- •2.2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
- •2.3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •3 Тақырып. Мемлекетті басқарудағы жүйелі тәсіл
- •1. Жүйенің жалпы теориясы
- •2.Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
- •3.Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
- •4.Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары
- •5.Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
- •6.Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
- •4.1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар бұтағы
- •4.2. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4.3. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5.1. Мемлекеттік басқару қағидалары.
- •5.2 Мемлекеттік басќару әдістері жайлы түсінік
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру
- •1.Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi
- •2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
- •1.3.Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi
3 Тақырып. Мемлекетті басқарудағы жүйелі тәсіл
Дәріс жоспары:
1 Жүйенің жалпы теориясы
2.Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
3.Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
4.Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары
5.Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
6.Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
1. Жүйенің жалпы теориясы
Жүйенің жалпы теориясы – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.
Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей емес. (Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшелктеріне жататындар:
тұтастық (оның элметтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
құрылымдағы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);
иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
техникалық;
биологиялық;
әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Әлеуметтік- экономикалық жүйенің басты ерекшелігі– оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.
Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары (подсистема) мен қосалқы жүйе (субсистема) ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элменттердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.
Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсалюттік сипатта да бола береді.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.
Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.
2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барысында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.
3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.
4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.
5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.
Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар орындалғанда мүмкін болады.
