Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VOPROSY_DLYa_1RK_RDIGB_15-16.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. Стандарт әзірлеу сатылары

Әр стандартты әзірлеу мақсаттылығы кәсіпорын талаптарымен және күтілетін экономикалық тиімділік талаптарымен сипатталады. Ол үшін әдеби және өндірістік деректер алдын ала іріктеліп, талданады, өнеркәсіптің даму үрдістері мен даму тенденциялары белгіленеді, шет елдердің тәжірибесі талданады.

МСЖ стандарт әсірлеудің 6 сатысы белгіленген:

  1. Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру және техникалық тапсырмалар жасау. Бұл кезеңде стандарттарды жасайтын шығармашылық топ құрылады. Оның құрамына техника немесе өндіріс бойынша мамандар, стандарттау және метрология қызметінің қызметкерлері кіреді. Топ стандартталатын өнімге қойылатын талаптар қарастырылатын техникалық тапсырма әзірлейді. Мысалы заманауи радиоаппаратқа стандарт әзірлеуде топқа радиоэлектроника, акустика, медицина және стандарттау саласындағы мамандар кіреді. Техникалық тапсырмада техника көлемі, салмағы дыбыстың шығу параметрлері, эргономикалық көрсеткіштер, техниканы пайдалану жөнінде қойылатын қауіпсіздік талаптары және т.б. қалыптастыру керек.

  2. Стандарт жобасын әзірлеу. Топ стандарттың 1-нұсқасын әзірлеп, оны тәуелсіз сарапшыларға конструктивті сын және ескертпелер алу мақсатында тәуелсіз сарапшыларға жіберіледі. Сарапшы ретінде радиоаппаратура саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлер мен ықтимал тұтынушылар болады.

  3. Пікірлерді талдау және стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу. Топ сарапшылар пікірін алғаннан кейін оларды талдайды және олардың ескертпелері негізінде стандарттаудың соңғы мәтінін әзірлейді.

  4. Стандартты дайындау, келісу және бекітуге ұсыну. Бұл кезеңде жаңа стандарт жобасын дайындау, оны мүдделі тараптармен келісу жүргізіледі. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, осы сала кәсіпорындары болуы мүмкін. Стандарт келісуден өткеннен кейін бекітуге ұсынылады.

  5. Стандартты қарастыру, бекіту және тіркеу.

  6. Стандартты жариялау.

  1. Стандарт әзірлеу кезіндегі негізгі принциптер

1. Жүйелік принципі

Жүйе деп өзара байланысқан элементтер жиынтығын айтады. Жүйеге кіретін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы әр түрлі деңгейде ирархиялық тәуелді құрылым құрайды.

Жоғарғы сапалы өнім алудың шарттарын жасау үшін барлық сапаны қалыптастыру кезеңдерін жобалауды, өндіруді және дайын бұйымды эксплуатациялауды қамтитын стандарттардың рационалды жүйесі қажет.

Кәсіпорындардың кең салааралық байланысы кезінде стандарттар жүйесі шикізат, материалдар, дайындамалар және соңғы бұйымдар және де қаптау стандарттарын қамтуы тиіс. Бұл принцип машина, құрал-жабдық және т.б. кешенді және озық стандарттау кезінде қолданылады. Оны өнімнің сапанын басқарудың кешенді жүйесін енгізу кезінде кең қолданады. Стандарттар өнімді дайындау кезінде шикізатты алудан бастап қаптап тұтынушыға жіберуге дейінгі барлық процестерді қамтуы керек. Тек сол кезде ғана қажетті нәтижеге, яғни өнімнің жоғарғы сапасына мен тұтынушылар үшін оның қауіпсіздігіне жетуге болады.

Кешенді стандарттау — жалпы стандартталатын объектінің өзі мен оның негізгі бөліктеріне де, сонымен бірге нақты мәселені оңтайлы шешуді қамтамасыз ету мақсатында, объектіге ықпал ететін басқа да материалдық және материалдық емес факторларға өзара байланысты талаптарды мақсатқа сәйкес және жоспарлы түрде белгілеу және қолдану.

2. Стандарттардың прогрессивтілік және оңтайландыру принципі.

Стандарт арқылы орнатылатын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар, талаптар әлемдік ғылым, техника және өндіріс деңгейіне сәйкес келуі қажет. Олар даму тенденциясын ескеру керек, өнімнің жаңа сапасының тиімділігін ғана емес, сонымен қатар дайындау материалдары мен эксплуатациялау шығындарын ескеретін экономикалық оңтайлы сапа көрсеткіштерін құрулары керек. Минималды шығын арқылы максималды тиімділік алынуы тиіс.

