Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяси руб.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

Негізгі ұғымдар: индивид, жеке тұлға, индивидуалдылық, саяси әлеуметтену, саяси ойлаудың генезисі, саяси мотивтер.

6-тақырып. Лидерліктің саяси психологиясы

  1. Лидерлік теориялары: орта, алмасу, мотивациялық және гуманистикалық теориялар.

  2. Лидерліктің негізгі стилдері.

  3. Лидерлік феноменді қазіргі қалыпта түсіндіру.

Саяси психологияда лидерлі феномені ерекше проблемалар қатарына жатады. Саяси лидерлік саяси биліктің «адамдық өлшемі» болып табылады. Бір жағынан саяси-психологиялық өлшемдегі билік «билеушінің» өзіне бағындыра алу қабілеті тұрғысынан қарастырылса, екінші жағынан, билік «төменгілердің» «жоғарғыларға» бағынуға даярлығы тұрғысынан қарастырылады.

Лидерлікті зерттеудің негізгі мақсаты – лидерлердің жалпыланған типтерін бөліп алу және лидерліктің қолданбалы типологиясын құрастыру.

Лидерлік феномен – саяси психологияда ерекше орын алады. Біріншіден, бұл келе жатқан мәселелердің бір түрі. Егер саяси ғылымға билік проблема болса, ал саяси психологияда билік ішінлдегі «адам факторы», бұның екі тұжырымы бар. Бір жағынан, саяси-психологиялық өлшемдегі билік – билігі бар адам («жоғарыдағылар») өзіне бағындыру қасиетінің болуы. Ал екінші жағынан осы саяси-психологиялық өлшемдегі билік – бұл «төмендегілердің» «жоғарыдағыларға» бағынуға дайындалуы. Осылайша бір медальді лидерлік феноменнің екі жағы пайда болады: «жоғарыдағылардың» бар қасиеті «төменгілердің» дайындалуы. Бұл компоненттерінің басымы көптеген мәселелермен жағдайларға байланысты.

Екіншіден, лидерлік феномен – саяси-психологияның көбінесе қарастыратын мәселелерінің бірі. Әсіресе осында негізгі зерттеулер, концепциялар және теориялық талдаулар жиналған. Лидерлік феноменді оқыған кезде, саяси-психологияның басқа бөлімдеріне қарағанда әлі күнге дейін қорытынды диагнозы жоқ.

Үшіншіден, бұл саяси психологтарға жағымды мәселе. Бұнымен айналысу, кең халыққа қызығушылық әкеледі және сонымен қатар саясаткерлердің өзінен сұраныс келеді. Яғни, атақ пен ақша әкеледі.

М.Вебер хоризманың 3 түрін ұсынды:

  • ішкі проблемаларды шешуге арналған хоризма;

  • агрессия арқылы бөтен биліктен сақтау;

  • лидердің қызығушылығын қанағаттандыру үшін оған атрибут қосу.

Дж.Д.Барбер психопатологиялық типологиясында өзінің стиль, әлемге көз-қарас, билікті арақатынас деген түсініктерге сүйене отырып 2 өлшемді ажыратты:

  1. Активті-пассивті

  2. Позитив-негатив.

Критерийлерді қоса отырып осы өлшеммен президент мінезінің 4 типін береді:

Активті (белсенді)

Пассивті (баяулы)

Позитивті

Мақсат: табысқа жету

Мақсат: халықтан сенімділік алу

Негативті

Бағдар: билікке жетіп, оны ұстап қалу

Бағдар: өзінің азаматтық атағын көрсету

Саяси-психологиялық анализ, адамзаттың тарихы толығымен жазбаша жеткізілген. Алайда, лидерлік проблемасының негізгі жетістіктері 19 ғ. Аяғында 20 ғ. басында тек көбінесе жазбаша мінезді болды. Анализ 20 ғ. жетті. Әр түрлі теориялар лидерліктің табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменге әсер ететін факторды табуға амал жасады.

