Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаборатория эволюция Зияева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285 Кб
Скачать
☆

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Тірі ағзалардың барлық белгілері олардың тіршілік ету жағдайларына бейімделген. Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер өте көп ұсақ, құрғақ, өте жеңіл тозаң түйіршіктерін өндіреді. Олардың гүлдерінің аналық ауыздары үлкен және үлпілдекті формалы болады. Мұның бәрі оларға қарқынды тозаңдануға көмектеседі. Дарвиннің теориясы бейімделушіліктің пайда болуын тұқым қуалау өзгергіштікпен және табиғи сұрыпталумен түсіндіреді. Бейімделушіктің жарқыраған мысалдары – бүркеніш рең және мимикрия.

Жұмыстың барысы:

Зерттелген нәтижелерді кестеге толтырып отырады:

Өсімдіктің түрі

Тіршілік ету ортасы

Бейімделуі

Биологиялық маңызы

Бейімделу себебі

Сұрақтарға жауап беріңдер

Гербарийлерді анықтап, қарай отырып:

1.Кактустарда қандай ерекшеліктер байқалады? Ол неден туындаған.

2.Қараңғы және жарықта өмір сүретін өсімдіктерде қандай айырмашылық бар?

3.Сулы өсімдіктерге мысал келтіріңіз, олардың құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

4.Пиязшық, тамыржемістер қалай пайда болған?

5.Жануарлар жемейтін өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі неде?

6.Ертегүлдейтін өсімдіктерді анықтаңыз, оларды қандай өсімдіктерге жатқызамыз?

Қорытынды: Тұқымқуаламайтын өзгергіштік – табиғи сұрыпталуға материал береді.

№ 8 Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерде идиоадаптация мен араморфозды анықтау (жеке және топ бойынша өткізуге).

Сабақтың мақсаты: а) көптеген ірі систематикалық топтардың араморфоз жолымен пайда болуын мысалдар келтіре отырып түсіндіру. б) білімгерлерді организмдердің мүмкін болатын идиоадаптацияларының мысалдарымен таныстыру. в) органикалық эволюцияның ең басты бағыттарына адам іс-әрекеттерінің әсер етуін ашып көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар: Бақылауларды жазып алатын дәптерлер, таратылатын материалдарға арналған табақшалар, пинцеттер, лупа, т.б.

Бақылауға арналған материал: Өсімдіктер типтері, кластарының әр түрлі өкілдерінің суреттері (кактус және басқа өсімдіктердің түрлері, стегоцефал, архиоптерикс, т.б. балықтар мульяждары, гүлді және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің гербарийлері, әртүрлі идиоадаптацияның түрлері бар насекомдардың коллекциялары, паразит- құрттардың спирттік препараттары, бейімдеушіліктері айқын байқалатын кактус, традесканция және т.б. өсімдіктердің түрлері, гүлдердің, жемістердің, тұқымдардың жиынтығы, жалаңаш тұқымды және гүлді өсімдіктер өкілдерінің сабақтарының құрылысы.

Жұмыстың қысқаша мазмұны

1. Гербарийлерді қарап шығып, берілген өкілдер қай систематикалық категорияға жататындарын көрсетіңдер.

- әр топтың өкілдеріне жататын өсімдіктің әр қайсысының сыртқы орта жағдайына бейімделуін анықтаңдар. Олардың биологиялық ерекшеліктерін ашып көрсетіңдер.

- әр топ өсімдіктердің эволюциялық даму жолдарын көрсетіңдер.

Систематикалық топ

Эволюция барысында пайда болған бейімделу өзгерістері

Пайда болған өзгерістердің биологиялық маңыздылығы

Берілген систематикалық топтың эволюциялық жолы

2. Суреттерді, тұлыптар, мульяждарды жақсылап зерттеп қараңдар (әртүрлі кемірушілер: сарышұнақ, тиін, т.б.).

- әр өкілдің сыртқы орта жағдайына бейімделушілігін, нәтижесінде пайда болу өзгерістерін көрсетіп, олардың биологиялық маңыздылығын ашып көрсетіңдер.

3.Берілген гүлді өсімдіктер өкілдерінің (рябина, черемуха, вязь, липа, клен, шие, т.б.), гербарийлік материалдарын (өркендерін, жемістерін, гүлдерін), коллекцияларын қарап шығу зерттеліп отырған өкілдердің қай систематикалық топқа жататындығын анықтаңдар.

- гүлді өсімдіктердің жеміс пайда болуы биологиялық маңыздылығын ашып көрсету керек.

- зерттеліп отырған топ өкілдерінің жемістерінің бейімделу белгілерін анықтаңдар.

- зерттеліп отырған гүлді өсімдіктердің эволюциялық даму жолдарын анықтау қажет.