Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
excel.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722 Кб
Скачать
☆

Лабораториялық (Деңгейлік) тапсырмалар

Тақырыбы: №2. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен теңдеудің шешімдерін есептеу.

І міндетті деңгей

1. Excel программасын іске қосыңыз.

2. Жұмыс парағының жаңасын құрыңыз, Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз, оны СІЛТЕМЕЛЕР деп атаңыз.

  1. А1: А10, В1:В10 ұяшық ауқымдарына әр түрлі сандар енгізіңіз.

  2. С1 ұяшығын ерекшелеп =A1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.

  3. С1 ұяшығын ерекшелеп алып, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы С10 ұяшығына әкеліңіз.

  4. D1 ұяшығына =A$1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.

Іі лайықты деңгей

1.D1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы D10 ұяшығына әкеліңіз.

2.E1 ұяшығына =$A1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.

3.E1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы E10 ұяшығына әкеліңіз.

4. F1 ұяшығына =$A$1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.

5. F1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы F10 ұяшығына әкеліңіз.

6.G1 ұяшығына =$A$1+$B$1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.

7.G1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы G5 ұяшығына әкеліңіз.

Ііі лайықты деңгей

1. H1 ұяшығына =A1+B$1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.

2. H1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы H10 ұяшығына әкеліңіз.

3.Абсолютті, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолданудың көмегімен C, D, E, F, H, бағандарының мәндері дұрыс есептелетіндігін байқаңыз. Алынған нәтижелердің айырмашылығы неде ?

4.A11 ұяшығына келесі сөзді енгізіңіз “қосынды =”

5.Автоқосындының нәтижесін алу үшін В11 ұяшығына шертіңіз. Бұл үшін стандарттық панельдегі АВТОҚОСЫНДЫ (Автосумма) батырмасын шертіңіз. Содан соң А1:В10 ауқымдарын тышқанмен ерекшелеп, Enter-ді басыңыз.

6.Файлды қайта сақтаңыз.

Тест тапсырмалары №2

  1. Қатар орналаспаған бірнеше ұяшықтарды қалай белгілеуге болады ?

А) Меңзер (Курсор) арқылы

Ә) Shift+ курсор арқылы

Б)Ctrl пернесін қосып басу арқылы

В)Enter пернесі арқылы

2. Блокты ерекшелеу

А) Блоктың бастапқы ұяшығында тышқанды шертеміз де, тышқанның батырмасын босатпай курсорды соңғы ұяшыққа жылжыту

Ә) жол номеріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту

Б) Тышқан курсорын бағана аттарымен жол номерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына апарып, оны бір рет шерту.

3. Ұяшықтағы мәліметтерді өшіру.

А) Жою(Удалить) командасын орындау арқылы

Ә) Файл –Жою(удалить) командасын орындау арқылы

Б) Правка- очистить ( түзету- тазалау) командасын орындау арқылы

В) Барлығы да дұрыс емес

4. Ұяшықтағы мәліметтерді көшіру жолын ретімен көрсет

А) Тышқан батырмасын босату

Ә)Көшіруге тиісті ұяшықты ерекшелеп алу

Б) Түзету-Қою (Правка-Вставить) командасын орындау

В) Курсорды мәлімет көшіруге тиісті ұяшыққа орналастыру

Г) Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын орындау

5. Ұяшықтағы мәліметтің орнын ауыстыру жолын ретімен көрсет

А) Түзету-Қию (Правка- вырезать) командасын орындау

Ә) Меңзерді мәліметті орын ауыстырылуға тиісті ұяшыққа орналастыру

Б) Тышқан батырмасын босату

В) Түзету-Қою (Правка-Вставить) командасын орындау

Г) Меңзерді (курсор) мәлімет орын ауыстыруға тиісті ұяшыққа орналастыру.

6. Формуланы ұяшыққа қалай ендіруге болады.

А)(‘) апостраф символынан бастап ендіріледі.

Ә) =, -, +, таңбалары енгізіледі.

Б) Shift пернесін басу арқылы

В) (‘) апостроф және =, -, + таңбалары арқылы ендіріледі.

7.Салыстырмалы сілтеме(адрес) дегеніміз не?

А) $ таңбасы қойылған бағана мен жол. Адресі бір ұяшықтан келесісіне ауысқанда өзгермейді

Ә) Адресі бір ұяшықтан келесісіне ауысқанда өзгеріп отырады.

Б) Адрестердің кейбірін салыстырмалы, ал кейбірін абсалютті түрде жазуға болатын болса

8. Абсолютты сілтеме(адрес) дегеніміз не?

А)$ таңбасы қойылған бағана мен жол. Адресі бір ұяшықтан келесісіне ауысқанда өзгермейді.

Ә) Адресі бір ұяшықтан келесісіне ауысқанда өзгеріп отырады

Б)Адрестердің кейбірін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болатын болса

9.Аралас сілтеме(адрес) дегеніміз не?

А) $ таңбасы қойылған бағана мен жол. Адресі бір ұяшықтан келесісіне ауысқанда өзгермейді.

Ә) Адресі бір ұяшықтан келесісіне ауысқанда өзгеріп отырады

Б) Адрестердің кейбірін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болатын болса

10. $ таңбасы не үшін қолданылады ?

А)Адресті сақтау үшін

Ә)Өзгеретін адреске қойылады

Б)өзгермейтін адреске қойылады

11. Excel-дегі сілтеменің қандай түрінде сілтеменің адресі формуланы көшірген кезде өзгермейді, сілтемеде көрсетілген ұяшық тұрақты ретінде қарастырылады?

А) Абсолютты және салыстырмалы

Ә) Абослютты емес

Б) салыстырмалы емес

В) Абсолютты

Д) салыстырмалы

12. Сілтеменің қандай түрінде формуланы бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді?

А) Абсолютты және салыстырмалы

Ә) Абослютты емес

Б) салыстырмалы емес

В) Абсолютты

Д) салыстырмалы

13. Барлық компаненттерінде абсалютты сілтеме қолданылған ұяшық адресін көрсетіңіз.

А) $A$1

Ә) $A1

б) A$1

В) A1

Г) A

14. С4 ұяшығында = $A$4 + $B$4 формуласы жазылған. Көшіру барысында D4 ұяшығында қандай формула орналасады?

А) $A$4+$C$4

Ә) $A$4+$В$4

Б) $A$4+$D$4

В) $В$4+$C$4

Г) $A$4+$D$4

15. Салыстырмалы сілтеме қолданылған ұяшық адресі.

А) $D27

Ә) $D$27

Б) D$27

В) D27

Г) D.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]