- •1. Өсімдік клеткасының физиологиясы мен биохимиясы
- •Смс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Глоссарий
- •Бөлімнің міндетті минимальды мазмұны
- •Бөлім бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Глоссарий
- •9. Пойкилогидридті және гомойогидридті өсімдіктер. Суармалы егіншіліктің физиологиялық негіздері 10. Өсімдіктердегі су тапшылығының түрлері. 11. Өсімдіктердің суды қажет етуінің көрсеткіштері.
- •Бөлім бойынша қорытынды
- •Бөлімнің міндетті минимальды мазмұны
- •Бөлім бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Зпс бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж материалдары
- •Бөлім бойынша қорытынды
- •Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
- •Глоссарий
Бөлім бойынша қорытынды
Фотосинтездің жарық сатысында хлоропласт ішіндегі тилакоид мембранасында жарық энергиясы О2 бөле отырып, судың тотықтыруына, NADP+ тотықсыздандыруына және Н+ - иондарының трансмембраналық, электрохимиялық потенциалының пайда болуына жұмсалынады. Өз кезегінде электрохимиялық потенциал AТФ-тың жоғары қуатты (макроэргиялық) фосфаттық байланысының энергиясына айналады (фотофосфорлану). Қызыл мен көк жарықты сіңіретін хлорофилл молекулалары фотосенсибилизатор қызметін атқарады. Каротиноидтер хлорофилл құрылысын бұзылудан сақтайды, сонымен қатар, балдырлардағы фикобилиндер сияқты қосымша пигмент ретінде фотосинтезге қатысады. Фотосинтездің жарық сатысы Н+-сораптың механизміне негізделеді. Фотосинтездің қараңғы сатысында АТФ пен NADPH-тың энергиясы СО2 байланыстырып, ассимиляциясына, яғни тотықсыздана карбоксилдеуге жұмсалынады, нәтижесінде бірінші өнім ретінде С3-өсімдіктерде 3-фосфоглицерин альдегиді, ал С4-өсімдіктерде – органикалық қышқылдар түзіледі. Хлоропласттағы жарық энергиясы, сонымен қатар, NO3 пен SO4 тотықсыздандыруға жұмсалынады. СО2 жетіспегенде және О2 артық болғанда пероксисома қатысуымен фототыныс алу жүреді. Жапырақ құрылысы, оның қозғалысы, устьице аппаратының жұмысы, ассимиляттардың жылжуы өсімдіктің фотосинтездік іс-әрекетін оңтайландыруға бағытталған. Фотосинтез – биосфераның маңызы зор үдерісі. Тіршілік эволюциясының алғашқы кезеңдерінде пайда болып, фотосинтез ғарыштық қызмет атқарады. Себебі күн радиациясы есебінен өсімдіктің орасан зор биомассасы пайда болады және атмосфераға оттегі бөлінеді.
Аралық және қорытынды бақылаудың сұрақтары
1. Тірі табиғаттағы көміртекпен қоректену типтері және оның эволюциясы. 2. Фотосинтездің негізі. 3. Фотосинтездің ғарыштық рөлі, оның ауыл шаруашылығындағы маңызы. 4. Фотосинтезді зерттеудің қысқаша тарихы. 5. Өсімдіктегі фотосинтездік аппаратының құрылысы және қалыптасуы. 6. К.А.Тимирязевтің және басқа ғалымдары жұмыстарының маңызы. Хлоропласттың құрылысы және түзілуі. Жапырақ – фотосинтез мүшесі. Оның құрылысы мен қызметінің біртұтастығы. 7. Жапырақ пигментінің химиялық табиғаты және оптикалық қасиеттері. 8. Пигменттік жүйе және фотосинтездік бірлік жөніндегі көзқарастар. 9. Циклді және циклсіз фотофосфорлану. 10. Көмір қышқыл газын сіңіру биохимиясы. 11. Фотосинтездің химизмін зерттеу үшін таңбаланған атомдар әдісінің және хроматографияның рөлі. 12. Фотосинтездегі Кальвин циклі көміртектің негізгі жолы ретінде. 13. С4-өсімдіктеріндегі кооперативті фотосинтез, оның химизмі және СО2-ні сіңірудің қалыпты типімен салыстырғанда тиімділігі. 14. Суккуленттердің көмір қышқыл газын сіңіру ерекшеліктері. 15. Фотосинтез өнімдері жөніндегі қазіргі күнгі көзқарастар. Сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты олардың құрамының өзгеруі. 16. Өсімдіктегі фотосинтездің эндогенді реттелуі. 17. Жарықсүйгіш, көлеңкеге төзімді, көлеңке сүйгіш өсімдіктердің түрлі онтогенез кезеңінде жарық қарқындылығына реакциясы. 18. Фотосинтезге әсер етуші факторлардың өзара байланыстылығы және олардың заңдылықтары. 19. Егістік фотосинтездік жүйе ретінде, оның қалаптасуын және өнімділігін анықтайтын жағдайлар. 20 Фотосинтездің таза өнімділігі, қарқындылығы, жапырақ бетінің индексі және фотосинтездік потенциал туралы түсінік. Солтүстік Қазақстан жағдайындағы астық және мал азықтық дақылдарда осы көрсеткіштердің ерекшеліктері. 21. Термодинамика заңдарының тұрғысынан фотосинтездің химизмі және энергетикасы. 22. ФБР-ды толығымен пайдаланғанда және гендік деңгейде ассимиляциялық аппаратты жүзеге асырғанда өсімдіктерде фотосинтез өнімділігін арттыру жолдары.
