- •Жұмыстың міндеттері:
- •Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- •1.3 Аударматану жүйесіндегі теңеулердің алатын орны
- •Жас жігіттей көңілі шағылмаған, Жас қыздардай қызығы арылмаған.
- •2.2 Тұрақты теңеулердің көркемдік қызметтері
- •Түздегі қу бас жақтанып, деген [34, 30],
- •2.3 Көркем әдебиеттегі теңеулердің берілу аясы мен қолданысы
- •1) Көріктеу; 2) Меңзеу; 3) Әсерлеу».
- •Агата Кристи детективтеріндегі тұрақты теңеулердің ағылшын-қазақ тілдерінде берілу ерекшеліктері
- •3.3 Ағылшын - қазақ тіліндегі тұрақты теңеулердің ұлттық-мәдени ерекшелікке байланысты берілуіне талдау жасау
- •Қорытынды
- •Жүргізілген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқаша түйін:
- •Қойылған міндеттерді шешу дәрежесін бағалау:
- •Нақты зерттеу дәрежесі бойынша ұсыныс:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
- •Ертедегі ауыз және көркем әдебиетіндегі теңеулер
2.2 Тұрақты теңеулердің көркемдік қызметтері
Теңеудің көркемдік қызметі деп аталатын тараушада теңеулердің жасалу тәсілдері мен көркем сөз ауыстыру мағынасындағы орны мен лексикалық, стильдік ерекшеліктері тексеріледі.
Абайдың реалистік дәстүрі Шәкәрім шығармашылығының идеялық, көркемдік нысанасына айналды. Өзі нысанаға алып отырған көркемдік амал-тәсілдер ақын өлеңдерінде өзіндік өрнек тауып, түрлі пайымдауларға негіз болады. Осыдан барып ақынның рухани әлемі қалыптасады. Ақынның рухани әлемі дегеніміз – көркем образдар дүниесі. Көркем образдардың өлең өлкесінде көріктеуіш құралдар арқылы, көркем де бейнелеуіш сөздермен сомдалуы ақын шығармашылығында ерекше орын алады. Сондықтан, алдымен, Шәкәрімнің табиғи суреткерлік қабілеті, дүниені образды қабылдауы, көркемдік ассоциацияға ұсталығы көрінеді. Суреткерлік қабілет дегенде, ойымызға оралатыны ақынның көркем сөз оралымдарын орынды қолдануы, түрлі құбылтулар мен қисынды сөз табуы.
Өз заманының суретшісі, табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс тебіреністер, философиялық тұжырымдар жасаған – Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық әлемі түрлі бейнелі образдарға, тілдік көркемдегіш сөздерге толы. Шәкәрім Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігі секілді қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай Шығыс, Батыс, орыс әдебиеті үлгілеріне зер сала отырып, сөз өрнектерін әр түрлі бояумен әрлеп, көркемдеп отырады.
Ақын өлеңдері қисапсыз да қыруар көркемдік-бейнелеушілік құралдарға бай. Гауһардай көзі, бұлбұлдай сөзі, жүзі бар айдай, мінезі майдай, дариядай ақыл мол еді.
Негізгі түбір сөздер зат есімнен сын есімге айналған. Гауһардай, бұлбұлдай, айдай, майдай, дариядай. Келесі шумақтардағы сынап+тай, түлкі+дей, қыран+дай, алмас+тай, сұр жылан+дай, тұрымтай+дай, ұршық+тай сөздері де теңеу жасайтын -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалып тұр.
Поэзия сөзінің ерекше құбылыс екендігін, табиғат, қоғам, адам өміріндегі өзгерістің бәрін терең бағалай алатындығын, қыры мен сырын толық сипаттайтынын ғалым Серік Негимов өзінің «Өлең өрімі» еңбегінде (1980) кеңінен талдаған. Ендеше, Шәкәрім поэзиясының тілі өмір құбылыстарын сан құбылта сырлауға, құйқылжыта жырлауға жетеді. Оны ақынның:
Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті көптің ортақ пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арынды асқақ өзеннің арнасындай [31, 140].
