Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции аудит каз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

6.Кәсіпорын және аудитті жүргізу тәртібі.

1.Аудиторлық таңдау. Таңдап алуға әсер ететін факторлар. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар.

2.Аудитті жоспарлау пpoцeci. Клиентпен алдын ала танысу.

3.Аудит жургізу тәртібі. Аудит туралы келісім.

4.Аудиттің бағдарламасын және жоспарды жалпы дайындау тәртібі.

Іріктеудің әрбір бабы бойыншааудиторлық процедура өткізгеннен кейін аудитор:

  • Үлгіден табылған қателерді талдауға тиісті;

  • Іріктеу тәуекелдігіне қйта бағалау жасауға тиісі;

Іріктеудегі қателерді талдау.Үлгідегі табылған қателерге талдау жасау кезіндегі, аудиторға бірінші кезекте қарастырылып отырған бапташын мәнінде қате бар екендігін анықтау қажет.

Іріктеуді жоспарлау кезінде аудитор аудиттың мақсатын есепке ала отырып қатені құраушы жағдайларды анықтайды. Мысалы обьектіге қатысты тексеру жүргізу кезінде дебиторлық борыштардың есебі бойынша жүзеге асыру жағдайында шаруашылық операцияларының клиент шоттарына дұрыс апарылмауы, дебиторлық борыштардың жиынтық сомасына әсеерін тигізбейді. Сондықтан бұл нақты процедуруларға қатысты іріктеу нәтижелерін бағалаған кезінде оны қате деп есептеу дрыс болмас еді.

Іріктеу тәуекелдігін ұайта бағалау.Егер болжанған қателер ұйғарылған қателерден көп болса, онда тәуекелдікті қайта бағалау қажет. Осының нәтижесінде қосымша процедураларды жүзеге асыру өажеттігі туындауы мүмкін.

Статистикалық және статистикалық емес іріктеулерді салыстыру.

Статистикалық іріктеу еркін таңдауды қолдануды және іріктеу көлемін анықтау, сандық бағалау мен тәуекелдікті өлшеу үшін ықтималдық теориясы пайдаланылады. Статистикалық емес іріктеу кезінде ықтималдық теориыясына негізделмеген ,іріктеуге қатысты шешім қабылдау кезінде үлкен субьективтілікті талап ететін әдісті қолдануға болады.

Статистикалық іріктеу біршама қымбаттау болып табылады. Себебі ол үшін тиісті процедураларды жасап персоналды оқыту қажет.Әрине, бұл шығындардың орны көлемді азайтушы әдістердің жасалуымен толтырылады. Статистикалық мес әдісті қолдану кезінде іріктеу мөлшерінің қажетттігі асып кетуі қаупі әрқашан туындайды.

Жоғарыда статистикалық әдістің статтистикалық емес әдіс сияқты әмбебеп әдіс ретінде қолданыла алмайтындығын айтылған болатын. Бірақ статистикалық іріктеу жағдайында теріс қарым қатнастардың аздау болады, және де аудитор мәліметтер жиынтығынның сипатына қатысты дәл қорытындылар жасай алады.

Статистикалық іріктеуді пайдалану үшін қажетті шаралар:

  1. Тексерілетін мәліметтер жиынтығы біртекті болуға тиісті ,яғни,ол бір деңгейдегі аудиторлық тәуеклдікке тап болған бір түрдегі баптардан тұруға тиісті. Бұл статистика теориясын дұрыс пайдалануға көмектеседі.

  2. Ұсынылатын қателердің деңгейі төмен болуы тиіс, басқаша айтқанда бақылаушы тәуекедікті бәрінен бұрын аудитор жоғары емес төмен бағалау тиіс.

  3. Мәліметтер жиынтығының баптары таңдап алынғаннан кейін анықтауға бірден берілуге тиісті , себебі ол сло баптарға тексеруді жеңілдетеді. Тәжірибеде ол шот фактуралар сияқты құжаттардың алдын ала нөмерленіп , файылдарға тәртіп бойынша салынуға тиісті екендігін білдіреді.

Статисттикалық таңдап алуға мысал келтірейңк . Аудитор тауар сатып алуға 100000шот накладнойдан тұратын мәліметтер жиынтығын төмендегістатисикалық іріктеуді пайдалана отырып тексереді:

Сенімділік деңгейі 90%

Дәлелдік +,-5

Болжамды қателердің деңгейі 2%

Тест өткізгеннен кейін аудитор қателердің нақты деңгейі 2 %дан жоғары болмауы мүмкін деген қорытындыға келе алады:мен мәліметтердің жиынтығына қателердің деңгеін 0.5-3.5% аралығында екеніне 90%сенімдімін. Мұндай жағдайда статистикалық кестелер іріктеудің мөлшерін анықтайды. Ары қарай шот фактура еркін таңдалып тексеріледі. Егкр қателердің нақты деңгейі 2%дан жоғары болмаса, онда жоғарғы қорытындыларды келтіруге болады. АСл егер керісінше болса, нақты табылған қателердің деңгейіне қатысты жоғарғыдай сенімділік және дәлдік деңгейін қолдануға болады. Егер мысалға қатенің табылған деңгейі 3%болады делік,аудиторға 345 шот фактураны тексеру қажет. Сондықтан аудитор егер ол мәліметтердің барлық жиынтығында өателердің деңгейі 3плюс немесе минус 1.5% болғандығына 90%сенімділікпен қорытынды жасайтын болса, онда оған төмендегі 113 құжатты таңдап алып тексеру қажет.

