- •1. Өсімдік клеткасының физиологиясы мен биохимиясы
- •Смс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Глоссарий
- •Бөлімнің міндетті минимальды мазмұны
- •Бөлім бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Глоссарий
- •9. Пойкилогидридті және гомойогидридті өсімдіктер. Суармалы егіншіліктің физиологиялық негіздері 10. Өсімдіктердегі су тапшылығының түрлері. 11. Өсімдіктердің суды қажет етуінің көрсеткіштері.
- •Бөлім бойынша қорытынды
- •Бөлімнің міндетті минимальды мазмұны
- •Бөлім бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Бөлім бойынша қорытынды
- •Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •Глоссарий
Смс бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың құрылысы, қызметтері, құрамы Қазіргі заманғы көзқарасқа сәйкес мембраналардың құрылысы сұйықтық-мозаикалық, яғни липидтік матрикстен (“сұйық” қос қабаттан) және сол матрикстің әр жерінде орналасқан ақуыздардан тұрады. Осы модель бойынша ақуыз бен липид молекулаларының зарядталған (полярлық) топтары мембрананың сыртқы бетінде орналасады, ал зарядталмаған (бейполярлық) топтары мембрананың ішкі гидрофобты бөлігін құрайды. Кейбір ақуыздар мембрана қабатын толығымен тесіп өтеді де, екі жағынан да шығып, көрініп тұрады. Мембрана құрылысында ақуыздар мен липидтерінің рөлін түсіну қажет. Мембраналардың негізгі қасиетін – талғаулы өткізгіштігін қарастыру өте маңызды. Ол – мембрана арқылы заттардың әр түрлі жылдамдықпен өтетіндігі. Әр түрлі жылдамдық, біріншіден, заттардың мембрананың жеке құрамбөліктерінде түрлі ерігіштігіне, екіншіден, заттарды энергия жұмсап, мембрана арқылы тасымалдайтын белгілі жүйелердің болуына байланысты. Клетка мембраналары келесі қызметтерді атқарады: 1) клетка мен органеллаларды түрлі компарт- менттерге бөледі, нәтижесінде олардың ішінде қарама-қарсы бағытталған үдерістер жүреді; 2) клетканың заттарды сіңіруі мен бөліп шығаруын реттейді; 3) заттардың биосинтезіне қатысады. Эндоплазмалық ретикулумы мембранасының сыртқы бетінде ақуызды синтездейтін рибосомалар орналасады; 4) хлоропласт пен митохондрия мембраналары энергияны жинақтап, бөліп шығарады; 5) рецептор ретінде сыртқы мен ішкі ортадағы өзгерістерді қабылдайды; 6) клетканың биокатализаторлары – ферменттердің белсенділігі мен әрекет ету бағыттарын өзгертеді. Кейбір ферменттер мембранаға бекітілген күйінде, ал басқалары цитоплазмада бос күйде болғанда ғана белсенділік танытады.
Сөж материалдары
1-кесте. Өсімдік клеткасының құрылымдық бөліктерінің мөлшері
Клетканың құрылымдық бөлігі |
Диаметр, мкм |
Клетканың құрылымдық бөлігі |
Диаметр, мкм |
Ядро |
5-10 |
Лизосома |
0,5-1,5 |
Хлоропласт |
3-10 |
Микроденешіктер |
0,2-1,5 |
Митохондрия |
3-5 |
Рибосома |
15-36 нм 1 |
Гольджи аппараты |
0,5-3 |
Микротүтікшелер |
20-23 нм |
Сферосома |
0,2-0,9 |
Мембрана 2 |
7-10 нм |
1 – нанометрлер; 2 – қалыңдығы
2-кесте. Өсімдік клеткасының құрылымдық бөліктерінің қызметтері
Клетканың құрылымдық бөлігі |
Негізгі қызметтері |
Клетка қабықшасы |
Беріктік, тірек және қорғаныш қызметтері |
Цитоплазма |
Гликолиз бен барлық органелла арасында өзара байланысты іске асыру |
Вакуоль |
Осмореттелуі, заттардың қорға жиналуы, екінші реттік алмасу өнімдерінің жинақталуы |
Ядро |
Гендік ақпараттың сақталуы және тасымалдануы, РНҚ синтезі мен қайта үйлестірілуі, рибосомалардың пайда болуы |
Митохондрия |
Тыныс алудың аэробты сатысы, тотықтыра фосфорлану |
Хлоропласт |
Фотосинтез, фотосинтездік фосфорлау |
Эндоплазмалық ретикулум |
Заттардың тасымалдануы, метаболдық орталықтардың, компартменттердің пайда болуы |
Гольджи аппараты |
Секреция, клетка қабықшасының пайда болуына қатысу, көмірсулардың жиналуы |
Лизосома |
Автолиз үдерістерінің іске асуы |
Сферосома |
Майдың жиналуы мен сақталуы |
Пероксисома, глиоксисома |
Фототыныс алу, глиоксилаттық жол |
Микротүтікшелер |
Цитоплазма мен оның органеллаларының қозғалуы, целлюлоза фибриллаларының кеңістікте орналасуы |
Рибосома |
Ақуыз синтезі |
