Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӨШ билеттер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 6

  1. «ДӨШ стандартизациясының» анықтамасы. ДӨШ-ке НТҚ (МФ, ФС, АНҚ, УАНҚ, СП) келісу және бекіту,өңдеу реті.

  1. Сана ДӨШ-ның сыртқы белгілері. «Сана сығындысының таблеткасына» сапалық көрсеткіштер.

Дәрілік шикізаты. Күрделі қос қауырсынды жапырақтардың (Folia Sennae) жапырақ күлтешелері қолданылады. Механизация әдісімен жиналған шикізатта жалпы сағақтар (рахистер) және жіңішке сабақтардың ұсақ кесінділері кездеседі. Түсі сұрғылт немесе сарғыш жасыл түсті. Дәмі шырышты ащы. Иісі жоқ. Жемістерін түрлі пісу сатысында жинайды.

«Сана сығындысының таблеткасына» сапалық көрсеткіштер. НЕТ ОТВЕТ

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 7

  1. Шикізаттың сыртқы белгілеріне қарай макроскопиялық сараптама техникасының сипаттамасы: өлшемін, түсін, иісін анықтау.

Кептірілген шикізатты (ұсақ және етжеңді жапырақтары, жемісі, тұқымы қабығы және жер асты бөліктері) жәй көзбен, айнаның (Х6-10) немесе стереомикроскоптың көмегімен қарау үшін кленкаға немесе қағазға жайып төсейді. Кептіру барысында пішінін өзгерткен шырынды жемістерін, жұқа жапырақтарын, гүлін, өсімдіктің майысқан бөліктерін (сабақтарының жапырағы мен гүлдерінің бөліктері) алдын-ала 2-5 тен ылғалды камерада немесе 5-10 минут ыстық суға салып жібітеді. Жұмсарған шикізатты шыныға, кленкаға немесе тегіс қара қағаз бетіне жайып асықпай жаймалайды. Гүлін алдымен бүтін күйінде кейін ішкі құрылысын микроскоппен қарау үшін препарат дайындайды. Жемісінен жеміс шырыны мен тұқымын анықтайды.

Сыртқы белгісін стандартты үлгіге немесе қалыпты құжатқа қарап салыстыра отырып анықтайды.

Өлшемі: Ірі объектілері үшін 3см-ден жоғары миллиметрлік өлшеуішпен 10-15 рет өлшейді. Ұсақ объектілерді (3см-ге дейінгі) миллиметрлік қағазға жайып 20-30 рет өлшеп, ортаңғы мәнін есептейді. Домалақ шар тәрізді тұқымдарды домалақ өлшемді саңылауы бар елеуіштерден елеу арқылы оның өлшемін анықтайды.

Шикізаттың түсін күндізгі жарықта анықтайды. Шикізаттың түсін оның үстіңгі бетіне қарап (жапырақты екі бетіне қарап) және шикізаттың сынығына, кесіндісіне қарап (тамырлары, тамырсабағы, қабығы) анықтайды.

Иісін саусақпен ысқылау арқылы немесе келіге салып анықтайды. Кейде қалыпты құжат бойынша ыстық суға салу туралы нұсқау беріледі.

Дәмін шикізаттың жас немесе кептірілген күйінде дегустация арқылы (жұтпай) немесе 10%-дық қайнатпасының дәмін көру арқылы улы өсімдіктердің дәмін анықтамайды.

  1. Эфир майлары туралы жалпы түсінік. ДӨШ-тегі эфир майларының құрамын фармакопеялық әдіспен анықтау.

Эфир майлары ­­– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай ақ кейбір гетероцикльді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150-200-ге жуық түрлерінен алынады.

ДӨШтегі эфир майларын анықтау арнайы приборлардың көмегімен су буымен айдау арқылы жүргізіледі. Эфир майларын кселол қолдану арқылы жұту арқылы дистилятты градуирленген трубкаға жинайды.

ДӨШ-тегі эфир майларының құрамын фармакопеялық әдіспен анықтау. НЕТ ОТВЕТА

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.