Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
excel.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
722 Кб
Скачать
☆

Лабораториялық (Деңгейлік) тапсырмалар

Тақырыбы: №3. Excel программасының құралдарымен теңдеудің шешімдерін есептеу.

І міндетті деңгей

1. Excel программасын іске қосыңыз.

2. Жұмыс парағының жаңасын құрыңыз, Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз, оған «Теңдеу» атауын беріңіз.

3. у=-x*x+5*x функциясын [-5 ; 5] аралығында h=1 қадаммен есептеу керек.

Есептің нәтижесін мынадай түрде көрсету керек:

А

В

С

Х

h

у=-x*x+5*x

Іі лайықты деңгей

1. Ол үшін А бағанасына x, B бағангасына h, C бағанасына у=-x*x+5*x формуласын енгізіңіз.

2. А2 ұяшығына х-тің алғашқы мәнін енгізіңіз. (х=-5). В2 ұяшығына h-тың алғашқы мәнін енгізіңіз. (h=1). С2 ұяшығына =-А2*А2+5*А2 формуласын енгізіңіз. ENTER пернесі басылған соң у-тің бірінші мәні шығады.

3. х-тің екінші мәнін табу үшін А3 ұяшығына =A2+B2 формуласын енгізіңіз. Қадам h=1 тең болғандықтан В бағанасын 1 санымен толтырамыз.

4. 3-ші бөлімдегі әрекеттерді қайталай отырып х=5 мәніне жеткенше

у=-x*x+5*x формуласын есептеңіз

ІІІ жоғары деңгей

1.А бағанасындағы мәліметтерді (асты сызылған, өлшемі-16, мәтін түсін жасыл) етіп өзгертіңіз.

2.В бағанасындағы мәліметтерді (курсив, асты сызылған, өлшемін-14, мәтін түсін қызыл) етіп өзгертіңіз.

3.С бағанасындағы мәліметтерді (жартылай қою, өлшемін-12, түсін қоңыр) етіп өзгертіңіз.

4. Файлды қайта сақтаңыз.

Тест тапсырмалары№3

  1. Excel функциялары дегеніміз не?

А) Нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер

Ә) керекті мәліметтер

Б) программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар

2. Аргументтер дегеніміз не?

А)Нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер

Б)Керекті мәліметтер

В)Программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар

3. Функция қандай қызмет атқарады ?

А) Функция жазады

Ә) Есептеуді жеңілдетеді

Б) Есеп шығарады

В)Ешқандай қызмет орындамайды.

4. Сәйкестікті анықта

1)sgrt( x) а)сандардың қосындысы

2.sin(x) ә) сандардың үлкенін анықтау

3. max(тізім) б)сандардың арифметикалық ортасын табады

4. min(тізім) в) х-тың кв. түбірі

5.sum(тізім) г) сандардың кішісін анықтау

6.Ср.знач (тізім) д) sin- тың мәнін есептейді

5.Функцияны іске қосу.

А) Файл- Функция командасын орындау арқылы

Ә) Іске қосу(Пуск)-Функция командасын орындау арқылы

Б) Вставка(Кірістіру)- Функция командасын орындау арқылы

6. Сәйкестікті анықта

1) Логикалық функция а) max, min,срзнач

2) Математикалық функция ә) егер, және, немесе, ақиқат, жалған

3) Статистикалық функция б) Cos, sin, log, ln

7. Формулалар қатары қызметі қандай?

А) Мұнда формулаларды өңдеуге болады

Ә) Microsoft Excel кестесі туралы мәлімет шығып тұрады.

Б) Мұнда кестелермен түрлі жұмыстар жасауға болады.

8. Excel-дегі ауқымның (блок) белгіленуі.

А) В5:Н7

Ә) Б5:Н7

Б) В5;Н7

В) В5-Н7

Г) В5, Н7

9. Электрондық кестенің А1:В3 ұяшықтар тобына енетін ұяшықтар саны.

А)3

Ә) 4

Б) 5

В) 6

Г)2

10.

А

В

С

1

5

=A1*2

=A1+B1

Берілген кесте бойынша С1 ұяшығындағы есептеу нәтижесі келесідей болады

А) 5

Ә) 10

Б) 15

В) 20

Г) 25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]