- •18. Отырардың қоршауға алынуы[
- •Отырардың берілуі
- •Моғолстанның құрылуы, жер аумағы[өңдеу]
- •Халқының этникалық құрамы
- •Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы
- •22, Әбілхайыр хандығы
- •25, Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
- •26, Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тайпалар
- •Билеушілер
- •18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
- •40,Бөкей хандығының құрылуымен шарушылығы
- •43, Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс
- •Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары және тарихи маңызы
- •Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы
- •46, 1867—1868 Жылдардағы реформаның дайындалуы. Дала комиссиясы
- •В1867—1868 жылдардағы әкімшілік басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер[өңдеу]
- •49, Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс аудару себептері
- •Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудара бастауы
- •Қоныс аударушылардың ауыр жағдайы
- •60, 1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
18Ғ аяғындағы Кіші жүздегі саяси жағдай. Сырым Датұлы бастауы мен болған көтеріліс.
Көтерілістің алғышарттары:
-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі
-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы
-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және
Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы
-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.
1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.
1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:
-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.
-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.
-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.
Көтерілісшілердің басты мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.
Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі менОр бекінісі төңірегінде шайқасты.1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.1785 жылғы 17 ақпан көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт)Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.1785 жылғы 15 наурыз көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды.Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:
-Байұлы
-Жетіру
-ӘлімұлыСырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті.Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.Бұл тұста Сырым па та үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, И-м реформасы уақытша тоқтатылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 ж тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица II Екатерина 1790 ж 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда ген-губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 ж наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.Батыр екінші жолды таңдады.Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.1794-Ералы хан қайтыс болды.1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты.1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді.1797ж- Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті.1802ж-Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себептері:Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.Руаралық қайшылықтар.Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.Қару-жарақтардың
аздығы.Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы: Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.Көтерілістің нәтижесі:1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
39,
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» (1822ж) және «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» (1824ж) негізінде отаршылдық жүйені жасау.
1822 жыл-«Сібір қырғыздарының жарғысы» шықты.Авторы-Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский, көмекшісі-кейін желтоқсаншы болған Г.С.Батеньков. Жарғының басты мақсаты: Қазақстанның солтүстік-шығтыс өңірінде әкімшілік,сот,саяси басқаруды өзгерту; рулық –феодалдық тәртіптерді әлсірету, орта жүздегі хандық билікті жою.Орта жүздің әкімшілік құрылымы: Округ-(15-20 болыс), басқарушысы – округтік приказ және аға сұлтан.Болыс-(10-12 ауыл), басқарушысы- болыс сұлтаны. Ауыл-(50-70 шаңырақ), басқарушысы- ауыл старшыны. Ауыл старшындарымен аға сүлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сүлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Егер мұрагері болмаса, інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы сайланды. Жарғы бойынша сот ісі Жарғы бойынша сот ісі 3-ке бөлінді: Қылмыстық істер, талап ету, шағым айту. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамы: Тобыл, Том, Омбы, Сібір қырғыздарының облысы. Басқару орталығы-Тобыл (1839 жылға дейін), Омбы (1839 жылдан бастап), Сібір қазақтарының округі аумағы: батыста Орынбор, оңтүстікте Шу өзені. Округтер: Қарқаралы, Көкшетау (1842 ж), Баянауыл (1826 ж), Аягөз (1831 ж) және т.б 1822 жыл-Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік саяси реформаның салдары: Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді, өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады, Ресейдің отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты, хандық билікті жойды. 1824 жыл- «Орынбор қырғыздарының жарғысы» қабылданды. Авторы – Орынбор генерал-губернаторы П.К. Эссен. Кіші жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (Батыс, Орта, Шығыс), басқарушысы-сұлтан. Дистансия (54,1831 жыл), басқарушысы-ру шонжарлары. Ауыл, басқарушысы- ауыл старшыны Реформаның салдары: Орталық басқару нығайтылды, табиғаи байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды. 1842 жыл-Кіші жүздің соңғы ханы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. «Сібір қырғыздарының» сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік тудырды.