Орта теориясы. Негізгі қасиеттері: лидерлік айналаның функциясы болып келеді, я,ни белгілі уақыт, орын және жағдай.

В.Е.Хокингтің ұсынысы, лидерлік – топтың функциясы, ол лидерге беріледі, егер топ оынң тақырыбына сүйенген жағдайда. Х.С.Персон 2 гипотеза шығарды:

  1. әр жағдай лидердің өзін және оның сапасын анықтайды;

  2. индивид сапасы, ол лидерлік сапаны анықталатын жағдайда анықталады, алғашқы лидерлік жағдайдың шешімі болып табылады.

Жеке ситуациялық теория. Мұнда лидердің психологиялық тұрмысы және шарттары қарастырылады. Осының ішінде лидерлік процесі жүреді. С.М.Казенің ойынша лидерлік 3 фактормен байланысады: жекеше, топтық және жағдаймен (мысалы, топ шешетін мәселе).

Гуманистік теория. Лидерліктің негізгі функциясы модификация болып табылады.

Д.Мак Грегор лидерлікті жүргізетін 2 теория ойлап шығарды. Біріншіден, ол Х аталатын теория, мұнда ол индивидтердің әлсіз екендігін көрсетеді, оларды әрдайым бағыттап отыру керек. Екіншіден, ол У теориясын ұсынды, мұнда дамдар жан-жақты болып, алға ұмтылу жолдатыр іздейді, сондықтан бұларды өз мақсаттарына жету үшін бағыттау керек.

Р.Р.Блайк және Дж.с.Моутонның өз теорияларында лидерлікті график бойынша көрсете білді: абцисс осі бойынша – индивидтердің қамқорлығын ойлау, ал ординат осі бойынша қорытындыны ойлап, қамқорлау. Осы 2 коэфицент неғұрлым жоғары ьолса, соғұрлым кәсіпте сенімдік арақатынас пен сыйластық болады.

Ауысу теориясы. Бұл теорияны жақтаушылар, яғни Дж.С.Хоманс, Дж.С.Марч, Х.А.Саймон, Х.Х.Келли және т.б., бұлардың айтуынша халық арасында болып жатқан қарым-қатынас формасы ауысу болып келеді, ол дегеніміз адамдардың бір бөлігі белгілі бір кіріс кіргізіп, содан пайда табады.

Т.О.Джакобс ауысу теориясының бір нұсқасын ұсынды: мұнда дамдардың бір бөлігі лидерге статусын көрсете отырып, оның мақсатына жеткеніне және ауысу қарым-қатынасында бір-біріне сыйластық көрсетеді. Ауысу процесі өте күрделі болып келеді. Оның «несие беру» және әр түрлі «төлемдер» сияқты көптеген жүйелер бар.

Мотивациялық (ақпаратты) теория. В.Ф.Стоунның айтуы бойынша, мотив – бұл қоршаған ортамен күнделікті өмірде ақпарат алмасу.

Тым жарқыраған мотивация өзіне керісінше жағымсыз қорытынды әкелуі мүмкін. Мысалы, мотивациясын тым жарқыратқан кандидат, жақсы тірегі мен білім стажы жеткілікті болмаса, бұл мотивациясы өзіне зияң келтіруі мүмкін.

Дж.Штерн мотивацияға келесі формуланы ұсынды:

МОТИВАЦИЯ=/(МОТИВ х КҮТУ х СТИМУЛ)

Дж.Аткинсон мотивацияны 2 типке бөледі:

Бірінші: сәттілік мотивациясы Мс,

Екіншіден: сәтсіздікті жолатпау мотивациясы Мсз.

Бұларды формула бойынша келтіруге болады:

Мс=/(Мс х Кс х Сс) Мсз=/(Мсз х Ксз х Ссз).

