- •Модуль 1.Трансформаторлар Тақырып 1. Кіріспе
- •1.Жаңа техника және энергетикадағы электр машиналарының ролі және мәні.
- •2. Электр машиналарының және трансформаторлардың дамуы бойынша қысқаша мағлұмат.
- •Модуль 1. Трансформаторлар
- •1.Құрлысы және принциптік әрекеті.
- •2.Бос жүріс және қысқа тұйықталған трансформаторлардың физикалық процестері.
- •3. Эқк теңдеулері. Трансформациялық коэффициент.
- •Модуль 1.Трансформаторлар Тақырып 3. Келтірілген трансформатор.
- •1.Жүктемелі трансформатор.
- •2.Векторлық диаграммалар
- •1.Кернеудің өзгеруі.
- •Инженерлік есептеудерде жиірек қолданыс табатыны:
- •Бұл трансформатордың бірінші және екінші орамалардағы шашырау өрісінің бөлінуін дәл анықтау мүмкін болмағандықтан алынған.
- •3.Параметрлерді тәжірибе жүзінде анықтау.
- •4 Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті.
- •1. Параллель жұмыс жасауға қосу шарты
- •2. Параллель жұмыс жасағанда трансформаторлар арасында жүктемелерді тарату
- •3. Арнайы трансформаторлар.
- •1.Электр энергиясын өндіру және тұтынудағы айнымалы тоқ машинасының ролі.
- •2.Айнымалы тоқ машинасының орамасындағы индукцияланатын эқк. Орамалық коэффициент.
- •2.4. Орамалық коэффициент.
- •1.Құрлысы
- •Жұмыс принципі.
- •2. Асинхронды машинаның кернеулер және тоқтар теңдеулері, алмастыру схемасы және асинхронды машинаның векторлық диаграммасы
- •3.3. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы.
2.Векторлық диаграммалар
Енді келтірілген трансформатордың электрлік теңдеуінің өрнегі қабылданған ұйғарым бойынша мұндай жүйе түрінде жазылады.
U 1 = -Е1 + І1 R1 + І1 j Х1 ;
U 2 1= Е11 – І2 1 R21 – І2 1 j Х21;
І=І1+І2 (1.34)
(1.34) теңдеу жүйесінің графикалық шешімі, келтірілген трансформатордың кернеуінің, тоғының және ЭҚК–нің векторлық диаграммасын тұрғызуға мүмкіндік береді.
Трансформатордың көрсетілген эквивалентті электр сұлбасында: Е1 мен Е2 трансформатордың бірінші орамасы мен келтірілген екінші орамасындағы ЭҚК; R1 мен R2 ретіне қарай трансформатордың бірінші орамасы мен келтірілген екінші орамасындағы Омдық кедергілері: Х1 мен Х2–трансформаторлардың бірінші орамасы мен келтірілген екінші орамасында индуктивті шашырау кедергісі: Z =Rcm + j Xм магниттену тізбегінің кедергісі: тәжрибеде R1 мен R21 << Rcm , ал х 1 мен х21<<хм Кирхгоф заңы бойынша трансформатордың эквивалентті ауыстырма сұлбасы үшін кейбір ауытқуларда ескеріп, мынадай теңдеу жүйесін құрады:
U1 = - Е1 + І1 (R1 + j х 1);
U 2 = Е2 – І21 (R21 + j х 21);
І = І 1 + І2
|
|
|
1.5-сурет. Келтірілген кернеу трансформаторының: а – жүктемесіз жұмыс; б – қысқа тұйықталу; в – активті индуктивті жүктеме тәртібіндегі векторлық-топографиялық диаграммасы.
Модуль 1.
Тақырып 4 Алмастыру схемасы.
4-ДӘРІС
1.Кернеудің өзгеруі.
2.Сыртқы сипаттама.
3.Параметрлерді тәжірибе жүзінде анықтау.
4.Трансформатордың шығындары, ПӘК.
1.Кернеудің өзгеруі.
Эквивалентті алмастырма сұлбасында электр телсімі жіберілген кейбір ауытқулар кезінде, бір көзден қоректендіретін сызықтық электр тізбегі болып табылады, оның аналитикалық есептеу ЭТН курсындағы әдісті пайдалану арқылы жүргізіледі.
Электр тізбегін құратын өлшемдердің мәндері былай анықталады:
магнит өткізгіштердің геометриялық өлшемдері мен трансформатор орамаларының өлшемдері мен трансформатор орамаларының параметрлерін пайдалана отырып талдау есебімен;
бос жүріс және қысқа тұйықтау режимдегі экспременталды зерттеу мәліметтері бойынша;
трансформатордың төлқұжатындағы берілгендері бойынша.
Аналитикалық есептеулерді ораманың Омдық кедергілерінің мәнін анықтауға қолданылады:
біріншіні R1 = l 1oρ w12 / γ S1
екіншіні R21 = l 2oρ w12 / γ S2 w2
мұндағы l 1oρ мен l 2oρ сәйкес орамалардың орамдарының орташа ұзындығы; γ–орама жасалған өткізгіштердің өзіндік кедергілері; S1 мен S2 орама жасалған өткізгіштердің көлденең қимасы; w1 мен w2–бірінші және екінші орамалардағы орам саны.
Бірінші орама мен магниттену тізбегінің параметрлерін есептеп шығару гистерезис пен құйынды тоқтан болатын шығындарды анықтау күрделі болғандықтан, қиын, ол туралы (1.3.2) тарауда айтылған. Дегенмен І1х тоқтың, бос жүрістегі активті қуаттың Рх жүксіз жұмыстың және ЭҚК шамалары белгілі болса оны мына өрнектермен есептеуге болады:
болаттың кедергісін
Rcm = R1 - Рх / І1х2 (1.63)
магниттену тізбегінің толық кедергісін
Z = Е 1 /І1х (1.64)
магниттену тізбегінің индуктивті кедергісін
(1.65).
х =√Ζ2 - Rcm2 (1.65)
бірінші ораманың шашырау индуктивті кедергісін
х1 =√Ζ1х2 – (R1 + Rcm2 ) -х (1.66)
м
ұндағы Ζ1х –трансформатордың бос жүріс кездегі толық кедергі
Ζ1х =U1H / І1х (1.67)
Екінші ораманың келтірілген индуктивті шашырау кедергісі х21 бос жүріс кезіндегі зерттеу мәліметтер мен зертханада қысқа тұйықтау мәліметтерінің қосындысы ретінде жуық мөлшермен есептеледі.
Х1 =Х21= Хк (1.68)
мұндағы Хк – трансформатордың қысқа тұйықталған кезіндегі реактивті кедергісі, магниттелу тізбегінің Z кедергісі Z 1 Z 2 кедергісіне қарағанда өте үлкен, сол үшін эквивалентті алмастырма сұлбасында есепке алмасуы болады.
Бұл жағдайда:
Хк =√Z к2 – R2к (1.69)
мұндағы
Zк= U1к /І1к= U1н ик%/І1н ƒ100% (1.70)
R2к =Рк/І1к2 (1.71)
