- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс Тақырып: Материалдық қорлар есебі
- •03 "Бұйымдар және өнiмдер" шотта өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерi, сондай-ақ дайын баспа өнiмi есептеледi.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •2 Қосымша әдебиеттер:
Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Заңы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепьілік туралы.” 17 шілде 2009 ж
2.“Ауыл шаруашылығы жүйе” Закон Астана 22 желтоқсан 2003 ж “Бюллетень бухгалтера”
3. 28 қараша 2007 жылғы №30 «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулық бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Депортаменті Директорының Бұйрығы
2 Қосымша әдебиеттер:
1. Радостовец В. К., Радостовец В.В., Шмидт О. И. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп. Қайта өңдеу. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002 ж.
2. Назарова В. Л. «Шаруашылық субъектлерінің бухгалтерлік есебі». оқулық – Алматы, Экономика, 2003 ж.
3.Нурсеитов Э. О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. А.: Изд-во «Lem»2006 г.
Дәріс Тақырып: Материалдық қорлар есебі
Материалдық қорлар және олардың маңыздылығының есебі. Қоймадағы материалдардың есебі. Материалдардың топтамалық және талдамалық есебі.
Сұрақтар:
1.Материалдық қорлар және олардың маңыздылығының есебі.
2.Қоймадағы материалдардың есебі.
3. Материалдардың топтамалық және талдамалық есебі.
Мақсаты:
Материалдық құндылықтардың есепте көрсетілуін қрастыру. ТМҚ- ның жіктелуін ашу. ТМҚ – рды бағалау әдістерін қарастыру. ТМҚ – рдың кіріс атілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуін қарастыру. Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебін ашу.
1. Материалдық запастар бөлiмнiң шоттарында бюджеттiк ұйымға тиесiлi құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтары, материалдар, тамақ өнiмдерi, отын мен жанармай, мал азығы, жем, ыдыс, машиналар мен жабдықтардың запас бөлшектерi, қосалқы шаруашылықтардың өнiмдерi мен бұйымдары, малдың төлдерi мен бордақыдағы малдар, оқулық, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын және лабораториялық сынақтағы материалдар, шаруашылық шарттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдықтар есептеледi. Материалдық запастар есепке алуда және есеп беруде, берерменнен алынған несие үшiн проценттердiң төлемiн, жабдықтау, делдал, сыртқы экономикалық ұйымдар төлеген үстеме бағаларды (үстеме ақыларды), тауарлық биржалар қызметтерiнiң құнын, кедендiк баждарды, өзге ұйымдардың күшiмен жүзеге асырылатын тасымалдау, сақтау және жеткiзу шығындарын қоса, оларды сатып алу шығындары бойынша анықталатын олардың iс жүзiндегi құны бойынша көрсетiледi.
Материалдық запастарды есептеудiң негiзгi мiндеттерi: барлық материалдық құндылықтардың сақталуын және қозғалысы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; запастар мен шығыстардың белгiленген нормаларын сақтау, белгiленген тәртiппен өткiзуге жататын, пайдаланусыз материалдарды дер кезiнде анықтау; бюджеттiк ұйымның қоймаларында тұрған қалдықтар туралы нақты мәлiметтер алу болып табылады. Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және есебiн дұрыс жолға қою мақсатында, қоймалық есептiң ойдағыдай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейiмделген бөлмелерде (қоймаларда) жүргiзiлуге тиiс. Материалдық құндылықтарды қоймалық жайларда орналастырудың тәртiбi оларды қабылдау, беру және түгендеу жөнiндегi операциялардың тездiгiн қамтамасыз етуi керек. Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату үшiн жауапкершiлiк бюджеттiк ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын белгiлi бiр материалдық жауапты тұлғаға жүктеледi. Бұл тұлғалардың ауыстырылуы қоймаларда түгендеу жасаумен және бюджеттiк ұйымның басшысы бекiтетiн қабылдау-тапсыру актiлерiн жасаумен бiрге жүргiзiлуге тиiс. Материалдық құндылықтардың сақталу орыны қажеттi таразылық жабдықпен, өлшеу аспабымен, өлшейтiн ыдыспен және басқа да бақылау жабдықтарымен жарақталуы қажет.
Материалдық құндылықтардың есебi материалдың атаулары және жауапты тұлғалар бойынша сандық және сомалық тұрғыда жүргiзiледi. Қоймада материалдық құндылықтардың есебiн материалдық жауапты тұлға тек атаулар, сорттар және сан көрсеткiшi бойынша ғана материалдың н. 017 қоймалық есеп кiтабында жүргiзедi. Бухгалтерлiк қызмет қоймадағы материалдық құндылықтардың келiп түсуiн және бөлiнуiн бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ материалдардың есебi жөнiндегi өз жазбаларын қоймада жүргiзiлетiн жазбалармен салыстырып отырады.
