Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаборатория эволюция Зияева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285 Кб
Скачать
☆

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Түр тірі ағза құрылымының негізгі формаларының бірі болып табылады. Бірақ тап осы даралардың бір түрге жататындығын немесе жатпайтындығын анықтау кейде қиынға соғады. Сондықтан даралардың бір түрге жататындығын шешу үшін көптеген критерийлер қолданылады. Морфологиялық критерий - өткен ғасырдың ортасына дейін пайдаланған негізгі критерий. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің арасындағы сыртқы айырмашылыққа негізделген. Бірақ кейде егіздер-түрлер кездеседі. Олардың бір-бірінен сырттай еш айырмашылық жоқ дерлік.

Жұмыстың барысы:

1.Қолда бар материалды пайдаланып түрлердің морфологиялық критериін анықтаңыз.

2.Оларды қысқаша жазып шығыңыз.

3.Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

4.Бір ғана критерий арқылы түрді анықтаудың мүмкіндігі бар ма ?

Белгілері

Түрдің атауы

Қорытынды

Қолдай түрлік критерийді сипаттайды.

Қорытынды:

1.Сыртқы және ішкі белгілері морфологиялық критерийді берді.

2.Бір түрге барлық критерилер анықталған кезде жатқыза аламыз.

№3 Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі.

Жұмыстың мақсаты: Сыртқы орта жағдайына байланысты сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының өзгерістерін зерттеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Лупа, пинцет, препараттық инелер, кітап, атлас, коллекциялар.

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Тірі ағзалардың барлық белгілері олардың тіршілік ету жағдайларына бейімделген. Ағзалардың ішкі және сыртқы құрылысы, жануардың мінез – құлығы және т.б. бейімделушілігімен ерекшеленеді. Дарвиннің теориясы бейімделушіліктің пайда болуын тұқым қуалау өзгергіштікпен және табиғи сұрыпталумен түсіндіреді. Бейімделушіліктің жарқыраған мысалдары – бүркеніш рең және мимикрия. Мимикрия – бұл қауіпті түрлерге еліктеу көптеген жануарларда байқалады. Мысалы: кейбір залалсыз, усыз жыланның улы жыландарға ұқсауы оларға жыртқыштардың шабуылынан құтылуына көмектеседі.

Бірақ бейімделушіліктің салыстырмалы екенін барлық жерде есепке алу керек. Яғни қандай да болса бейімделу тек қана өзі қалыптасқан жағдайында ғана тірі қалуға көмектеседі.

Жұмыстың барысы:

1.Атлас, суреттер, кітаптар коллекцияларды анықтап қарай отырып, әртүрлі систематикалық топтардың қорғану бейімделгіштігін анықтаңыз және оның себептерін, шығу тегі табыңыз.

2. Сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының құрылысының өзгеруін анықтап, қандай бейімделушілік нәтижесінде пайда болғанын табыңыз. Себебін анықтаңыз.

3. Әртүрлі систематикалық топтардағы бүркеніш реңдердің пайда болғанын анықтаңыз.

4.Жануарлардың экспонаттарын қарай отырып, ауыз аппараттарындағы тістерінің құрылысының өзгеруін, олардың қоректенуіне байланысты екендігін анықтаңыз, нәтижесін кестеге толтырыңыз.

Жануарлардың аты

Тіршілік ету ортасы

Бейімделгіштігі. Бейімделу себебі

Биологиялық маңызы

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Бейімделу нәтижесі нені береді ?

2.Бейімделуге байланысты жануарларды қандай топтарға бөлеміз?

3.Күрделі бейімделгіштікке мысал келтіріңіз?

Қорытынды: бейімделгіштік түрдің әртүрлі сыртқы жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік береді.

№ 4 Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Насекомдардың бейімделгіштігін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Насекомдардың әртүрлі сыртқы орта жағдайына бейімделуіне көз жеткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Коллекция: «Насекомдардың аяқтарының бейімделе отырып өзгеруі», «Қорғаныш реңдер», кітаптар, дайын препараттар, лупа, пинцет, инелер, сызғыш, ақ қағаз.