А.М.Маслоудың өз теориясында: лидерліктің тамыры адам құмарлығының трансформация процесінде қажеттілікке, социалды ұмтылысқа, саяси талапқа, яғни, ортадан құрылатын мотивке.

А.М.Маслоу билікті қажеттіліктің 2 типін ажыратқан:

  1. қажеттілік күште, мақсатқа жету, автономиялықта, бостандықта.

  2. қажеттілік репутацияда, сәттілікте, статуста, престижде т.б.

Д.М.Бернстің ойынша сыйластыққа ұмтылу – бұл патология емес, бұл өзіндік актуализацияға жоғары қажеттілік. Өзіндік актуализаторлар – бұл потенциалды лидерлер.

Лидерлік феномені – саяси психологияның негізгі проблемасы. Егер де саяси ғылымда ең басты проблема болып басшылық болса, ал саяси психология үшін – бұл басшылықтың нақты көрінісі, саясаттың «адамгершілік факторында». Бұл нақты көріністің екі мағынасы бар. Бір жағынан, басшылық саяси-психологиялық өлшемде – бұл өзіне бағынушы ретінде, саяси институттың немесе режимнің лидерлігі деген сөз. Ал басқа жағынан, басшылық саяси-психологиялық өлшемде – «төмендегілердің» «жоғарыларға» бағынуға дайындығы. Осыдан лидерліктің феноменің екі жағы пайда болады: «жоғарылардың» қабілеті және «төменгілердің» дайындығы.

Екіншіден, лидерлік феномені – саяси психологиядағы белсенді проблемалардың бірі. Дәл осында зерттеу массивтері, концепциялары, теоретикалық қарымқатынас жиналған.

М.Герман лидерліктің 5 негізгі компоненттерін ұсынды:

  1. лидердің жеке тұлғалығы және басқарудағы ерекшелігі;

  2. топ мінездемесі;

  3. топ ішіндегі қарым-қатынас;

  4. лидерлік құратын контекст;

  5. лидердің белгілі бір жағдайдағы атқаратын жұмысы.

А.Вилдавскийдің мәдениеттану теориясының тұжырымына байланысты саясаттық режимінің лидерлік байланысы мәдениеттің режимі болып табылады. Зерттеулерге байланысты лидерлік топ саясаттық топпен байланысты. А.Вилдавский режимдерді 9 түрге бөлді, олардың алғашқы төртеуі негізгісі болып саналады, ал қалғандары аралас болып табылады. Олар мынадай режимдер:

  1. Авторитаризм мәдениеті – фатализм Көшбасшылық: деспотикалық, шектеулі емес, жалғасымды.

  2. Коллективизм мәдениеті – Көшбасшы иерархия. Позиционалды, шектеулі ортада, уақытта жалғасымды.

  3. Индивидуализм мәдениеті – Көшбасшы нарығы: метеорлы, шектеулі және жалғасымды емес.

  4. Эгалитаризм мәдениеті - Әділді мәдениет: харизматикалық, шектеулі емес, жалғасымсыз.

В.Д.Джоунстың көшбасшысының типологиясы бойынша нарық пен демократияның арақатынасын тек қана 4 көшбасшылық нұсқасы бар:

  1. Көшбасшы – «делегат» - ол экономикалық элитпен байланысты.

  2. Көшбасшы – «сенімді тұлға».

  3. Көшбасшы – «лакей».

  4. Көшбасшы – «кәсіпкер».

Лидерлік феноменді қазіргі қалыпта түсіндіру және топтың өзара әрекеттерінің анализін білу керек. Бірінші түсінгендері: К.Левин, Р.Липпит және Р.Уайт. Олар лидерлік қалыптасуында әр түрлі стильдерінде психологиялық климатты зерттеп мынандай 3 негізгі лидер топпен өзара қарым-қатынастағы моделінің мінездемесін еңгізген: авторитарлы, демократиялық және либералды стильдері.