Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модульное задание.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

1.Тілдік бейне терминінің зерттелуінің теориялық негіздері

Жеке тілдік аспектіде тілдік бейне сол тілде сөйлеуші халықтың, ұлттың дүниетанымы бейнелейді. Тілдік бейнесі- әрі философиялық, әрі филологиялық ұғым ретінде кеңірек көлемде қарастыруға лайықты категория болғандықтан, белгілі бір ұлттың деңгейіндегі тілдік бейнесін жалпы адамзат танымындағы әлем моделімен қарастыру қажет. Тілдік бейне - әлемнің мәдени бейнесі негізінде қалыптасатын болмысты, шындықты көрсетеді.Тіл- мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан мәдениет те тілдің бір бөлшегі болып саналады. Тіл дүниенің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей алмайды, тек қана бейнелейді. Тіл – ойлау- әлем (ғалам) үш жақты кешенді байланысына қатысты зерттеулерде ғаламның тілдік бейнесі мен концептуалдық бейнесінің өзара байланыстылығы мен айырмашылығын ажырата тани білу ерекше мәнге ие болып отыр. Зерттеулерден пайымдағанымыздай, белгілі бір тілдің барлық концептуалдық мазмұны ғалам бейнесін құрайды. Бірақ, ғалам бейнесі тек қана тілдің дайын формасына енгізілген мағынаны ғана емес, сонымен бірге тілдік формадан шығып, абстракцияланатын мағынаны да білдіреді. Бұл мағыналар түрлі сөйлеу туындыларында, жазбаша, ауызша мәтіндерде сипатталған, дүние құбылыстарының түрліше суреттерімен танысу барысында адамның танымдық, заттық қызметінде жинақталған образдардан, қабылдаулардан, ұғымдар мен бағалаулардан, бір сөзбен айтқанда концептілерден тұрады.

    1. Тілдік бейненің зерттелуі мен дамуы

Тілдік бейне - біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым.

ХХ ғасырда тілдік бейне туралы зерттеулер лингвистикалық қатысымдылық гипотезасы аясында жасалынғанын атап өту қажет. Лингвистикадағы тілдік бейне туралы түсініктің қалыптасуы антропологиялық бастаулардың негізінде дамыған лингвистиканың бөлімі ретінде гнесолингвистиканың пайда болу симптомы болып табылады.

Тіл – дүниені бейнелеудің бір құралы ретінде түсінілуі қажет. Әйтсе де, дүниенің тілдік бейнесі дүние суретінен басқа вербалды емес (тілдік емес) формадағы түрлерімен салыстырғанда, оның маңызды құрамдас бөлігін құрайды.

Тілдік бейне жасаудағы басты ұстанымдардың бірі - антропоцентристік ұстаным. Антропоцентризм – дүниені, тілді адами тұрғыдан, адам үшін түсіндіретін концепция екендігін жоғарыда атап өттік. «Ғаламның тілдік бейнесі» күрделі ұғымдық құрылым болғандықтан, табиғатын ашып түсіндіруді әр зерттеуші өзіндік тұрғысынан шешеді. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынған неміс ғалымы Л.Вейсгербер болатын. В.фон Гумбольдтың тілдің ішкі формасы ілімін негізге алған ол, «ғаламның тілдік бейнесі» ұғымына лейнгвопсихологиялық концепцияларды негіз етіп алады. «Тілдік бейне» - индивидтің танымдық көзқарасын көрсететін тілдік бірлік, яғни эмпирикалық тәжірибелердің жиынтығы, аралас жүйедегі білім. «Тілдік бейне» Ислам Айбарша былай дейді: «Дүниенің тілдік суреті адамның танымдық іс-әрекеті, ұлттық мәдениеті негізінде түзіледі және белгілі бір ұлт қауымдыстығының өкілдеріне ортақ. Демек, дүние суреті дегеніміз – концептуалды (логикалық) және тілдік үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей байланысты дүние туралы білімдер жиынтығы» [1, 12].

Ғаламда тілдік бейне әр тілде әртүрлі болады. Себебі индивид сол тілдің семантикалық базасында тілді меңгереді. Осы кезде тілдегі мәдени құндылықтар сөздердің мәні ұжымдық арқылы ұлттық мінез бен ұлттық менталитетті қалыптастырады. Осы орайда тілші ғалым Г. Смағұлова былай дейді: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталатын Шоқан, Абай, Ыбырай тіліндегі ғаламның тілдік бейнесінің ерекше болуы, яғни ұлттық нақышта ұлтжандылық концептілерінің келуі олардың өз ана тіліндегі барлық сөздердің мәнін түсініп, ұлттық таным позициясында шегеленуінде, сол деңгейде өсіп-өнуінде жатыр»