Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_2._(МУ_к_ЛР_ТЭЦ_РЭТ).rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16 Мб
Скачать
☆

5.2 Жұмысқа дайындық

ЭТТ курсының «Бір фазалы синусоидальдық токтың электрлік тізбектері» бөлімдерін қайталау//Ә 1//. 63-85б.; // Ә 2//. 79-106б..

Тармақталған электрлік тізбекке арналған векторлық және топографиялық диаграммаларды есептеу, құрастырудың символикалық әдістерінің негізгі ережелерін зерттеу.

5.3 Жұмысты орындау тәртібі

1.Нұсқаға сәйкес (5.1 кесте) тізбек құрастыру (5.1 сурет). кірерде U1 = 6-8 В кернеуін, қорек көзінің жиілігін 1000 Гц орнату.

5.1 Сурет

5.1 кесте

Нұсқа

R1,Oм

R2,Oм

R3,Oм

L, мГн

С, мкФ

1

100

50

450

10

0,5

2

150

100

330

40

1

3

80

80

600

20

2

4

200

60

300

30

1,5

5

80

40

450

15

0,8

6

70

50

400

25

2,5

2. Uab тізбегінің параллельді аумағында, барлық тармақтарда және тізбектің барлық элементтеріндегі кернеуді өлшеу. Өлшеу нәтижелерін 5.2 кестесіне енгізу.

5.2 кесте

I1,мА

I2,мА

I3,мА

Uab,В

UR1,В

UR2,В

UR3,B

UL,В

Uс,В

f, Гц

5.4 Жұмыс нәтижелерін рәсімдеу және талдау

1. 5.1 және 5.2 кестесінің мәліметтері бойынша XL=2pfL және XC=1/(2pfC) есептеу.

2. 5.1 және 5.2 кестелерінің мәліметтерін пайдалана отырып, зерттеп отырған тізбектің тогы және кернеуінің векторлық диаграммаларын құрастыру. Негіз ретінде Uав кернеуін алу керек, ол кешенді кеңістікте нақты оске орнатады.

3. Зертханалық жұмыс туралы қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. R, L, C тармақталмаған тізбегінің нақты мәні үшін кешенді түрде Ом заңын жазу.

2. 4.4 суретінің сызбасына арналған кешенді түрде Кирхгоф заңы бойынша теңдеу құрастыру.

3. XL > XC; XL<XC; XL = XC жағдайлары үшін тармақталған R, L, C арналған сапалы векторлы диаграмма құрастыру.

№6 зертханалық жұмыс

Кернеу резонансын зерттеу

Жұмыстың мақсаты: электр тізбектеріндегі резонансты құбылыстарын тәжірибелі зерттеу.

6.1 Негізгі теориялық ережелер

Электр тізбектері теориясында резонанс деп, құрамында сыйымдылық пен индуктивтілік бар электр тізбегінің жұмыс режимі деп түсіндіріледі, онда кіріс кедергі мен тізбек өткізгіштігінің реактивті құрамдастары нөлге тең, яғни тізбектің кіріс кедергісі активті болып табылады.

Электр энергетикасында резонанстың пайда болуы орынсыз, себебі индуктивті катушка мен конденсаторда туындайтын бірқатар кернеу изоляция үшін қауіпті болуы мүмкін.

Электр байланысының кіші тоқ желілерде, радиотехникалық тізбектер мен автоматтық басқару жүйелерінде резонанс режимі қалыпты жұмыс режимі болып табылады. Мұндай тізбектер резонансты тізбектері деп аталады. Соңғы уақытта операциялық күшейткіш негізіндегі жаңғырық тізбектері кең таралуда.

Конденсатор мен индуктивтік катушканың тізбектей қосылу кезінде, тізбек бойымен (6.1 сур) белгілі бір I синусоидалы ток жүретін болса, UC конденсаторындағы кернеу I тогынан 900 артта болады, ал UL катушкасындағы кернеу токтан 900 алда болады. Бұл кернеулер қарама-қарсы фазада (бір біріне қатысты 1800 бұрылған) орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]