Шәкәрім сынды шебер ақынның қолындағы сөз әдеттегісінен тыс соны мәнге, жаңа қолданыстарға, ішкі иірімдерге, нәзік ишараға, дәмді тұспалға, мағыналық астарға ие болады. Алдыңғы шумақтағы арыңның айнасындай, ортақ пайдасындай, өзеннің арнасындай теңеулері тек бір затты екінші біреуіне теңеу ғана емес, алдыңғы ойдың оралымына орайластырылған терең философиялық толғамдар.
Өлең өрнегіндегі көркемдік қуатқа кемел айқындау мен теңеулер қазақтың қара өлеңінің қай-қайсысында болсын кездесе береді. Сондықтан да халық әдебиетінен теңеулердің барлық түрі табылады. Оның негізінде өскен және бір басқыш жоғары сатысы саналатын тарихи әдебиеттің өкілдерінің қайсысынан болсын теңеудің түр-түрін табасыз. Халық ауыз әдебиетіндегі көркемдегіш құралдарды түрлендіріп, өзінше әрлендіріп қолдануда, бейнелі сөздердің қызметін түсінуде ұстазы Абайдан кем түспейтін Шәкәрімнің өлеңдеріндегі теңеулер де жаңарып, өзгеше түрленіп бейнеленеді.
Надандар төрт аяқты малға ұқсайды,
Қаңғырған тамақ іздеп аңға ұқсайды.
Өз бетімен табатын өнері жоқ,
Талапсыз өлі сүйек жанға ұқсайды [32, 36].
Төрт аяқты малға ұқсау, тамақ іздеген аңға ұқсау – теңеулер.
«Шын суреткердің өзіне деген талғам-талабының әрбір жаңа шығарма тұсында түлеп, өзгеріп басқа қалыпта көрініп отыруы творчество табиғатына етене, искусствоның заңды құбылысы. Дүниені алдымен өз зердесіне тоқып алып, содан кейін барып бұрын қолданбаған тәсіл-амалдарды байқап көру, бір жағынан қызықты, үмітті болып көрінсе, екінші жағынан қауіпті де қатерлі», - дейді академик Рымғали Нұрғали [33, 63].
Аталмыш пікір Шәкәрім шығармаларының мазмұны мен көркемдік сипатының түрленуін, ақын зердесінің сұңғылалығы мен тереңдігін дөп басады, әрі нақтылап көрсетеді.
Ақын өлеңдеріндегі көркем теңеулердің көптігі кейде бірнешеуінің бір шумақта іркес-тіркес қатар келуі оқырманды жалықтырмайды. Ол теңеулер бірін-бірі жай қайталай бермейді, әрқайсысы көркемдік мақсатқа құрылып, айтысқа түсіп, сөз таластырып отырған ақынның әр қилы қасиетін айқындап, оның бейнесін әр қырынан танытуға себін тигізеді. Шәкәрім теңеулердің көркемдік қызметін, гармониялық үйлесімін шеберлікпен қолданады
«Салыстыру, теңестіру дегеніміз ойлау, сезінудің нәтижесі болғандықтан, оған негізделіп жасалған астарлы мағынасы бар көркем бейне оқушының ой сезімін қозғап күшті әсер етеді... Және сол салыстырудың негізі болған ой неғұрлым өткір, терең болса, көркем сезім неғұрлым нәзік, күшті, әсерлі болса, салыстырмалы бейненің, балама тұспал бейненің оқушының жан-жүйесін тебірентіп, ойын өрістетіп, сезімін оятып, тұтандырып, ұшқындатып тұратын қуаты да соншалық зор болады», - дейді академик Зәки Ахметов. «Жастық туралы» өлеңіндегі:
Айласы жолдас қасқа алып,
Аң көрген лашын бастанып.
Немесе:
Қуарып мұртың,
Суалып ұртың,
