- •Жұмыстың міндеттері:
- •Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- •1.3 Аударматану жүйесіндегі теңеулердің алатын орны
- •Жас жігіттей көңілі шағылмаған, Жас қыздардай қызығы арылмаған.
- •2.2 Тұрақты теңеулердің көркемдік қызметтері
- •Түздегі қу бас жақтанып, деген [34, 30],
- •2.3 Көркем әдебиеттегі теңеулердің берілу аясы мен қолданысы
- •1) Көріктеу; 2) Меңзеу; 3) Әсерлеу».
- •Агата Кристи детективтеріндегі тұрақты теңеулердің ағылшын-қазақ тілдерінде берілу ерекшеліктері
- •3.3 Ағылшын - қазақ тіліндегі тұрақты теңеулердің ұлттық-мәдени ерекшелікке байланысты берілуіне талдау жасау
- •Қорытынды
- •Жүргізілген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқаша түйін:
- •Қойылған міндеттерді шешу дәрежесін бағалау:
- •Нақты зерттеу дәрежесі бойынша ұсыныс:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
1.3 Аударматану жүйесіндегі теңеулердің алатын орны
Дүниенің тілдік бейнесі ұғымдары қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану секілді ғылыми бағыттардың дамуына байланысты ХХІ ғасыр басында кең көлемде таныла бастады. Ұлттық құндылықты жаңа моделде қалыптастыру қазақ тіл білімінің бастауларында дамыды. Ф.Б.Қожахметова, Ш.С.Ниятова, Г.М.Имашева, Б.Шалабай, Г.Н.Смағұлова, Г.Сағидоллақызы, А.Ислам, Б.Нұрдаулетова, Г.Қосымова, Э.Оразалиева т.б. секілді тілші-мамандар қазақ этнографиясын, дүние болмысын тілдік бірліктер астарында қарастырып, оған талдау жасап, жан-жақты зерттеді.
Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Әр ұлттың әлем бейнесі олардың дүниені танудағы көзқарастарына байланысты. Адам баласының білімі, көрген-білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық-мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу - қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.
Адамның сыртқы келбетін, ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, көңіл-күйін т.б. білдіретін теңеулердің образдық, фондық негіздері халықтың ақиқат дүние туралы білімдер жүйесінен хабар береді.
Теңеулердің мағынасы белгілі бір ұлттың таным-түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олардың мағынасы сол теңеулерді қолданатын ұлтқа түсінікті, жиі қолданысқа түсетін бейнелі теңеулер. Теңеулердің белгілі бір авторы жоқ. Олар – мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер тәрізді халық қазынасы.
Теңеулер әлемнің күнделікті тілдік бейнесіндегі үлгі-образ болып табылады. Олар адам мен жануарлардың қасиеттерінің ұқсастығын сипаттауға негізделген. Халықтың тұрмыс тәжірибесі тұрғысынан алғанда белгілі бір жануардың басым қасиеттері адамның мінез-құлық атауына сәйкес аталады. Жануарларға қатысты теңеулер тізбесін белгілі бір тілдегі мәдениеттің үлгісі немесе символы ретінде қарастыруға болады [23, 145].
Қоғамдағы әрбір құбылыс халықтың дүниетанымына байланысты өрнектеледі. Кез-келген нәрсені салыстыра отырып сипаттап, суреттегенде көңіл-күй сезімдері негізінде бейнеленеді. Сонымен, адам кез келген нәрсені сипаттап, суреттегенде көбінесе теңеп, ассоциативті түрде салыстыра отырып, өзінің ой-пікірін бейнелі түрде жеткізіп отырған. Үй жануарлары, жабайы аң-құс атаулары этностың ой-санасында, абстрактылы ұғымдар мен ассоциативті салыстырулар көңіл-күй сезімдері мен іс-әрекеттерін бейнелі түрде беруде кеңінен қолданылатынын көреміз. Сондықтан да , поэзия да болсын немесе небір сан қилы әңгіме-шеңберлерінде болсын тұрақты теңеулердің алатын орны өте ерекше болып келеді. Әр автор өзінің шығармасын оқырманға қызықты әрі тартымды қылып ұсыну үшін белгілі бір теңеулер тізбегін қолданады. Бұл қолданыс түрі оқып отырған оқырман қауымға не бір қызықты әсер беріп, қиялға бөлейді. Әрбір ақынның алдына қойған мақсаты өзінің шығармасының сапалы болуында, ал ол сапалы түрде оқырмандарманға ұсынылу үшін, олар көркем әдебиет жанрының стилистикалық ерекшеліктерін қолданады. Олар әсіресе, тұрақты теңеулер, метафолар, литоталар, гипербола, әсірелеу және де тағы сол сияқты поэзия лебінің ерекшеліктері. Ал сараптама жасап, қорытындылай келе бірде-бір шығарманың теңеусіз немесе эпитетсіз, әдебиеттің көркемдегіш құралысыз жазылмайтынына көзіміз жетеді. Бұл көркем әдебиеттің терминдері шығармаға ерекше аса бір нұр, елес, арман, қиял-ғажайып береді. Міне, тұрақты теңеулердің аударматану барысында ерекше орын алатындығына куә болдық және де оны іс жүзінде дәлелдеп отырмыз.
