- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс Тақырып: Материалдық қорлар есебі
- •03 "Бұйымдар және өнiмдер" шотта өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерi, сондай-ақ дайын баспа өнiмi есептеледi.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •2 Қосымша әдебиеттер:
Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Заңы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепьілік туралы.” 17 шілде 2009 ж
2.“Ауыл шаруашылығы жүйе” Закон Астана 22 желтоқсан 2003 ж “Бюллетень бухгалтера”
3. 28 қараша 2007 жылғы №30 «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулық бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Депортаменті Директорының Бұйрығы
2 Қосымша әдебиеттер:
1. Радостовец В. К., Радостовец В.В., Шмидт О. И. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп. Қайта өңдеу. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002 ж.
2. Назарова В. Л. «Шаруашылық субъектлерінің бухгалтерлік есебі». оқулық – Алматы, Экономика, 2003 ж.
3.Нурсеитов Э. О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. А.: Изд-во «Lem»2006 г.
Дәріс
Тақырып: Бордақыдағы ірі қара малдардың есебі.
Биологиялық активтердің және аяқталмаған құрылыстың есебін ұйымдастыру ерекшеліктері. Бордақыдағы ірі қара малдардың есебінің құжат айналымын ұйымдастыру. Ірі қара малдарды топтан топқа ауыстыруды реттеу
Сұрақтар:
1. Бордақыдағы ірі қара малдардың есебінің құжат айналымын ұйымдастыру.
2. Ірі қара малдарды топтан топқа ауыстыруды реттеу
Мақсаты:
Материалдық құндылықтардың есепте көрсетілуін қрастыру. ТМҚ- ның жіктелуін ашу. ТМҚ – рды бағалау әдістерін қарастыру. ТМҚ – рдың кіріс атілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуін қарастыру. Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебін ашу.
. 07 "Арзан бағалы және тез тозатын заттар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 070 "Қоймадағы арзан бағалы және тез тозатын заттар"; 071 "Пайдаланудағы арзан бағалы және тез тозатын заттар"; 072 "Қоймадағы iш киiм, төсек-орын жабдықтары, аяқ киiм"; 073 "Пайдаланудағы iш киiм, төсек-орын жабдықтары, аяқ киiм".
070 "Қоймадағы арзан бағалы және тез тозатын заттар" қосалқы шотында қоймада тұрған арзан бағалы және тез тозатын заттар есептеледi. Арзан бағалы және тез тозатын заттар олардың сатып алынуына қарай 070 қосалқы шотының дебетi және 09, 10, 11, 16, 17 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Сонымен бiрге 08, 20, 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының дебетi және 260 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазу жазылады. Арзан бағалы және тез тозатын заттар оларды пайдалануға босату кезiнде активтердiң бiр өлшемi құны лимитiнiң 1/10 шегiнде 070 қосалқы шотының кредитiне және 260 қосалқы шотының дебетiне жазылады. Бұл заттардың есебiн лауазымды адамдар 412-нысандағы арзан құнды және тез тозатын заттар қозғалысының жедел (сандық) шотының ведомостарында немесе М-17 нысанындағы материалдардың қоймалық есеп кiтабында жүргiзiледi. Бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi бұл заттардың нақтылы қолда барын н. 412 немесе н. М-17 тiркелiмдерiндегi жазбалармен дүркiн-дүркiн тексередi. Арзан бағалы және тез тозатын заттар активтердiң бiр өлшемi құны лимитiнiң 1/10-тан асқаны 071 қосалқы шотының дебетiне және 070 қосалқы шотының кредитiне жазылады. Қоймада тұрған арзан бағалы және тез тозатын заттардың есебiн материалдық жауапты тұлғалар заттардың атаулары мен саны бойынша н. М-17 кiтапта жүргiзедi. Бұл заттарды қоймадан беру н. 434 жiберу құжаты (талап ету) бойынша жүргiзiледi. Қоймадан берген кезде заттарға бюджеттiк ұйымның атауы, олардың пайдалануға берiлген жылы мен айы көрсетiлген таңбалы штампы соғылады. Таңбалау бояумен (өшуге және химиялық әсерлерге шыдамды), жетонмен бекiтiлiп және басқа тәсiлдермен жасалады. 070 қосалқы шоты бойынша талдау есебi заттардың атаулары, саны, құны және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кiтапта) жүргiзiледi.
071 "Пайдаланудағы арзан құнды және тез тозатын заттар" қосалқы шотында пайдаланылып жүрген арзан бағалы және тез тозатын заттар есептеледi. Арзан бағалы және тез тозатын заттарды есептен шығару олар толықтай тозған кезде бюджеттiк ұйымның басшысы бекiткен тиiстi актiлердiң негiзiнде жүргiзiледi. Сынған ыдысты есептен шығару үшiн н. 325 ыдыстың сынуын тiркейтiн журнал жасалады. Журналға жазба жазуды тиiстi лауазымды адамдар жүргiзедi. Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия журналдың дұрыс жүргiзiлуiн қадағалайды және тоқсан сайын (ай сайын) сынған ыдысты есептен шығаруға акт жасап отырады, оны бюджеттiк ұйымның басшысы бекiтедi. Пайдаланудан шығарылған арзан бағалы және тез тозатын заттардың сомасы 071 қосалқы шотының кредитi және 260 қосалқы шотының дебетi бойынша жазба жазылады. Арзан бағалы және тез тозатын заттардың шығарылуы және ауыстырылуы жөнiндегi операциялардың есебi н. 438 жинақтау ведомостында (10-мемориалдық ордер) жүргiзiледi. Арзан бағалы және тез тозатын заттардың талдау есебi 071 қосалқы шоты бойынша заттардың атаулары, саны, олардың құны және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында немесе түгендеу тiзiмiне қосымша 402-жапсырма парақтарда және арзан бағалы және тез тозатын заттардың салыстырма ведомостында жыл бойында әрбiр тоқсанның аяғындағы қалдықтарды көрсете отырып, жапсырма парақтардың тиiстi бағанында көрсетiледi. Жапсырма парақтарды талдау есебiнде қолданған кезде айналым ведомосты жасалмайды. Н. 402 жапсырма парақта жазулар әр құжат бойынша жүргiзiледi. Бұл орайда "Мемориалдық ордердiң күнi мен нөмiрi", "Саны" және "Сомасы" деген бағандардың үстiндегi бос бөлiкте құндылықтардың қозғалысы болған ай және операциялардың түрi - "түстi" немесе "шығарылды" деген белгiлер қойылады. Егер бiр айда бiр атаулы және құндары бiрдей заттар екi рет түскен болса, операциялар екi рет жазылады. Жыл бойында бiрiншi қаңтарға дейiн болмаған жаңа атаулы заттар түсетiн болса, олар н. 401 түгендеу тiзiмiне (салыстырмалы ведомость) жазылуы тиiс.
072 "Қоймадағы iш киiм, төсек орын жабдықтары, киiм және аяқ-киiм" қосалқы шотында денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, халыққа бiлiм беру және басқа ұйымдарында көрсетiлген заттар, олардың атаулары, саны, материалдық жауапты адамдар бойынша мынадай топтарға бөлiнiп, М-17-нысанындағы материалдардың қоймалық есеп кiтабында есептеледi: 1) iш киiм (жейделер, қысқа жеңдi көйлектер, халаттар және с.с.); 2) төсек орын жабдықтары мен жарақтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер, ақ жаймалар, көрпе тыстар, жастық тыстар, жапқыштар, төсек-қапшықтар және с.с.); 3) киiм және нысанды киiмдер, арнаулы киiмдердi қоса (костюмдер, пальтолар, сулықтар, шолақ тондар, көйлектер, кофталар, юбкалар, күртелер, шалбарлар және с.с.); 4) аяқ-киiм, арнаулы аяқ-киiмдердi қоса (ботинкалар, етiктер, сандалдар, пималар және с.с.); 5) спорт киiмдерi және аяқ-киiм (костюмдер, ботинкалар және с.