Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VOPROSY_DLYa_1RK_RDIGB_15-16.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. Бірыңғайландыру (унификаттау), симплификаттау және агрегаттау

Бірыңғайландыру – бұл бірдей функционалды тағайындалған объектіледің оңтайлы және қысқартылған наменклатураларын тіркеу және реттеудің ғылыми-техникалық әдісі. Машина жасауда бірыңғайландыру бұйымдардың конструкциясын талдау, олардың қолданылуы және конструкциясы мен көлемдері бойынша жақын бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері және бөлшектерін белгіленген белгілер мен қолданылу саласы бойынша бірыңғай оңтайлы типтік конструкцияға келтіру арқылы жүзеге асырылады.

Бірыңғайландырылған бұйымдар, олардың құрамдас бөліктері мен бөлшектері сапа көрсеткіштері (немесе үйлесімділігі) және жалғану өлшемдері бойынша өзара алмасымды болу керек. Бірыңғайландыру кезінде минималды бірақ сапа көрсеткіштері жоғары түрлердің, типтердің және тип өлшемдерінің жеткілікті саны орнатылады. Бірыңғайландыру – стандарттаудың ең кең тараған және тиімді нысаны. Бірыңғайландыруды стандарттауға дейін жүзеге асыруға болады, бірақ бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктерін стандарттау үшін оларды бірыңғайландыру қажет. Егер өнеркәсіптің бірнеше саласында қолданылатын стандарт әзірленетін болса, онда типтік көлемдердің көп санына жол беріледі. Бұйымдардың типтік көлемдерінің салалық немесе зауыт ішіндегі тізбелерін жасау арқылы одан әрі қысқартуға болады.

Бірыңғайландыру алдында объектілер жүйеге келтіріліп жіктеледі. Заттар, құбылыстар немесе ұғымдар пайданлану үшін қолайлы нақты жүйе құрайтын белгілі бір тәртіппен және ретпен орналастыру мақсатында жүйеленеді. Бұл ретте жүйеленетін объектілердің өзара байланысы ескеріледі, ал объектілердің алфавит бойынша орналасуы жүйелеудің ең қарапайым түрі б.т. сондай-ақ объектілердің рет нөмірі немесе оларды хронологиялық тәртіппен орналастыру қолданылады.

Жүйелеудің бір түрі жіктеу б.т. Оның мақсаты заттарды, құбылыстарды немесе түсініктерді орьақ белгілеріне байланысты класс, класс тармағы және дәрежелері бойынша орналастыру. Яғни өзара байланысатын объектілердің жүйесін жасау. Көбінесе жіктеуді ондық жүйе бойынша жүргізеді.

Симплификаттау – стандарттаудың бұйымның тұрпатын немесе басқа түрлерінің санын қазіргі уақыттағы қажеттілікті қанағаттандыратын санға дейін азайтатын нысаны. Симплификаттау кезінде тек қажетті болып саналатын құрамдас бөліктер мен бөлшектер ғана қалады. Симплификаттау объектілеріне қандай да бір жетілдірулер жасалмайды.

Құрылымдық бұйымдарды типтеу – бұйымның, олардың құрамдас бөліктері мен бөлшектері қатарлары үшін ортақ құрылымдық параметрлері бар типтік құрылымдарды құрастыру және орнату. Типтеу кезінде өнімнің және оның құрамдас бөліктерінің әрекеттегі типтік өлшемдері мен типтері ғана талданып қоймай, ғылым мен техника жетістіктерін және өнеркәсіптің дамуын есепке алатын жаңа перспективті түрлер жасалады.

Технологиялық процестерді типтеу – бұл бір типті бөлшектерді өндіру немесе машиналардың бір типтік жинақтық түйіндерін жинау үшін технологиялық процестерді құрастыру. Технологиялық процестерді типтеу алдында өнімді, оның құрамдас бөліктері мен бөлшектерін жіктеу және берілген өнімдер тобына тән белгілер саны көп типтік өкілдерді, өкілді объект орнату жұмыстары жүргізілу керек.

Бірыңғайландырудың келесідей түрлері бар:

Өлшемішілік – бұл базалық моделі бар белгілі бір бұйымның барлық модификацияларын немесе бір тип өлшем ішінде өзара бірыңғайландыру.

Өлшемаралық – бұл базалық моделдерді бірыңғайландыру немесе оларды түрлендіру (өнімнің параметрлік қатарының әртүрлі өлшемдері аралығанда, бірақ бір тип ішінде)

Аталған бірыңғайландырудың 2 түрі типішілік бірыңғайландыруға жатады. Себебі ол бір типті машинаны, оның құрамдас бөліктерін және бөлшектерін қамтиды.

Типаралық бірыңғайландыру – әртүрлі параметрлік қатарларға және әртүрлі типтерге жататын өнімді бірыңғайландыру.

Агрегаттау – бұл машиналарға, жабдықтарға және өнімдерге әртүрлі мөлшерде және әртүрлі үйлесімде орнатылатын, бірыңғайландырылған көп рет пайдаланылатын стандартты агрегаттардан тұратын басқа да өнімдерді жасау әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]