65. Материалдар мен тамақ өнiмдерi кiрiстер жөнiндегi бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiне бастапқы құжаттардың негiзiнде құндылықтар түскен күнмен жазылады. Бастапқы құжаттарда мынадай деректер көрсетiлуге тиiс: материалдар мен тамақ өнiмдерi кiмнен түскендiгi, атауы, сорты, саны (салмағы), бағасы, сомасы, қоймаға түскен уақыты және осы құндылықтарды қабылдаған материалдық жауапты тұлғаның қойған қолы. Берермен құжаттарының деректерiмен алшақтық болған жағдайларда н. 429 қабылдау актiсi жасалады. Актiнi қабылдау комиссиясы мiндеттi түрде қойма меңгерушiсiн және мүдделi жақтарды қатыстыра отырып, екi данада жасайды. Актiнiң бiр данасы қабылданған материалдық құжаттарды есептеу үшiн, екiншiсi - берерменнiң наразылық хатын рәсiмдеу үшiн қолданылады. Қоймадан материалдарды беру бюджеттiк ұйымның басшысы бекiткен құжаттар бойынша жүргiзiледi. Материалдарды беру үшiн мынадай құжаттар қолданылады: а) н. 434 жолдама қағазы (талап қағазы) қоймадан материалдар берiлген кезде және материалдардың бюджеттiк ұйымның iшiнде ауыстырылған кезiнде қолданылады. Жолдама қағаз (талап қағаз), әдетте, бiр данада көшiрiледi; б) Н. 298 және н. 299 меню-талапхаты қоймадан тамақ өнiмдерiн беру үшiн қолданылады. Меню-талапхаты күнсайын тамақ өнiмдерiн бөлудiң нормалары және тұтынушылардың саны туралы деректерi негiзiнде жасалады. Тұлғалардың тамақ өнiмдерiн беру және алу туралы қолдары қойылған меню-талапхаттары кестеде белгiленген мерзiмде, бiрақ айына үш реттен сиретпей, бухгалтерлiк қызметке тапсырылады. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда тамақ өнiмдерiн беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша өкiлеттi ведомствоның нұсқауымен белгiленген құжаттар бойынша жүргiзiледi; в) Н. 397 шөп және жем беретiн ведомость. Шөп пен жем қоймадан белгiленген нормалардың шегiнде босатылады; ұйымдардың мұқтажына материалдар беретiн н. 410 ведомосты ай бойында шаруашылық материалдарын, оқулық және басқа мақсаттарға арналған материалдарды беру үшiн қолданылады. Бұл орайда жазуларды хронологиялық ретпен жүргiзбеу керек, материалдардың әрбiр түрi бойынша айдың аяғында жалпы қорытынды алу үшiн, материалдардың әрбiр түрi үшiн белгiлi сан мөлшерiнде жол қалдыру қажет; д) Н. 431 алыс-берiс картасы материалдар мен отынды күн сайын босатқан кезде, сондай-ақ ай бойында белгiлi бiр уақыт аралығы арқылы қолданылады. Алыс-берiс картасы әрбiр алушыға материалдардың бiрнеше атауы бойынша тiкелей мақсат бойынша жұмсау үшiн жазып берiледi. Бұл карта екi данада жазылады, оның бiреуi алушының қолымен - қоймада, екiншiсi алушыда сақталады. Босатылған кезде алыс-берiс картасы - 15 күндiк мерзiмге, ал уақ-уақ босатылған кезде - бiр айлық мерзiмге берiледi. Материалдар мен отын алушы алыс-берiс картасының өзiндiк данасын көрсетуi бойынша белгiленген лимит шегiнде берiледi. Материалдарды белгiленген лимиттен артық босату н. 434 жолдамахат (талапхат) бойынша жүргiзiледi. Егер қоймадан отынды iлеспехат (талапхат) немесе алыс-берiс картасы бойынша беру мүмкiн болмаса, отынның шығынын есептен шығару қалдықты өлшеу актiсi бойынша жүргiзiледi. Өлшеу актiсi бойынша отын белгiленген жұмсау нормаларымен салыстырғанда кем шыққан жағдайда, бюджеттiк ұйымның басшысы артық жұмсаудың себебiн анықтау және тиiстi жағдайларда - төлеттiру шараларын қолданады; е) жол парағы автомобиль бензинiн шығысқа шығару үшiн қолданылады. Бензин iс жүзiндегi жұмсалуы бойынша есептен шығарылады, бiрақ автомобилдердiң жекелеген маркалары үшiн белгiленген нормалардан артық болмауға тиiс; ж) Н. 1-т (нысандық) ведомствоаралық тауарлық-көлiктiк жалдамахат ұйымның өз мұқтажы үшiн өз автомобилдерiмен жүк тасуда қолданылады.
Материалдар мен тамақ өнiмдерiн есептен шығару, егер олар әртүрлi бағалармен сатып алынған болса, оларды сатып алған немесе орта баға бойынша жүргiзiледi. Қайтарылатын немесе алмастырылатын ыдыстар (күбiлер, бидондар, жәшiктер, құмыралар және с.с.), бостары (босатылғандары) да, материалдық құндылықтар сақтаулы тұрғандары да, тиiстi топтар немесе түрлер бойынша, берермендердiң шоттарында көрсетiлген бағалармен есептеледi. Ыдыстар қайтарылған немесе сатылған кезде сатып алынған баға мен ыдыстың сатылған бағасы арасындағы айырмашылық iс жүзiндегi шығыстарға жатқызылады.
Материалдық запастарды есептеу үшiн мынадай шоттар арналған: 03 "Бұйымдар және өнiмдер"; 04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдар"; 05 "Малдың төлдерi және бордақыдағы малдар"; 06 "Материалдар және тамақ өнiмдерi".