2 ТҰРАҚТЫ ТЕҢЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНІҢ АҒЫЛШЫН - ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АУДАРМАДАҒЫ КӨРІНІСІ
2.1Ағылшын – қазақ тілдеріндегі тұрақты теңеулердің ассоциациялық образдар арқылы берілу сипаты
Байырғы теңеулер авторлық теңеулерге қарағанда көбірек қолданылған. Бұлар - халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жырауларда, Махамбетте, Абайда, одан беріде Мағжанда қолданылған теңеулер. Мысалы: селдей, моншақтай, қызғалдақтай, айдаһардай, арыстандай, жолбарыстай, найзадай, алдаспандай, қырмызыдай, таудай, жіптіктей, судай, дариядай т.с.с. Ауыз әдебиеті шығармаларында теңеу сөздер сын есім тудыратын -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы да, секілді, сияқты, тәрізді, бейне, сықылды деген септеуліктер арқылы да жасалған. Жалпы қазақ тіліндегі теңеулерді Т.Қоңыров жасалу жолдарына қарай он топқа бөлгендігі белгілі. Ал теңеулердің синтаксистік құрылысына келгенде, ғалым оларды жалаң теңеулер, күрделі теңеулер, бірыңғай теңеулер, толымды теңеулер, толымсыз теңеулер, болымсыз теңеулер деп алтыға бөліп қарастырады. Бернияз Күлеев шығармаларының тілінде синтаксистік құрылымына қарай жіктеліске түскен теңеулердің бұл алты түрі де ұшырасады.
Жалаң теңеулер - теңеудің байырғы түрлерінің бірі. Т.Қоңыровтың айтуынша, теңеудің бұл түрінде сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері толық болмайды немесе кейбірі түсіріліп айтылады. Ондай теңеулер, синтаксистік тұрғыдан келгенде, жалаң сөйлемге ұқсайды. Т.Қоңыровтың жалаң теңеулер деуі де осыдан туындаса керек [12].
Қайрат қызса, құмды судай сапырдық, Таудай істі түк көрместен жапырдық.
Аламыз деп алтын айды аспаннан Арыстандай айбат шегіп атылдық
- деген төрт өлең жолынан тұратын үзіндіде судай, таудай, арыстандай деген үш теңеу бар десек, сөйлемдердің морфологиялық тұлғасына= көрініп тұрғандай "сен" деген қимылды атқарушы, істі жүзеге асырушы субъект жасырын тұр. Сонымен бірге бұл екі сөйлемде тұрлаусыз мүшелер де толық емес. Мұндай жалаң теңеулер Бернияздың өлеңдері мен поэмаларында көптеп кездеседі, сол себепті де теңеудің өзге түріне қарағанда осы жалаң теңеулер ең көп олданылған деуге негіз бар. Өзінің құрылысы жағынан күрделі теңеу - жалаң теңеуге қарама-қарсы құбылыс. "Мұнда не образ, (көбіне образ) не предмет немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғымды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құрылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады", - дейді Т.Қоңыров. Теңеудің осындай күрделі түрі Б.Күлеев поэзиясында да көрініс тапқан. Негізінен, мұндай екі немесе одан да көп тілдік компоненттерден жасалатын теңеулер адамның не құбылыстың кейпін беруде қолданылып, суреттеліп отырған объектіге мейлінше бейнелілік үстемелейді. Айталық: шын сұлудай, ақ сұңқардай, алтын қияқты найзадай, айбатпен аузын ашқан айдаһардай, жас жігіттей көңілі шағылмаған, зіл тастай момын көңіл т.с.с. Бұл теңеулердің қай-қайсысында да жалаң теңеулерге қарағанда, образ айқын, автордың айтпақ ойы, поэтикалық идеясы бүтін берілген. Теңеу сөздердің келесі бір түрі - бірыңғай теңеулер.