Жоспарлау принципттері

Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы принциптері,сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

  • Жоспарлаудың кешенділігі

  • Жоспарлаудың үздіксіздігі

  • Жоспарлаудың оптималдылығы

Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезеңдердегі өзара байланыспен келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Аудитті жоспарлаудың үздіксіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.

Аудитті жоспарлау оптималдығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды жоспарлау варианттығын қамтамасыз етуді көздейді.

Аудитті жоспарлау кезеңдері

Жоспарлау-бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау-бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлға мен бұны жоспарлау кезінде есте ұстауы керек. Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйымдармен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандарымен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Жұмыс көлемі, оның қиындығымен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады.

Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады:

Алдын ала жоспарлау

Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау

Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелді бағалау

Ішкі бақылау жүйесін бағалау

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау

. Алдын-ала жоспарлау

Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңдерін қамтиды:

  • Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау

  • Аудитті орындау үшін персонал таңдау

  • Жұмыс жағдайларын келісу

  • Аудитті жүргізу кезінде клиентпен шартқа отыру

Клиентті таңдау мен аудитті орындау туралы шешім қабылдау.

Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес.

Жұмыс істеп отырған клиенттермен қатнастарды жалғастыру туралы мәселелер кезең сайын не ерекше жағдайлар пайда болған кезде қарастырылуы мүмкін. Тексеру бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен масштабы анықталады.

Көптеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімделген тексеру жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды.

Аудиторлық фирманың фирмаішілік стандарттары негізінде клиентпен алдын ала танысу сәйкес бөлімдерден тұратын алдын ала жоспарлау банкісінде көрсетілуі керек.

Экономикалық субъект пен оның басшылығы туралы жалпы ақпарат.

310 «Бизнес туралы білім» ХАС-ына сай: «Қаржылық есеп беру аудитін орындау кезінде оқиғалар, операцияларды анықтау мен түсінуге деткілікті және аудитордың пікірінше, қаржылық есеп беру, тексеру енмесе аудиторлық есепке елеулі әсер ететін қабылданған тәжірибедегі көлемде клиент бизнесі туралы аудиторлық білімі болуы немесе ол оған ие болуы керек»

Қызмет көрсетуге қажетті аудитор білімі деңгейіне экономика шеңберінде өз қызметін іске асыратын саланы жалпы ену жатады. Бірақ аудиторға қажет білім деңгейі әдетте субъект басшылығы ие білім деңгейінен әрқашан төмен болады. Клиент бизнесі туралы білімге ие болу ақпаратты жинау мен бағалаудың және алынған білімді аудиторлық біліммен салыстырудың үздіксіз және кумулятивті процесі ьолып табылады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде жиналғанына қарамастан ақпарат әдетте аудитор клиент бизнесі туралы толығырақ түсінік алатын кейінірек кезеңдерде нақтыланады және толықтырылады.

Аудитор сала мен субъект туралы мәліметтерді келесідей көздерден алады:

  • Осы субъект және ол жататын саладағы әстелетін жұмыстың алдыңғы тәжірибесінен;

  • Субъект қызметкерлерімен әңгімелесуден;

  • Салаға қатысты басылымдардан;

  • Субъектілердің өндірістік және әкімшілік бөлмелеріне барудан;

  • Субъект дайындаған құжаттардан;

Клиент бизнесін білу аудитордың кәсіби тұжырымдамасына негіз болады. Клиент қызметін түсіну және ақпаратты сәйкес пайдалану аудиторға көмектеседі:

  • Тәуекелдікті бағалау және проблеманы анықтау;

  • Аудитті тиімді жоспарлау жіне орындау;

  • Аудиторлық дәлелдерді бағалауға;

  • Клиентке жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге.

Клиентке өндірістік және әкімшілік бөлмелерін қарау, оның бзнесі мен операцияларын дұрыс түсінуге көмектеседі. Себебі, аудитор персонал қвзметін бақылау және түрлі деңгейдегі басшылармен жеке әңгімелесуге мүмкіндік береді.

Тәуекелдікке негізделген аудит кезінде клиент бизнесін зерттеу мен жоспарлауға аудиторлық процедураның жартысына жуығы жұмсалады.

Субъект басшылығы туралы ақпаратты жтнау негізінде келесідей аспектілер зерттеледі:

  • Басшылық құрамындағы жекелеген адамдардың іскерлік беделі мен кәсіби тәжірибесі;

  • Жиналысты өткізу кезеңділігі;

  • Лауазымды нұсқаулар мен міндеттердің болуы;

  • Ішкі аудит қызметінің болуы;

  • Кадрлармен толықтыру, кадрлардың тұрақтамауы;

  • Персонал туралы ереже немесе ұжымдық шарттың және басқалардың болуы.

Қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері.

Клиенттің ағымдық және перспективті жағдайын түсіну ағымды және перспективалық рентаельділікті, өтімділікті, сонымен қатар капитал жеткіліктілігін зерттеуді қамтиды.

Алдын ала жоспарлау бланкісінде ескерілуі қажет мына мәселелерді қамтиды:

  • Басқа негізгі экономикалық көрсеткіштермен өзара байланыстағы табыстары мен өсу тенденцияларының құрылымы қандай?

  • Қолма қол ақша қозғалысының сенімді болжамы дайын ба?

  • Қолма қол ақша мен табыс арасындағы алшаұтыұтың себептері қандай?

  • Қолма қол ақша қозғалысының сенімді болжамы дайын ба?

  • Өтімділіктің жағдайы қандай?

  • Ұзақ мерзімді жал бойынша міндеттеме бар ма?

Өндірістік шаруашылық қызмет.

  • Негізігі өндірістік желілер қандай және олар нақты тапсырыс берушілермен қалай байланысқан?

  • Басшыық өнімнің барлық түрлері бойынша рентабельділігін талдай ма?

  • Қандай негізде өндірісті жоспарлау жүргізіледі?

  • Клиент қандай өндірістік қуатпен жұмыс істейді?

  • Қандай шикізат, материалдар мен қызмет көрсетулер сатып алынады, сонымен бірге кім негізгі жеткізушілер болып табылады?

  • Жеткізудің балама көздері бар ма?

  • Еңбек даулары орын алан ба?

  • өнім сапасына байланысты проблемалар пайда бола ма?

  • Дайын өнімге баға қалай қойылады?

  • Жеткізудің қатал талаптары немесе сапаға қойылатын жоғарғы талаптарға байланысты қиын келісім-шарттар бар ма?

Әр тексерудің орындау кезінде алдын ала жоспарлау бланкісінде көрсетілген мәселелер шеңбері клиент қызметі, клиент талаптары мен талабның ерекшелігіне бйланысты таралуы және кеңеюі мүмкін.

Қаржылық есеп беруге тексеру жүргізу кезінде аудиторлық фирма қызметкерлер тобын жинақтайды.

Аудитті жүргізу үшін персоналды таңдау. Аудит тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны жүргізетін персоналды дұрыс таңдау маңызды. Аудитті сәйкес техникалық дайындығы және қажетті кәсіби қабілетке ие адамдар жүргізуі керек. Аудиторлық міндеттердің кең масштабы кезінде тексеруге басшылары бірнеше қызметкерлер, сонымен бірге заң, салық мәселелері бойынша мамандар қатыса алады. Масштабы аздау аудит үшін әдетте бір-екі штаттың қызметкері жеткілікті болады. Жұмыс жағдайларын келісу. Клиент пен аудитор арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 4-бабына сай шарт негізінде құрылады. Аудитті жүргізу туралы келісімге қол жеткізілген сөзде екі жақтан жұмыс жағдайы көрсетілген алдын ала жазбаш құжаттар болуы міндетті болып табылады. Жұмыс жағдайын клиентпен келісу кезінде аудиторға клиенттердің талаптары мен қажеттіліктерін, сонымен қатар аудитті жүргізумен байланысты негізгі ұйымдық сұрақтарын анықтауы керек.

Бұл үшін клиент аудиторлық фирма атына аудит және соған сәйкес қызметтерді кқрсету туралы өтініш жібереді. Ұсыныс ерікті нысанда жасалады. Әдетте ол жерде аудитті жүргізуге деген қажеттілік, өз шешімін күтетін шешімдер, қаламақының мүмкін көлемі және басқа сұрақтар көрсетіледі. Келісім хатты алған аудиторлық фирма аудиттің алдын ала жоспарлауын жүргізді.

Қаржылық есеп беруді тексеруге шақыру себептерін бағалау кезінде аудиторларға ең ықтималпайдаланушыларды анықтау қажет. Егер кәсіпорын сатуға немесе қайта ұйымдастыруға дайындалып жатса, аудитор есеп берудің нақтылығы дәлелденетін мол материалды жинауы керек.

Аудитті жүргізуге клиентпен шарт құру. Клиент пенаудиторлық фирма аудитті жүргізу туралы шарт жағдайын тсіну керек. Түсініксіздікті азайту үшін осы жағдайларды келісім-хат көмегімен жазбаша түрде тіркеу қажет.

Жазбаша міндеттемедегі ақпарат аудитті жоспарлау да аса маңызды. Себебі ол тестерді жүргізу мерзімі мен басқа қызметтерді көрсету аудитін іске асыру мерзімінің жалпы санын көрсетеді.

ҚР Азаматтық кодексінің 348-бабына сай аудиторлық қызмет көрсету жөніндеі шарт легі қызмет көрсету шарттары категориясына жатады.

Шарт оны құру кезеңінен бастап күшіне еніп, ек жақ үшін міндетті болып табылады және орнатылған мерзім ішінде әрекет етеді. Егер әрекет ету мерзімі көрсетілмесе, онда сол жерде көрсетілген кезге дейін әрекет етуші болып табылады.

Шарттың орындалуының аяқталуы мынадай жағдайда мүмкін:

  • Шартта негізделген міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің жоқтығы;

  • Басқа жақта орнатылған тәртіп бойынша банкрот тану;

  • Шартта құрушы мемлекеттік органды өзгерту немесе алып тастау;

Аудиторлық тексеруді жүргізу жөніндегі шарт «клиент-аудитор» ара-қатнасын реттеуші ресми құжат болып табылады және жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын қарапайым шарттардан ерекшелігі жоқ. Басқа шартардар сияқты бұл құжатта шартқа қатысушы жақтардың, бұл жағдайда тапсырыс беруші клиент пен орындаушы аудитордың келісілген мүддесін заңды түрінде кқрсетеді.