Стандарттар уақыт өте талаптарды күшейту жағына қарай қайта қарастырылуы керек, себебі қазіргі оңтайлы экономикалық шығындармен алынған параметрлер ертең әдеттегідей болып қалуы мүмкін. Мысалы, шу деңгейіне байланысты азаматтық ұшақтар және автокөліктер стандарттары немесе сәулелену деңгейіне байланысты теледидарлар, компьютер мониторлары стандарттарын үнемі қайта қаралуы тиіс. Стандарттарды қарастыру өндірушілерді өз өнімін, оның сапасын үнемі жақсартып тұруға мәжбүрлейді. Бұл принцип ілгерімелі стандарттауда қолданылады.

Ілгерімелі стандарттау - бұл жақын келешекте оңтайлы болатын болжауларға сәйкес тәжірибе жүзінде қол жеткізілген стандарттау обьектілерінің талаптары, нормалары деңгейіне қатысты жоғарылатылған талаптарды, нормаларды орнатудан тұратын стандарттау қарым-қатынасы бойынша жоғарғы орнатумен аяақталатын стандарттау.

3. Стандартты өнімдердің функционалды өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету принципі.

Эксплуатациялау көрсеткіштері бойынша өнімнің өзара алмасымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ескілердің орнына келетін конструкциясы бойынша жаңа машина немесе жабдықтар оны функционалды алмастыру қажет, мысалы, автокөлік тарихы 100 жылдан астам уақытқа жалғасып келсе де барлық моделдер функциялары жағынан бір-бірін алмастырады сондықтан жүргізушіге жаңа моделді басқару үшін оған қайта үйренудің керегі жоқ. Сол сияқты әртүрлі жұмыстарға арналған автокөліктер, мысалы, жүк машинасын немесе жеңіл машинаны бірдей жүргізеді. Бұл принцип кешенді және ілгерімелі стандарттауда, сонымен қатар техникалық шарттарды стандарттаудағы басты принцип б.т. Осы принцип негізінде машиналарды, құралдарды және т.б. бірыңғайландыру және агрегаттау құрылады.

4. Стандарттарды өзара үйлестіру принципі

Жалпытехникалық және салааралық стандарттардың алуан түрлілігі кезінде олардың өзара үйлестірімділігі қажет. Кешенді стандарттау әдісі осы принциптің қажеттілігі және тиімділігін сендіретін мысал болып табылады. Стандарттардың талаптары бір-біріне қайшы тұрмауы тиіс. Кейбір талаптар басқаларын жоймауы тиіс.

5. Стандарттарды әзірлейтін ғылыми-зерттеу принципі

Техникалық тәжірибелерді кең қамтуды ғана қарасытрмайды, сонымен қатар,стандарттау жобасын дайындау және оларды сәтті енгізу үшін қажетті, арнайы теориялық, эксперименталдық және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді. Стандарттар талаптары оларды ғылыми негіздеу және зерттеуден кейін ғана орнатады. Тек осы зерттеулер ғана тұтынушы үшін неғұрлым қолайлы әрі қауіпсіз болатын өнімге қойылатын талаптардың қажетті деңгейін шынайы растап көрсете алады.

6. Артықшылық принципі

Оны өзара ауыстырымдылықтың деңгейін жоғарлату үшін, өнім наменклатурасын және зауыттардың тиімді мамандану мен кооперациялану, өнімді, стандарттарды бірыңғайландыру және құрастыруды арзандату үшін жағдай жасауда материалдар, дайындамалар, құралдар, жабдықтар, калибрлер өлшемін азайту үшін кең қолданылады.

  1. Материалдардың минималды меншікті шығындар принципі

Дайындамалар мен бұйымдарды стандарттау кезінде металды үнемдеу рационалды конструктивті сұлба және машиналарды жинақтауы, беріктілікке бөліктілікті есептеу әдістерін жетілдіру және беріктілік қорының төмендеуін негіздеу, экономикалық профилдерді қолданудың арқасында алынуы мүмкін.

8. Жинақтау және оңтайлы шектеу принципі

Стандарттарды әзірлеу кезінде ақырғы стандарттау обьектісіне әсер ететін негізгі барлық элементтерді есепке алу қажет. Стандарттау бойынша еңбек сыйымдылығын азайту үшін негізгі обьектіге аз әсер ететін элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттама жүйесін және өзара байланысқан материалды және материалды емес элементтер кешеніне қойылатын талаптарын қарастырады. Осыған байланысты элементтерге қойылатын талаптар стандарттаудың негізгі обьектісіне қойылатын талаптардан анықталады. Жоғары сапалы өнім алу шарттарын құру және өндірістің тиімділігінің жоғарлату үшін, барлық өмірлік циклді (жобалау, өндіру, эксплуатациялау) қамтамасыз ететін рационалды стандарттар жүйесі қажет.

9. Динамикалық принцип

Өндірістің, сауданың, өнеркәсіптің әрекет ету тиімділігін жоғарлату үшін олардың заманауи талаптарға сәйкес келтіру мақсатында шаруашылық субъектілерді өз жұмысының сапасын жоғарылатуға итермелеу, бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды периодты қайта қарау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]