Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции аудит каз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

Дәлелдеулер алу әдістері

Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады: бақылау(зерттеу), растау, сұрау беру, түгелдеу жүргізу(активтерді тексеру), құжаттарды тексеру(талдау), қайта есептеу, сканерлеу, тексеру, арнайы тексеру және талдамалық процедуралар.

Аудит бойынша арнайы әдебиеттерде әртүрлі авторлар дәлелдеулер алу әдістерін әдіснама және әдістемелік тәсілдерге, сондай-ақ нақты тексеру жүргізу тәсілдеріне бқліп қарастырады. Біз тек аудиттің әдістемелік тәсілдерін қарастырдық.

Бақылау (зерттеу)- өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады. Бақылау жүргізу процесіндегі аудитордың жасайтын бірінші қадамы клиент бизнесімен танысу. «Бизнес туралы білім» деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес қаржылық қорытынды есеп берудің аудитін орындау кезінде аудитордың оқиғаларды, операциялармен қабылданған тәжірибені айқындау және түсіну үшін жеткілікті көлемде бизнес жөніндегі білімі болуға тиісті немесе оны алуға керек. Аудитрдың пікірі бойынша ол қаржылық қорытынды есепте, тексеруге немесе аудиорлық қорытындыға едәуір әсерін тигізуі мүмкін.

Растау дегеніміз- сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.

Сұрақ беру. Сұрақ беру нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттен дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы деп есептеуге болмайды.Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.

Түгелдеу-аудитордың материалдық активтерді тексеру және санауы. Бұл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы-материалдық босалқылармен байланысты.

Құжаттарды тексеруге оқу, іріктеу және құжаттармен танысу, салыстыру және дәлелдеулер жатады.Аудиторлардың тәжірибесінде құжаттарды формалды тексеру деп аталатын құжаттық тексеру әдісі пайдаланылады.

Қайта есептеу деп- клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлдігін есептеу процедураларын айтады.

Сканерлеу- ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша(мыс, бастапқы құжаттарды) үздіксіз қарап отыру.

Арнайы тексеру- тексеру жүогізуге тар мамандықтың иесін тарту.

Аудиторлар қарама-қарсы тексеру әдісін пайдаланады(егер бақылау жасаудың мұндай мүмкіншілігі бар болса). Тексеру жүргізу әдістермен бірге оларды ұйымдастыру әдістері де бар:

  • Жаппай тексеру;

  • Іріктеп тексеру ;

Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны

Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.

Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирмаішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей тегжейлі көрсетпей ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті.

Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процесіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.

Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  • Жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;

  • Жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;

  • Сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс құжаттарының нысаеы мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:

  • Көрсетілетін қызметтің сипаты;

  • Аудиторлық қорытынды есептің нысаны;

  • Клиент бизнесі;

  • Ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;

  • Аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме;

Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады.Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процесін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады.

Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

  1. кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпарттар;

  2. Заңдық құжаттармен, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

  3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

  4. Аудиторлық тексеруді өткізу;

  5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен қатар олардың нәтижелері туралы жазулар;

Жұмыс құжаттары

Маңызы

М ақсаты

Т үрлері

1 . тиісті құжаттардың көшірмесі

2. Жазулар:

  • Қолданылатын процедуралар туралы

  • Орындалатын тестілер туралы

  • Алынған ақпараттар туралы

  • Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар туралы

  • Аудитордың қорытынды есебінің негізі болу

  • Тексерудің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілгендігін дәлелі болу

  • Аудиторлық тексерудің сапасына бақылау жасау құралы болу

  • Тексеруші жұмысшы баланс

  • Графиктер және талдау

  • Аудиттің жалпы жоспары және бағдарламасы

  • Жиынтық түзетулер және проводкалар

  • Есеп беру және қорытынды жасау

аудитордың жұмыс құжаттары

Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар

Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға тиісті:

  1. бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;

  2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;

  3. аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;

Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттарының мазмұнына сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:

  • тексеруші баланс.

  • Банк шоттрынан үзінділер

  • Түгелдеу тізімдемесі

  • Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі

Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар

Жұмыс құжаттарының толық саны әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының нысандарын жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттарды алуды, сондай ақ келшекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиісті:

  • Басы, толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;

  • Пайдаланылған символдардың суреттемесі;

  • Ұқыпты және мұқият дайындалуы;

Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:

  • Клиенттің аты және папканың номері;

  • Кезеңнің басы және аяғы.

  • Жұмыс құжаттың мазмұны.

Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізілгендердің аты жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті.

Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды есептеуші кестелерде:

  • Жинақтаушы және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайтадан шыққандығын көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;

  • Аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;

  • Егер шоттарда қорытынды түзетулер жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;

Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді клиенттің өзі алдын ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті.

Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ беру, бақылау процедураларын пайдалану арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының қызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жылдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына баұылау жасауы мүмкін.

Әрбір аудиттің белгілі бір процкдураларының орындалуын көрсететңн болса,белгілеулерді де, стандарттауға болады. Ондай белгілеулерді стандартау құжаттарды тексеріп шығуға ыңғайлырақ және аудитордың уақытын қысқартады. Мысалы:

ЖҚ жұмыс құжаттары.

ТБ тексеруші баланс.

КД клиент дайындаған.

К келісілген және т.б

Барлық белгілеулер мен символдарға сол бетте немесе фирмаішілік стандарттардағы жеке беттерде толық түсіндірме жасау қажет.

Жұмыс құжаттарында тексерге қатысы жоқ бөтен ескертулер немесе жазбалар болмауға тиісті. Әрбір жұмыс құжаты «өзі үшін жауап беруге» тиісті, сондықтан онда орындалған жұмыстың көлемін және жасалынған қорытындыны анықтау үшін қажетті ақпараттар, тиісті құжаттарға сілтемелер болуға тиісті.

Аудиторлық дәлел ішкі, сыртқы және аралас болып бөлінеді.

Ішкі дәлел – ақпараттарды аудиторлық ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде алуға негізделген. Сыртқы дәлел – ақапараттарды үшінші жақтағы тұлғадан (аудиторлық ұйымның сұранысымен жазбаша түрде) алады. Аралас дәлел – ақпаратты аудиторлық ұйымнан жазбаша немесе ауызша түрде алады және үшінші жақтағы тұлғамен бекітіледі.

Аса маңызды орынды аудиторлық ұйым үшін сыртқы дәлел алады, содан кейін аралас және ішкі дәлел жүреді.

Аудиторлық дәлелдер дәл және толық болуы тиіс. Олардың толықтығы нәтижесінде ішкі бақылау мен аудиторлық қауіптің деңгейі бағаланады. Толықтық аудиторлық дәлелдің сапалығын көрсетеді. Объективті әрі нақты қорытынды жасау үшін аудитор сапалы ақпараттар жинауы тиіс. Сондай ақ дәлдік аудиторлық дәлелдің сапалық шарты болып табылады.

Аудиторлық дәлелдің нақтылығына мынадай факторлар әсер етеді:

  • Аудиторлық бағалау мінездемесі мен қауіп деңгейі, қаржылық есептілік деңгейі мен сальдо шоты мен сыныбының операцясында;

  • Ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесінің мінездемесі, сондай ақ бақылау қаупінің бағасы;

  • Тексерілетін мақаланың нақтылығы;

  • Алдыңғы аудиттен алынған тәжірибелер;

  • Аудиторлық процедура қорытындысы, алаяқтық пен қатаелерді қосқанда;

  • Алынған ақпараттың сенімділігі;

Дәлелдердің анықтылығы тексеріс өтіп жатқан ұйымға қарағанда аудиторлық фирмадан алынған дәлелдер жоғары сапалы, әлбетте жазбаша түрдегі дәлел ауызшаға қарағанда жоғары деңгейде.

Аудитордың жинаған дәлелдері оның жұмыс құжаттарында көрініс табады және аудиторлық қорытынды жасағанда қолданылады.

Өз білімін тексеру сұрақтары

1.Аудиторлық дәлелдеудер және оның түрлері қандай ?

2.Аудиторлық дәлелдеудер алудың әдістері мен ақпарат көздерін атаңыз.

З.Дәлелдеудер алудың белгілер жүйесін атаңыз

4.Дәлелдеудер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер) қандай ?

5.Аудиторлық әдістемелер түрлерінің жүйесін сипаттаңыз.

б.Кейбір аудиторлық әдістемелер түрлеріне жеке сипаттама беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:18,19,20,21

Қосымша әдебиеттер:1,2,7