Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тгу лекция қысқартылған - копия1111.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

4.Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары

Барлық басқару процесінің бастапқы кезінде оның мақсаттары анықталады.

Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрі оны адамдар қалыптастырып отырады. Мақсаттар негізінде объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және әлеуметтік даму заңдылықтары көрініс табады. Кезінде Ф.Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, деп атап кеткен. Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны өндірісті басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп қырлылығын бейнелейді. Мақсаттар мазмұны бойынша мыналарға бөлінеді: экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси мақсат және ғылыми-техникалық мақсат.

Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі ретінде қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметі барлық бағытын қамтиды.

Бұл мақсаттар қоғам дамуының барлық мақсаттарын бір - біріне жанама түрде қатысты етеді.

Ғылыми-техикалық мақсаттар – ғылыми- техникалық прогресс қоғамдық өндірісті дамытудың және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық мақсаттардың қатарына кіреді.

Мақсатты тұжырымдаудың салыстырмалы түрдегі жаңа тәсілдемелері мен әдістерін екі топқа біріктіруге болады: зерттеу және эвристикалық (эвристика (грек тілінен аударғанда - табамын)- «аққиқаттты таба білу өнері» - адамдардың логикалық жүйесі және теориялық зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.

5.Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыратын түрлі әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.

Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын:

1. Мақсаттарды құрылымдау;

2. Сараптық- талдамалық;

3. Ұйымдық үлгілеу;

4. Ұқсастықтар

Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі мәнге ие бола алады.

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процесті үш ірі сатыға бөлуге болады:

1. Басқару аппаратының жалпы құрылымдық схемаларын қалыптастыру.

2. Негізгі бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы байланысты әзірлеу

3. Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипатын әзірлеу

6.Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау

Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрымының тиімділігі былайша анықталады - өндірістік ұйым қызметінің тиімдігі басқару жүйесінің іс-әркет жасау тиімділігіне, ұйымыдық құрылымның сапасына байланысты болады.

Басқару жүйесінің тиімділік критерийлерінің кешенді жиыны оның іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:

1) өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша

2) жүйенің іс-әрекет жасау процесінің өз мазмұнына қоятын объективті талабының, ұйымдастыру ісінің нәтижеге сәйкес келу деңгейі бойынша.

Ұйымдық құрылымның әр түрлі нұсқаларын салыстыруда қолданылатын тиімділік өлшеміне өзінің іс-әркетінде салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі жатады.

Басқару процесінің тиімділігін бағалауда сандық және сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде пайдалануы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:

  • өндірушілігі;

  • үнемшілдігі;

  • икемділігі;

  • оперативтілігі;

  • сенімділігі.

Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты органдарының шешім қабылдау процесінде пайда болған ахуалға сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәскелестік күрес, болжауға келмейтін белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік танытатын шағын және орташа кәсіпорындарға тән.

Тақырып 4 Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары