәжірибеде оң жағынан көрсеткен тәжірибелік-психологиялық зерттеуді толықтырған тиімді.
Ауру адамдар екі жоспарда өмір сүрген кезде диссимулияциялауды айқындау өте қиынға соғады: бір жағынан, қоршаған ортада дұрыс бағыттанады, екінші жағынан — сандырақтық жан-құбылысының ықпалында болады. Мұндай күйлер ауру созылып кеткен жағдайларда болуы мүмкін.
Тақырып бойынша әдебиет
А.В. Датий, Сот психиатриясы, - Москва: «ИФЭПОЗ», 1999 ж.
В.Л. Попов, Сот медицинасы, - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.
Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама,-Алматы:-«Дәнекер»,2003ж
Г.В. Морозов, Сот психиатриясы, - Москва: - «Медицина», 1988 ж.
6 Дәріс
Тақырыбы: Тірі тұлғалардың сот-медициналық сараптамасы.
Мақсаты: Тірі тұлғалар сараптамасының түсінігін және түрлерін ашу.
Жоспары:
1 . Сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру.
2. Денсаулық жағдайының сот-медициналық мағынасы.
3. Еңбек қабілеттілігін тұрақты жоғалтудың сот-медициналық сараптамасы. Денсаулыққа келтірілген зиян дәрежесіннің сот-медициналық сараптамасы.
4. Ерлердің жыныстық жағдайларының СМС.
5. Акушер-генекологиялық сот-медициналық сараптамасы
1. Сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру.
Жәбірленушілерді, күдіктілерді, айыпталушыларды және басқа тұлғаларды куәлендіру сот-медициналық сараптамасының жиі қолданылатын түрлерінің бірі. Ол тағайындалады:
денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін және сипатын, зақым келтіру уақытын және механизмін анықтау үшін;
жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау мақсатында (соның ішінде жарақат алудан денсаулыққа келтірілген зиян үшін шығынды өндіріп туралы азаматтық талап қозғалғанда);
денсаулықтың физикалық, психикалық жағдайларын және оның аурулық бұзылуларын мына жағдайларда бағалау үшін:
іс үшін маңызы бар жағдайларды куәнің немесе жәбірленушінің дұрыс қабылай алатындығына және олар туралы дұрыс көрсетулер бере алатынына күмән пайда болғанда;
куәнің немесе айыпталушының денсаулық жағдайының нашарлығын сылтауратып сотқа келуден бас тартқанда;
тергеу изоляторында ұсталынған күдіктінің немесе айыпталушының денсаулық жағдайының нашарлығын сылтауратып тергеулік шараларға қатыса алмайтындығы туралы мәлімдегенде;
ауруы бар болғандықтан әскери қызметтің міндеттерін орындаудан және әскери қызметке шақырылудан бас тартқанда (егер ауруы медициналық құжаттармен және кәдімгі медициналық куәлендірумен расталмаса);
Тірі тұлғаларды сараптау оларды медициналық куәлендіру (зерттеу) және зерттелуші сұраққа, іске қатысы бар барлық медициналық құжаттарды және істегі басқа материалдарды зерттеу жолымен жүзеге асырылады. Сараптаманы құр медициналық құжаттар бойынша тек ерекше жағдайда, егер медициналық куәлендіру жүргізу мүмкіндігі болмай, сарапшы сараптама жүргізуге қажетті толық мәліметтері бар түпнұсқалы медициналық құжаттарға ие болғанда жүргізуге мүмкіндік беріледі.