Бірақ аудит шарты кәсіпкерлікте пайдаланатын басқа шарттардан елеулі ерекшеленеді. Бірінші кезекте, бұл шартты құру кезінде үшінші жақ мүдделерін жариялылықсыз-ақ есепке алу. Іс жүзінде аудитор клиент қана емес, сапасыз тексеру нәтижесінде зиян келтіру арқылы тұтынушылар алдында да жауапты болады. Шартқа қол қою кезінде аудиторға мүмкіндігінше клиент тілегін анық түсініп қана қомай, оған өз талапсырысын дұрыс толтыруға көмектесу керек. Аудиторлық тексеруді жүргізу сапасы, аудитордың клиентпен ара-қатнасы көп жағдайда аудитті жүргізу жөніндегі шартты нақты құруға байланысты болады.

Көптеген аудиторлық фирмалар шартты құрудың стандарттары нысанын пайдаланады, бірақ клиенттер көбіне мәні мен мазмұнын толық түсіне бермейтін нақты кәсіпорын аудитінің ерекшелігін шартта ескеру дұрысырақ болады.

Аудиторлық тексеру шартында тексеруді жүргізуге қажетті құжаттарды клиенттің ұсыну мерзімін көрсету дұрыс болады. Себебі көбіне клиент аудиторды бухгалтерлік есептері әлі дайын емес кезде шақырады, ал бұл жұмысты аса қиындаьады.

Шартта тапсырыс берушінің аудиторлық фирмаға алдын ала ақша төлеуін көрсету керек. Себебі, жұмыс басталмай тұрып төленген ақша аудит процесіндегі аудиторлық қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, клиент тарапынан аудит үшін сыйақыны төлемей қоюмен қорқыту арқылы болатын «қысымды» жатады. Әдетте, аудиторлық фирмалар талап ететін алдын ала ақша төлеу 50%-дан 100%-ға дейін болады.

Шартта тапсырыс берушіні тексеру барысында аудиторға көмек көрсетуге міндеттейтін пункт енгізу дұрыс болады. Қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі ҚР Азаматтық кодексінің 385-бабында көрсетілген. Осы бапқа тапсырыс беруші жақтар келісуші арқылы онатылған баға бойынша өзіне көрсетілген қызметтерге ақы төлеуі керек.

Шарттың негізгі бөлімдері:

  • Шарт пәні;

  • Көрсетілген қызмет көлемі;

  • Құқық;

  • Міндеттер;

  • Жақтар жауапкершілігі;

  • Ақы көлемі мен оның шарты;

  • Басқа жағдайлар (жақтар келісуі бойынша).

Аудиттің жүргізілуіне келісім туралы міндеттеме –хат

Аудитордың міндеттеме- хаты аудиторлық тексерудің келісімге отыру сатысындағы экономикалық субъект- клиент пен аудитор (аудиторлық компания)арасындағы туындайтын өзара міндеттер мен жауапкершіліктерін реттейтін, анықайтын құжат.

Міндеттеме-хаттың алдында экономикалық субъектінің өзіне аудиторлық қызметтерді көрсету туралы өтініші жазылған ресми ұсыныс болуға тиіс.

Міндеттеме –хат алдағы шарттың талаптарын дұрыс түсінбеушілікті болдырмау үшін экономикалық субъектінің атқарушы органына шарт жасалғанға дейін жіберіледі.

Егерде аудиттің мақсаты мен көлемі екі жақ арасында ұзақ мерзімді келісім –шартта анықталса, онда міндеттеме –хат жасалмайды.

Осыған байланысты міндеттеме-хатта көрсетіледі :

-міндетті нұсқаулар;

-қосымша ақпараттар.

Міндетті нұсқауларда қарастырылады:

- аудиторлық тексерудің шарттары;

- аудиторлық ұйымның міндеттемелері;

- экономикалық субъектінің міндеттемелері.

Бұл нұсқаулармен «Аудит туралы келісім жағдайлары» атты аудитің халықаралық стандартын зерттеп танысуға болады. Қосымша ақпаратқа клиент пен аудитордың қалауы бойынша міндеттеме –хатқа енгізілген ақпараттар жатқызылады.

Олар мынадай :

  • аудиторлық фирманың көрсететін қызмет көрсететін қызмет түрі,мамандардың біліктілігі туралы жалпы ақпараттар;

  • аудитті өткізудің үлгілі күнтізбелік жоспары және жіберілген аудиторлар құрамы;

  • аудит әдістемелерінің жалпы сипаттамасы;

  • ұсынылатын еңбек төлем шарттары;

  • аудиторлық ұйым мен экономикалық субъект тексерілетін ұйым қызметінің қажет санайтын аспектілеріне басқа аудиторлардың, тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін пайдалану туралы ұсыныс.

Аудитордың міндеттеме-хатын жасауға қатаң үлгідегі талаптар қойылмайды, бірақ хат мазмұны клиенттің тапсырысымен, қаржылық жағдайымен, аудитор мен клиент арасындағы сенімділікпен анықталады.

Міндеттеме –хат аудитордың алдына қойылған мәселелерін , жауапкершілік деңгейін түсінгенін клиент ұсынған жағдайлармен келіскенін құжат негізінде дәләлдейді.

Алайда, клиент әрқашанда аудит мақсаты мен мәселелерін, аудиторға дайындалатын ақпаратқа үшін жауапкершілік деңгейін толық түсіне бермейді.