Бірыңғай теңеулер конструкцияға құрылған. Бұл теңеулердің өзге теңеулерден басты айырмашылығы - олар бірдей морфологиялық тұлғада тұрып, бірыңғай синтаксистік қызметте болады. Ең бастысы бірыңғай теңеулер арқылы автордың айтпақ ойы бір-бірімен толықтырылып, үдемелі ыңғайластық қатынаста болады. Мәселен, Бернияздың
"Іңкәр жүрек" поэмасында:
Жауқазындай жайқалып, Жан біткендей шайқалып,
Сыбырласты сала да
деген жолдардағы асты сызылған сөздер бірыңғай теңеулер. Егер олардың лексика-семантикалық қызметіне қарасақ, онда бірыңғай теңеулер қосарлана келіп, негізінен, бір объектінің жай-күйін көрсетеді. Теңеудің бұл түрі ақынның лирикасына қарағанда поэмаларында жиі кездеседі. Соған қарағанда олардың оқиғасы күрделі әрекетті беруге бейім екендігін көруге болады. Мұндай тұжырым жасауымызға бірыңғай теңеулердің прозалық шығармаларда көбірек ұшырасатынын да дәйек ретінде айта кетудің маңызы бар.
Толымды теңеулерді орыс тіл білімінде бірқатар зерттеушілер арнайы қарастырған. Олардың қатарында В.В.Томашевский, т.б. атауға болады. Теңеуді толымды және толымсыз деп бөлушілердің пікірінше, ең басты мәселе - теңеуге тән конструкцияның барлық бөліктерінің яғни объектінің, образдың, белгінің түгел болуы немесе болмауы. Мәселен,
Бірінен бірі жарық сансыз жұлдыз, Көрсетер көкті көркем бейне күндіз. Жарқылдап жалақ ойнап жүрген қыздай, Жалт етер жымың қағып қалдырған із.
деген тармақтардағы бейне күндіз "Әдемі түн" теңеуі образ болса, жұлдыз - объект, ал белгісі - көрсетер көкті. Осы үзіндідегі тағы бір теңеу "қыздай" десек, ол толымды теңеудің компоненті болады. Мұнда объекті ортақ, ол - жұлдыз, ал белгісі - "ойнап жүрген", образы - "қыздай" болады. Толымсыз теңеуде теңеуге тән үш компоненттің бірі түсіріліп беріледі. Мәселен, Б.Күлеевтің "Әдемі түн" өлеңі:
Ай сүттей, аспан жылтыр, желсіз тыныш, Айнала естілмейді ешбір дыбыс
деген жолдардан басталған. Аңғарсақ, сүттей - образ, ай - объект, белгі - жарық болуы керек, алайда өлең мөлшері, буын, бунақ саны ол екі сөзді қажет етпейді. Бұл - көркем әдебиет үшін сыйымды құбылыс. Егер сол жолдардың синтаксистік құрылымына талдау жүргізсек, онда ол ықшамдау құбылысының заңдылығынан туған ерекшелік болып шығады [24, 100]. Теңеу болып тұрған сөздерді синтаксистік жағынан саралағанда, соңғы алтыншы түрі - болымсыз теңеулер.
Болымсыз теңеу кейбір орыс ғалымдарының анықталмаған теңеу деген түріне келеді. Мәселен, А.Квятковский, И.Б.Голуб теңеудің осы түріне ерекше мән бере тоқталған [25, 36]. Бұл теңеудің жасалуы жөнінде Т.Қоңыров: "... қазақ тіліндегі болымсыз теңеулер -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының және жоқ пен емес сөздерінің көмегімен пайда болады" - деп үш жолын көрсетеді. Бернияз поэзиясында, негізінен алғанда, болымсыз етістіктің жұрнақтары арқылы жасалған түрлері жиі кездеседі:
