Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_2._(МУ_к_ЛР_ТЭЦ_РЭТ).rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

Indic тобы - Индикаторлық аспаптар

- Вольтметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты токты өлшеу режимі, АС - айнымалы токты өлшеу режимі).

  • А мперметр (ішкі кедергі, DC - тұрақты токты өлшеу режимі, АС - айнымалы токты өлшеу режимі).

Осы аспаптарды қосу үшін теріс клемма кең қара жолақпен белгіленген, сондай-ақ компоненттің кескінін айналдыру кезінде иконканың кез келген қырына орналасуы мүмкін.

Бақылау-өлшеуіштік аспаптары

Бақылау-өлшеуіштік аспаптарының панелі EWB программасының жұмыс терезесіндегі меню аймағының астында болады және сандық мультиметрден, функционалды генератордан, екі каналды осциллограф-тан, амплитудалы-жиілікті өлшегіштен және фаза жиілікті сипаттама-лардан тұрады. Аспаптармен жұмыс істеудің жалпы реттілігі мынадай: аспаптың иконкасы курсормен жұмыс аймағына әкелініп, өткізгіштер арқылы зерттелетін сұлбаға жалғанады. Аспапты жұмыстық күйге келтіру үшін оның иконкасына екі рет курсормен басу керек.

Әрбір аспапты жеке қарастырамыз.

Мультиметр

Мультиметрдің беттік панелінде:

- өлшеу нәтижелерін кескіндеу үшін дисплей;

- сұлбаға және басқару түймелеріне жалғану үшін

клеммалар;

- токтың, кернеудің, кедергінің және әлсіреудің өлшеу режимдерін таңдау үшін клеммалар;

-тұрақты немесе айнымалы токты өлшеу режимдерін таңдау үшін клеммалар орналасқан.

Генератор

Генератормен басқару басқарудың келесі органдарымен жүзеге асырылады:

- шығыс сигналының пішінін таңдау: синусоидалы, үшбұрышты және тікбұрышты;

- шығыс сигналының жиіліктік қондырғысы;

- шығыс сигналының амплитудалық қондырғысы.

Генератордың кірісінде кернеудің амплитудалық мәні берілетінін есепке алу керек, сондықтан есептеу кезінде кіріс кернеуінің әрекеттік мәнін есептеу керек.

Осциллограф

Осциллографтың 10 мкВ/бөл (мкВ/дел) (mV/Div) 5 мкВ/бөл (мкВ/дел) (kV/Div) дейінгі диапазонда А және В сезгіштігі бойынша жеке реттеу және вертикал бойынша (Y POS) жылжуын реттеу үшін екі каналы (CHANNEL) болады. Кіріс бойынша режимді таңдау AC және DC түймелерін басу арқылы жүзеге асырылады.

Жайылма режимі келесі түймелермен таңдап алынады:

Жайылма режимінің төмендегідей түрлері болады:

вертикал бойынша кернеу сигналы, горизонтал бойынша - уақыт;

В/А режимінде: вертикал бойынша – В каналының сигналы, горизонтал бойынша – А каналының сигналы;

А/В режимінде: вертикал бойынша – А каналының сигналы, горизонтал бойынша – В каналының сигналы.

Осциллографты жермен түйістіру аспаптың оң жағындағы жоғарғы бұрышындағы GROUND клеммасы арқылы жүзеге асырылады.

ZOOM түймесіне басу кезінде - экранның көлемі үлкейеді, горизонтал бойынша кескінді айналдыру және вертикал визир сызықтары (көк және қызыл түсті) бойынша оны экранның кез келген жеріне курсормен қою және сканерлеу мүмкіндіктері туады.

№2 зертханалық жұмыс

Ом және кирхгоф заңдарының көмегімен тұрақты ток тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тұрақты ток тізбектерін тәжірибелі зерттеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]