Сондықтанда, аудит барысында шешілмейтін келіспеушілікке ұшырамас үшін шарт жасалмас бұрын клиентке барлық мәселелер толық түсіндірілуі қажет.

Аудит басталмас бұрын клиентке жіберілген міндеттеме –хат тексеру нәтижесі бойынша жасалатын аудиторлық қорытындыны құру кезінде кездесетін келіспеушіліктерді жояды.

Егерде, аудиторлық компания клиентке жаңа міндеттеме –хатты жіберуді қажетсіз деп тапса (қайта өткізілген аудитте), онда алғашқы жіберілген міндеттеме – хаттың мазмұынын ғана клиенттің есіне салуға құқылы.

Аудиторлық қызмет көрсету келісім-шарты

Аудиторлық тексерулерді жүргізуге арналған шарт аудитор, аудиторлық ұйым мен клиенттің арасындағы қарым қатынасты реттеп отырады. Аудиторлық қызмет көрсету келісім-шарт бойынша аудитор қызмет көрсетуге (нақты қызмет жасауға) тапсырыс- беруші –клиент осы қызметтің құнын төлеугу міндеттеледі. Бұл құжат екі жақтың ресми, заңды екеуара келісімін дәләлдейді. Аталған келісім –шарттың жалпы жағдайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарына сәйкес анықталады.

Алайда, аудиторлық қызмет көрсетуге жасалатын келісім-шарттың шаруашылық тәжірибиеде қолданылатын шарттардан маңызды айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл алдымен шартта көрсетілетін аудиторлық тәуекелділіктің деңгейі, аудитор мен клиенттің арасындағы жауапкершіліктің бөлінуі, сондай-ақ қаржылық есептілікті пайдаланушылардың қызығушылығының есепке алынуы болып болып табылады.

Аудитор клиенттің алдында ғана материалды жауапты емес, сондай-ақ қаржылық есептілікті пайдаланушылардың (акционерлер, құрылтайшылар, несие берушілер) алдында ақпараттың дәлдігі, шынайылығы жөнінде жауапкершілікте болады.

Аудиттің қызмет көрсету келісім-шартында екі жақтың құқықтары мен міндеттемелері, жауапкершіліктері нақты көрсетілуі тиіс. Бұл аудитордың нарықтағы беделіне нұқсан келтірмеуіне, клиенттің шығынға ұшырамауына көмектеседі.

Аудиттің қызмет көрсету келісім-шартында аудитордың клиентке аудиторлық қорытынды беруден бас тарту мүмкіндіктерін және теріс қорытынды беру жағдайларын көрсеткен жөн саналады.

Сондай-ақ , клиенттің аудиторға тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды табыс ету мерзімін көрсетуі қажет, өйткені көбінесе клиенттің бухгалтерлік есебі уақытында дайын болмағандықтан аудитордың жұмысын қиындатады.

Шарт жасау кезіндегі маңызды сәт- аудиторлық қызметтің құнын бағалау болып табылады. Бұл кезеңде жұмыс көлемі, оны орындауға қажет уақыт, аудиторлық тәуекелділік деңгейі, аудиттің болжамды тиімділігі (үнемделген қаржы) бойынша жүйелі түрде бағалау жасалуы қажет.

Шартта тапсырыс берушінің аудиторлық ұйымға алдын-ала еңбек төлемін (50 пайызға дейін) көрсетуге болады. Алдын-ала төлем аудиторға аудит барысында қаржылық тәуелсіздік беріп, клиенттің қысым көрсетуіне жол бермейді.

Тексеру барысында аудиторға клиенттің көмек көрсету жауапкершілігін(түгендеу жұмыстарын жүргізу, көлік беру, жұмыс орнын ұйымдастыру) шартта анықтап алған абзал.

Сонымен қатар, шартта клиентке ілеспе қызмет түрін көрсету және оның төлемін қарастырып нақтылаған дұрыс. Аудит барысында ұымдар мен фирмалар аудиторға қажетті барлық құжаттарды беруге,тексеругу қолайлы жағдай жасауға шарт негізінде міндеттеледі.

Шартта көрсетілген аудиттің мақсатына орай аудит нәтижесі анықтамалармен, есептермен, қорытындылармен рәсімделеді. Аудит нәтижесі өте құпия ақпарат болып саналғандықтан аудиторға жариялауға тиым салынады. Құпия ақпаратты жарияланғаны үшін аудитор тәртіпті және материалды жауапкершілікке тартылады.Сол себепті тексерудегі фирманың коммерциялық құпия ақпаратын жариялағаны үшін аудитордың жауапкершілігі келісім –шартта көрсетілуі тиіс.

Аудиттің қызмет көрсету келісім-шарты аудиторлық ұйыммен клиент арасындағы келісімге байланысты бір реттік немесе ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қайта келісім-шартқа отыру кезінде шарт жағдайлары қайта қарастырылып, өзгерістер мен қосымшалар жазбаша түрде рәсімделеді.