с.). Жұмсақ инвентарлардың көрсетiлген заттары бюджеттiк ұйым басшысының және бухгалтерлiк қызмет өкiлiнiң қатысуымен қойманың меңгерушiсi ұйымның атауын көрсетiп, жуылмайтын және заттың сыртқы түрiн бұзбайтын бояулы штамппен таңбалайды, ал заттар пайдалануға берiлген кезде олар қоймадан берiлген жыл мен ай қосымша көрсетiледi. Таңбалау штамптары бюджеттiк ұйымның басшысында немесе оның орынбасарында сақталынуға тиiс. Бұл заттардың сатып алынуына қарай олардың құны 072 қосалқы шотының дебетi және "Ақшалай қаржылар" бөлiмiнде немесе "Есеп айырысулар" бөлiмiнде тиiстi қосалқы шоттардың кредитi бойынша көрсетiледi. Сонымен бiрге 08, 20, 21 шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының дебетi және 260 қосалқы шотының кредитi бойынша жазулар жазылады. Заттардың қоймадан пайдалануға босатқан кезде 073 қосалқы шоты дебеттеледi және 072 қосалқы шоты кредиттеледi. 072 қосалқы шоты бойынша талдау есебi заттардың атаулары, саны, топтары және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кiтапта) немесе н. 402 жапсырма парақтарында жүргiзiледi. Iш киiмдер, төсек орын жабдықтары, киiм және аяқ-киiм оларды пайдалануға босатқан кезде екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiн. 412 арзан бағалы және тез тозатын заттар қозғалысының жедел (сандық) есептеу ведомостарында есептеледi және 072 қосалқы шотының кредитi және 260 қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi. Пайдалануға берiлген екi айлық есептiк көрсеткiшiнен асқан iш киiмдер, төсек орын жабдықтары, киiмдер мен аяқ-киiмдер 073 қосалқы шотының дебетiнде және 072 қосалқы шотының кредитiнде жазылады. Iш киiмдердi, төсек орын жабдықтарын, киiмдер мен аяқ-киiмдердi есептеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық Комитетiнiң келiсiмi бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ведомостволық нұсқаулықтарымен белгiленедi. 073 "Пайдаланудағы iш киiм, төсек-орын жабдықтары, киiм және аяқ-киiм" қосалқы шотында ұйымдардағы пайдаланудағы заттардың есебi жүргiзiледi. Материалдық жауапты адамдар таңбаланған iш киiмнiң, төсек орын жабдықтарының және с.с. пайдаланылуы үшiн жауап бередi. Бұл заттарды есептен шығарған немесе қайтарусыз тапсырған кезде 260 қосалқы шоты дебеттеледi және 073 қосалқы шоты кредиттеледi. Пайдаланудағы iш киiмнiң, төсек орын жабдықтары, киiм және аяқ-киiмнiң талдау есебi заттардың атаулары, саны, олардың құны, топтары және материалдық жауапты адамдар бойынша 296-а үлгiлерiндегi карточкаларда (н. 296 кiтапта) немесе түгендеу тiзiмiне немесе салыстырма ведомосқа қоса 402-нысандағы жапсырма парақтарда жүргiзiледi. Тозған және жарамсыз болып қалған iш киiмдердi, төсек орын жабдықтарын, киiм мен аяқ-киiмдi есептен шығару 443-нысанындағы "Iш киiмдердi, төсек орын жабдықтарын киiм мен аяқ-киiмдердi, аспаптарды, өндiрiстiк және шаруашылық құралдарын баланстан шығару актiсi" бойынша бюджеттiк ұйымның басшысы бекiткен есептен шығаруға арналған актiнiң негiзiнде бүкiл жүйе үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен бекiткен пайдалану мерзiмдерi ескерiле отырып жүргiзiледi. Арнайы киiмдердi, арнайы аяқ-киiмдердi және сақтандыру жарақтарының талдама есебi Арнайы киiмдердiң, арнайы аяқкиiмдердiң және сақтандыру жарақтарын есепке алудың жеке карточкасы МБ-6-н. бойынша және Арнайы киiмдердiң, арнайы аяқкиiмдердiң және сақтандыру жарақтарын берудi (қайтаруды) есепке алу ведомосы МБ-7-н. бойынша жүргiзiледi.
Семинар сабақтарының тапсырмалары:
Бордақыдағы ірі қара малдардың есебінің құжат айналымын ұйымдастыру
Ірі қара малдарды топтан топқа ауыстыруды реттеу
