Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӨШ билеттер.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 12

  1. Дәрілік фитопрепараттардың рН-ын фармакопеялық әдіспен анықтау.

рН – сулы ерітінділердегі сутек иондарының концентрациясын шартты түрде сипаттайтын сан. Іс жүзінде рНты тәжірибе арқылы анықтайды. Сыналатын ерітінді рНы мен стандартты ерітінді рНы келесі теңдеу арқылы байланысқан: рН =(E – Es)/K

E – сыналатын ерітіндідегі электрод потенциалы, вольтпен;

Es – рНы белгілі ерітіндідегі сол электродтың потенциалы, вольтпен

Кез келген температурада вольтпен өрнектелген температуралық коэффициентті (К) келесі формуламен есептеуге болады: K-0,05916+0,000198 (t-25C).

Егер құрал жиі пайдаланылатын болса, оны калибрлеуді үнемі жүргізеді. Әйтпесе, құралды калибрлеу әр өлшеудің алдында жүргізілуі тиіс.

  1. «Бұрыш жалбыз» тұндырмасында құрғақ қалдықты анықтау.

Жалбыз жапырақтарының тұнбасын (5,0:200,0) тыныштандырғыш, спазмолитик, құсқысы келгенде өт айдайтын ретінде, ішектің ауырсынуында ішеді.

Жалбыздың тұндырмасын 90% спиртте 1,0:20,0 қатынаста бұрыш жалбыздың майын бірдей мөлшерде қосып дайындайды. 10-15 тамшыдан невралгиялық ауырсынуларда ауырсынуды басу үшін, жүрек айнуға және құсуға қарсы қолданады. Жалбыз тұндырмасы инсектицидті және репеллентті белсенділік көрсетеді, ағзаның қолайсыз ортаға төзімділігін арттырады. Жалбыздың препараттарын айқын гипотонияда қолдануға болмайды.

Құрғақ қалдық дегеніміз – миллиграммен өлшенетін 1 литр суда еріген тұздардың мөлшері. Құрғақ қалдықтағы органикалық заттардың мөлшері 10-15% аспайды, судың минералдық сапасын құрғақ қалдық бойынша біледі.

Құрғақ қалдықтыанықтау үшін смоланы ( 2 - 3 г) фарфор н/е металдық тигельге салады, 150 С кептіргіш шкафта 30мин бойы ұстайды, одан кейін тигельді эксикаторда кептіріп, өлшейді .

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.

2014- 2015 Оқу жылы фармацевтика факультетінің «Фармация» мамандығының 5 курс студенттеріне арналған «Фитопрепараттардың стандартизациясы» элективті пәні бойынша емтихан билеті билет № 13

  1. Эфир майларының жақсы сапалы химиялық сандық көрсеткіштері.

Эфир майларының сапалылығының (доброкачественность) көрсеткіштері: тығыздығы,оптикалық айналуы,спиртте ерігіштігі,сыну көрсеткіші,эфир саны,қышқыл саны,ацетилдеуден кейінгі эфир саны.

Қышқыл саны:

Бір грамм сыналатын заттағы бос қышқылдарды бейтараптау үшін қажет калий гидроксидінің миллиграммен алынған мөлшерін қышқыл саны IA деп атайды.шамамен он грамм немесе жеке бапта көрсетілген зат өлшендісін, жеке бапта басқа нұсқаулар болмаса, алдын ала индикатор ретінде 0,5 мл фенолфталеин ерітіндісін РL пайдаланып, 0,1 моль калий гидроксиді ерітіндісімен бейтарапталған елу миллилитр көлемдері бірдей спирт және эфир қоспасында ерітеді. Сыналатын затты еріткеннен кейін ерітіндіні 0,1 Моль калий гидроксиді ерітіндісімен он бес секунд бойы жайылмайтын қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.

Эфир саны:

1 грамм сыналатын заттағы эфирлердің сабындануы үшін қажет калий гидроксидінің миллиграмымен алынған мөлшерін эфир саны ІЕ деп атайды. Эфир санын мына формула бойынша есптейді:

IE= IS- IA,

IS сабындану саны;

IA қышқыл саны.

  1. Қызыл мия ДӨШ-нің сыртқы белгілері. «Қызыл мия тамыры» шәрбатының сапалық көрсеткіштері.

Сипаттамасы: Биіктігі 50-200 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қалың, ағаштанған. Жапырағы кезекті, дарақауырсынды жапырақ күлтелері бар. Гүлдері ақ күлгін түсті, бос, үлпілдек гүл шашақтарына жиналған. Жемісі жалтыр немесе безтүкті бұршақ екі бүйірінен қысылыңқы. Шілде тамызда гүлдейді, тамыз қыркүйекте піседі.

Идентификация. Дәрі-дәрмектің құрамына кіретін барлық әсер етуші заттардың және антимикробтық консерванттардың идентификациясын жүргізіледі. Қажет болса, қосалқы заттарды идентификациялайды.

Біркелкілік. Жұмсақ дәрі-дәрмектер біркелкі болуы тиіс. Біркелкілікті сыртқы түрі бойынша және 1 Қосымшада көрсетілген әдістеме бойынша анықтайды. Қажет болса, біркелкілікті компоненттердің біркелкі таралуын бақылауға мүмкіндік беретін арнайы сынама алу арқылы компоненттердің сандық мөлшері бойынша анықтайды.

рН. Негіздің типіне және дәрі-дәрмектің құрамына байланысты су сорындысының, сулы ерітіндінің немесе дәрі-дәрмектің өзінің рН-ын анықтайды. рН-қа қойылатын талаптар мен анықтау әдістемелері жеке бапта келтіріледі

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі Саякова Г.М.