Аудит бағдарламасын жоспарлау және құру

Жоспарлау - аудиттің күтілетін көлемін, мерзімін, сипаттамасын анықтау жолындағы құрылатын стратегия. Аудитор өз қызметін үш негізгі себеп бойынша мұқият жоспарлайды:

а) бұл аудиторға клиент ісінің жағдайлары туралы жеткілікті куәліктер

алуына мүмкіндік береді;

б) аудит жүргізуге жұмсалатын шығындарды қисынды шекте ұстап тұруына

(бәсәкеге қабілетті болуға) көмектеседі;

в) клиентпен арадағы түсініспеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді;

Аудитті жоспарлауға әдістемелік нұсқау ретінде «Жоспарлау» 300 Халықаралық Аудит Стандарты қолданылады. Аудитордың өз беделіне нұқсан келтірмеуіне, клиент алдында құқықтық міндеттемелердің болмауына аудиторлық фирманың қажетті мөлшердегі куәліктерді жинауы үлкен септігін тигізеді. Аудит өткізуге жұмсалатын клиенттің шығындарын қисынды шекте ұстау аудитор үшін өз клиенттерін жоғалтпауға, нарықта әріптестері арасында өз бәсекелестігін сақтауға көмектеседі.

Аудитордың клиентпен арада келіспеушілік жағдайларын болдырмауы, аудитті сапалы атқаруы екеуінің қарым- қатынасының жақсы болына әсер етеді. Аудитордың жоспарлау барысында аудит жүргізудің мақсатын нақтылап алуы, клиентті аудиторлық тексерудің өз ұйымына әкелетін пайдасын жақсы түсінуіне үлкен септігін тигізеді.

Сондықтанда аудиттің мақсаты ұйымның кемшіліктерін, теріс жақтарын іздеп табу емес, оның бухгалтерлік немесе экономикалық жұмысындағы қателіктерін анықтап, оларды болашақта болдырмау жолдарын көрсету болып табылады. Бұл аудитор мен клиенттің арасында сенімділікті қалып- тастырып, аудитордың өзіне қажет ақпарат көзін толықтай жинауына көмектеседі.

Аудитті тиімді жоспарлау үшін аудит өткізу келісім –шартының құрылуына, келісім –хаттың рәсімделуіне дейін аудитор тапсырыс берушімен тексеруге байланысты негізгі ұйымдастыру сұрақтарын қарастырып алуға міндетті.

Аудиторлық тексеруді жоспарлау үш сатыда жүргізіледі (4 суретті қараңыз):

1 саты – клиентті таңдау деңгейінде аудитор алдын-ала жоспарлау жүргізеді.Бұл жоспарлаудың тәуекелділік жоғары деңгейде анықталса, онда аудиторлық фирмаға аудит өткізуден бас тартуға болады.

2 саты – аудиттің күтілетін жұмыс көлемі, кестесі,өткізілу мерзімі анықталған жалпы жоспары құрастырылады.

3 саты- аудиттің көлемін, аудиторлық процедуралардың түрлері мен тізбегін анықтайтын аудиторлық бағдарлама жасалады.

Алдын-ала жоспарлау

Жалпы ақпарат жинау

Клиенттің құқықтық міндеттемелері туралы ақпарат жинау

Мәнділік пен аудиторлық тәуекелділікті бағалау

Аудиттің жалпы жоспарын құру

Аудиттің бағдарламасын құру

Сурет 4 Аудитті жоспарлау сатылары

Алдын-ала жоспарлау көбінесе бастапқы фазада клиенттің кеңсесінде жасалғаны жөн саналады. Алдын-ала жоспарлау кезінде аудиторлық фирма клиенттің аудит өткізу себептерін анықтап, аудиторлық міндеттерді орындайтын мамандарды таңдап, жазбаша түрде келісім жасайды.

Алдын-ала жоспарлау келесідей мәліметтерден тұрады:

а) жалпы ақпарат жинау ;

б) клиенттің құқықтық міндеттемелері туралы ақпарат жинау ;

в) мәнділік пен аудиторлық тәуекелділікті бағалау(ішкі шаруашылық тәуекелділік, бақылау құралдарының тәуекелдігі, таба алмау тәуекелдігі).

Аудиторлық фирмалардың көбі жаңа клиент ұсынысын қабылдамас бұрын оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы, беделі,алдыңғы аудиторлық фирмамен қарым-қатынасы туралы ақпарат жинап, бағалайды.

Егер болашақ клиент басқа аудиторлық фирманың қызметіне жүгінген болса, онда аудитор сол аудиторлық фирмадан клиенттің адалдығы,гонорар көлемі,есеп қағадалары,аудиторлық процедуралар жөнінде жанжалдасу мүмкіндігі туралы ақпаратты сұрай алады.

Кәсіптік этика кодексі негізінде құпия ақпаратты жариялауға тиым салынуына байланысты аудитор өз әріптесімен байланысқа түсуге клиенттің рқсатын алуы қажет. Аудиторлық фирманың сұрақтарына әріптес аудиторлар өзінің бұрынғы клиенті туралы толық ақпаратты бермесе, клиент алдыңғы аудитордан ақпарат алуға қарсылық білдірсе, онда бұл ұсынысты қабылдауды алдын-ала терең зерттеулер жүргізіп, аса сақтықпен шешуі керек. Алдын-ала жоспарлау шешімдерінің негізіндегі міндеттемелерді еске алып отырып, оның нәтижесін құжаттау қажет.

Жалпы жоспар мен аудит бағдарламасын құру аудит жүргізуге бөлінген уақыттың 1/3 бөлігін алатын болғандықтан, оны құруға уақыт бюджетте қарастырылып, төлем төленуі тиіс. Аудитті жоспарлауда оның келесідей жалпы қағидалары орындалуы қажет:

Кешенділік қағидасы – жоспарлаудың барлық сатыларындығы (алдын –ала жоспарлаудан бастап жалпы жоспар мен аудит бағдарламасының құрылу сатысына дейін) өзара келісімділікті білдіреді.

Үздіксіздік қағидасы – аудиторлық топқа қосымша тапсырмалар бекітіліп,оларды жоспарлау сатылары бойынша анықталған мерзіммен байланыстыру болып табылады.

Бұл жағдай егер тексерудегі кәсіпорының еншілес ұйымдары болса үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Өйткені аудиторлық фирма клиенке ұзақ мерзімге қызмет көрсететін болса , онда жыл бойы ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіндегі өзгерістер мен уақыт аралық аудиторлық тексеру нәтижелерін есепке ала отырып, дер кезінде өз жоспары мен бағдарламасына өзгертулер енгізуі керек.

Оптималдық қағидасы деп - аудиторлық фирманың жоспарлау барысында өздері анықтаған талаптарға сай жалпы жоспар мен аудит бағдарламасының басқа да оптималды вариантын таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуін айтады.

Жалпы жоспар аудиторлық топқа аудит бағдарламасын жүзеге асырудағы нұсқаулық болып табылады. Аудит барысында жалпы жоспардың кейбір жағдайларын қайта қарауға тура келеді.Жоспарға енгізілген өзгерістер мен олардың себептері нақты құжатталады.

Тексеру мерзімін анықтағанда нақты еңбек шығындарын, мәнділік және аудиторлық тәуекелдік деңгейін есепке алу керек.

Жалпы жоспарда мыналарды көздеу ұсынылады:

а) аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандардың біліктілігі;

б) аудиторларды олардың кәсіби біліктілігіне, қызмет деңгейіне байланысты аудиторлық тексерудің нақты учаскілеріне бөлу;

в) топтың барлық мүшелерін олардың міндеттемелерімен және клиенттің бизнесімен, жалпы жоспардың ережелерімен таныстыру;

г) аудиторлық топ басшысының жоспардың орындалуын, топ мүшелерінің жұмыстарының сапасын, жұмыс құжаттарының дұрыс жүргізілуін, аудит нәтижесінің дұрыс рәсімделуін бақылауы;

д) аудиторлық топ басшысының аудиторлық процедураларды тәжірибиеде қолдануға байланысты әдістемелік сұрақтарды түсіндіруі (жалпы жоспар мен аудит бағдарламасын әзірлеу кезінде мұндай түсініктемелер клиент бизнесін, ішкі бақылау жүйесінің ерекшеліктерін, аудиторлық тәуекелдікті бағалауды түсінуге көмектеседі);

е) топ басшысы мен мүшесінің қандайда бір факт бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда топ мүшесінің айырықша пікірін құжатпен рәсімдеу.

Жалпы жоспарда ішкі аудит маңызы және басқа да сарапшыларды (эксперт)шақыру қажеттілігі анықталады. Аудиторлық фирманың басшысы аудит жоспарын тексерілетін ұйым басшысымен талқылай алады, бірақ талқылау жасау міндетті болып саналмайды.

Аудитор жоспарлау кезінде келесідей құжаттар дайындайды:

  • тексерудегі ұйымның бизнес сипаттамасы;

  • бухгалтерлік есеп жүйесінің сипаттамасы;

  • ішкі бақылау жүйесінің сипаттамасы;

  • тексерудегі ұйымның есептілігінің экспресс-талдау құжаттары.

Көбінесе алдын-ала жоспарлау кезінде келесідей аудиторлық процедуралар қолданылады: нақты бақылау, қадағалау,сұрау салу,құжаттар қарау,аналитикалық процедуралар.

Аудиттің жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатыларды қамтиды. Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып табылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді.

Бағдарлама аудитор ассистенттеріне нұсқаулық, аудиторлық фирманың басшысына, топ басшысына жұмыс сапасын бақылау құралы ретінде қолданылады.

Аудитор аудиттің бағдарламасын құжатпен ресімдеп, жұмыс барысында жұмыс құжаттарында оларға сілтеме жасай алу үшін жүргізілетін аудиторлық рәсімнің әрқайсысына нөмер (код) тағайындайды. Бағдарламада міндетті түрде ішкі бақылау жүйесін тексеру тестілері, бухгалтерлік есептің әрбір бөлімі бойынша аудиторлық рәсімдер, аудитордың іс-әрекет тізбесі қарастырылады.

Қызметтің қолайлығы үшін әрбір аудиторлық бағдарламаларда – аудитор жұмыс құжаттарына сүйене алатын өзіне тиесілі нөмері мен коды болуы тиіс.

Бағдарламада міндетті түрде функционалдық жүйенің ішкі бақылауын тексеруге арналған тесттер және жетіспеушілікті анықтау үшін оның ішінде, бағдарламалық процедураларды әрбір бухгалтерлік есептің негізі қамтылуы тиіс.

Аудиторлық бағдарламаны ұйымдастыруда фирма үшін маңызды рөл атқаратын қаржылық шаруашылық қызметін тексерудің маңызды жерлерін анықтап, қызметтері бойынша шешімдерді жіктеу үшін, қажетті бөліктерді таңдап алынады, бұл тексерулер ұйымның қызметін бағалауда маңызды орын алады. Ал ұйымның басқа да қаржылық шаруашылық қызметінің түрлері бұл жерде аса маңызды орын алмайды. Мысалы, сауда кәсіпорны үшін – өнімді сату, салық салу, қойманың есебі.

Әрбір тексерілген бөлім бойынша тексерістің мінезі анықталады: олар біртектес және таңдамалы болып бөлінеді.

Біртектес тексеру кассалық, банктік құжаттарға, аванстық есептілікке, байланысты жүреді, ал төлемақының өндірістік қорларының біріншілік құжаттарына байланысты тексерулер таңдамалы түрде жүреді. Егер тексеруді аудиторлар тобы жүргізсе, онда алдын ала қай бөліктерді қай аудиторға тексеруге беру қажет екенін анықтап алу қажет. Есепті кезеңдегі тексеру кезінде алдыңғы тексерудегі тәжірибелерді қолданып, ескерген жөн. Кассалық құжаттармен аванстық есептілікті тексеру жұмысын жас аудиторларға тапсырып, қаржылық есептілік пен Бас кітапты тексеруді тәжірибелі мамандарға тапсырған дұрыс.

Жалпы аудиторлық тексерудің уақыты әр түрлі болуы мүмкін, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай тексеруді екі апта ішінде жүргізу қажет, бұл уақыт ішінде нақты әрі толық нәтиже алуға болады. Сондай ақ тексеру мерзіміне кейбір жағдайлар әсер етуі мүмкін (аудитордың ауырып қалуы, белгілі себептерге байланысты басқа жаққа кету т.б.), бірақ бұл жағдайлар алдын ала белгіленіп қойған төлемақы мөлшеріне әсер етпеу керек.

Аудиторлық тексерудің бағдарламасы басшылыққа объект мазмұны және деңгейімен танысып шығуға беріледі. Ұйымның басшысының сұрауымен бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Қажет жағдайларда бағдарлама қайта қаралуы мүмкін, мысалы, егер онда көп мөлшерде қаталер анықталса.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу экономикалық субъекті туралы алдын ала деректерге және жүргізілген талдау рәсімдерінің нәтижелеріне негізделеді.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу барысында аудиторлық ұйым жұмыс істеп тұрған экономикалық субъектінің ішкі шаруашылық бақылау жүйесінің тиімділігін бағалайды және ішкі бақылау жүесінің өзіне бағалау жүргізеді. Сонда-ақ мәнділіктің қолайлы деңгейі мен аудиторлық тәуекелді белгілеу қажет. Оларды ескеру арқылы аудиторлық ұйым аудит үшін маңызды салаларды анықтайды және қажетті аудиторлық рәсімдерді белгілейді.

Жалпы жоспарда аудитті жүргізудің және оны жүргізудің кестесін жасаудың, есеп пен аудиторлық қорытындыны әзірлеудің мерзімдерін қарастыру қажет.

Аудиттің жалпы жоспарының мағынасы кесте түрінде орындалады.

Жалпы жоспарда мыналарды көздеу ұсынылады:

  • Аудит маңызды болуы үшін нақты қандай салаларды зерттеу қажет;

  • Қамтылуға тиіс елеулі сәттер қандай;

  • Қандай іріктемелері жоспарларды жасау қажет;

  • Аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандарының біліктілігі;

  • Аудиторларды аудиторлық тексерудің нақты учаскелеріне бөлу;

  • Аудиттің әрбір сатысы үшін жұмыс уақытының бюджеті;

  • Топтың барлық мүшелеріне олардың міндеттемелерімен және аудиттің жалпы жоспарының ережелерімен таныстыру;

  • Басшының жоспардың орындалуын бақылауы;

  • Аудиторлық рәсімдерді нақты іске асырумен байланысты әдістемелік мәселелерді басшының түсіндіруі;

  • Нақты фактіні бағалау кезінде қайшылықтар туындағанда аудиторлық топтың айрықша пікірін құжатпен ресімдеу.

Аудиторлық ұйым жалпы жоспарда ішкі аудиттің рөлін, сондай-ақ тексеруді жүргізу процесіне сарапшыларды тарту қажеттілігін белгілейді.

Аудиттің жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатыларды қамтиды.Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып табылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді. Аудитор аудиттің бағдарламасын құжатпен ресімдеп, жұмыс барысында жұмыс құжаттарында оларға сілтеме жасай алу үшін жүргізілетін аудиторлық рәсімнің әрқайсысына нөмер (код) тағайындайды.

Аудиторлық бағдарламаның 2 түрі болады:

  • Бақылау құралдарын тестілеу бағдарламасы, ол кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің қызметі туралы ақпараттар жинау рәсімін қамтиды;

  • Мәні бойынша аудиторлық рәсімдер бағдарламасы (шоттардағы қалдықтарды тексеру), тікелей шоттардағы қалдықтар туралы ақпараттарды жинау рәсімін қамтиды.

Аудиттің мәні бойынша рәсімдер үшін бухгалтерлік есептің нақ қандай бөлімдерін тексеретініне сұрау салып, әр бөлім бойынша аудит бағдарламасын жасау қажет.

Аудиттің жүргізу шарттарының өзгеруіне және аудиторлық рәсімдердің нәтижелеріне байланысты аудиттің бағдарламасы қайта қарастырыла алады. Өзгерістердің себептері мен нәтижелерін құжаттау керек.

Аудитті жоспарлау процесі аяқталғаннан кейін аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы құжатпен ресімделуге және белгіленген тәртіппен бекітілуге тиіс. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының мағынасы кесте түрінде ресімделеді. Біз олардың үлгілік нысандарын төменде келтіріп отырмыз .