- •Модуль 1.Трансформаторлар Тақырып 1. Кіріспе
- •1.Жаңа техника және энергетикадағы электр машиналарының ролі және мәні.
- •2. Электр машиналарының және трансформаторлардың дамуы бойынша қысқаша мағлұмат.
- •Модуль 1. Трансформаторлар
- •1.Құрлысы және принциптік әрекеті.
- •2.Бос жүріс және қысқа тұйықталған трансформаторлардың физикалық процестері.
- •3. Эқк теңдеулері. Трансформациялық коэффициент.
- •Модуль 1.Трансформаторлар Тақырып 3. Келтірілген трансформатор.
- •1.Жүктемелі трансформатор.
- •2.Векторлық диаграммалар
- •1.Кернеудің өзгеруі.
- •Инженерлік есептеудерде жиірек қолданыс табатыны:
- •Бұл трансформатордың бірінші және екінші орамалардағы шашырау өрісінің бөлінуін дәл анықтау мүмкін болмағандықтан алынған.
- •3.Параметрлерді тәжірибе жүзінде анықтау.
- •4 Трансформатордың пайдалы әсер коэффициенті.
- •1. Параллель жұмыс жасауға қосу шарты
- •2. Параллель жұмыс жасағанда трансформаторлар арасында жүктемелерді тарату
- •3. Арнайы трансформаторлар.
- •1.Электр энергиясын өндіру және тұтынудағы айнымалы тоқ машинасының ролі.
- •2.Айнымалы тоқ машинасының орамасындағы индукцияланатын эқк. Орамалық коэффициент.
- •2.4. Орамалық коэффициент.
- •1.Құрлысы
- •Жұмыс принципі.
- •2. Асинхронды машинаның кернеулер және тоқтар теңдеулері, алмастыру схемасы және асинхронды машинаның векторлық диаграммасы
- •3.3. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысшы сипаттамасы.
Инженерлік есептеудерде жиірек қолданыс табатыны:
х21 =х1 =0,5 хк (1.72)
Бұл трансформатордың бірінші және екінші орамалардағы шашырау өрісінің бөлінуін дәл анықтау мүмкін болмағандықтан алынған.
1.6-сурет.келтірілген трансформатордың қысқа тұйықталу режимі кезінде эквивалентті алмастырма электр сұлбасы.
Орамалардың Омдық кедергілерінің аналитикалық есептеуге (1.61) мен (1.62) қарағанда дәлірек мәндері орамаларды ЭҚК тұрақты тоқты төменгі кернеулі көзіне қосып тәжрибе жасау арқылы алуға болады. Кернеуді U және тоқ күшін І орамалардың Омдық кедергісін Ом заңының өрнегі бойынша анықтауға болады;
R=U/І (1.73)
1.7-сурет. Келтірілген кернеу трансформаторының орнын басудың қарапайым сұлбасы
Инженерлік есептеуде «магниттену тізбегініңң кедергілерін төлқұжаттағы мәліметтерді пайдаланып шамамен мына өрнектер арқылы анықтауға болады
Z =Е1/ І1х ≈ 0,98U1н/ І1х ≈ (30,0…10,0)Zн (1.74)
Rсm=(Р1х – І1х2 R1) /І1х (1.75)
Х = √Z 2 – R2сm (1.76)
инженерлік есептеуде қолданылатын эквивалентті алмастырма электр сұлбасын есептеу оның қалған кедергісінен едәуір үлкен, одан магниттеу тармағын Z кедергісі шығарып тастау арқылы жеңілдетуге болады. Осылай еткенде трансформатордың орнын басудың эквивалентті сұлбасы 1.7-суретте көрсетілгендей болып қарапайым түрге келеді.
2.Сыртқы сипаттамасы. Трансформаторды эксплуатациялаудың маңызды сипаттамаларының бірі оның сыртқы сипаттамасы болып табылады.
Трансформатордың сыртқы сипаттамасы–бұл бірінші кернеу И=const және жүктеме сипаттамасы consφ=const тұрақты болғандағы екінші кернеудің И2 жүктеме тоғына І2 тәуелділігі (1.10-суретте). Сыртқы сипаттама трансформатор қалыпты жүктелген кездегі U2н-нің (5….8)%, екінші ораманың қысқышындағы кернеудің өзгерту дәрежесімен бағаланады.
Күштік трансформаторлар үшін ол мына өрнекпен анықтайды:
и%=(U2н-U2)100%/U2н=(U1-U2 1 ) 100%/U1 ( 1.77)
мұндағы и% -трансформатордың екінші кернеуінің өзгеруі, пайызбен. Екінші кернеудің өзгеруі, U2х мен ағымдағы кернеудің арифметикалық айырмасы болып табылады (1.8-сурет).
1.8-сурет. Кернеу трансформаторының сыртқы сипаттамасы.
3.Параметрлерді тәжірибе жүзінде анықтау.
Бос жүріс режимі. Трансформатордың бос жүріс режимі – трансформатордың екінші орамасы ажыратулы, ал бірінші орамасының қалыпты кернеуге қосылған болуы кездегі жұмысы (1.3.- сурет). Бұл кезде:
U 1х = U 1н
J2x = O (1.35)
Трансформатордың бос жүріс режим кезінде екінші орамадағы ток нөлге тең (ораманың қысқыштары ажыратулы) және тек қана бірінші орама бойынан ток Ііх өткен кезде онда магнит ағыны пайда болады. Екінші орамнан магнит ағынын магнитсіздендіру әсері болмайтындығынан трансформатордың бос жүріс режиміндегі тоқ, трансформатордың қалыпты тоғының 10%-нен артпайды: І1х=(0,1,,,0,03) І1н Трансформатордың қуаттығы артқан сайын, бос жүріс тоғы пайыздық қатынас бойынша азаяды, ал трансформатордың қуаттығына тең қалыпты кернеу шамалы ғана өседі. Трансформатордың екінші ораманың қысқыштарындағы бос жүріс кернеуі ондағы индукцияланған ЭҚК-ке тең:
U 2 х = Е2 (1.36)
Трансформатордың бос жүріс режимі кездегі тұтынатын қуаты, оның қалыпты қуатының 1% -нан артпайды Р= (0,01…0,003)Рн
Ол қуат трансформатордың бірінші орамында сымдарда электрлік және магниттік және болат өткізгіштің магниттік, құйынды тоқтардан, гистерезис құбылысын шығындарды түзеуге кетеді.
Трансформатордың қуаттылығы жоғары болған сайын, бос жүріс жұмыс шығынының оның қалыпты қуатына үлесі, солғұрлым аз болады. Трансформатордың жүксіз жұмысының тәртібі оның тасымалдау коэффицентін жуықтап есептеуге пайдаланады. (КmU1/U2х), бұл магнитөткізгіш болатта, тармақтардағы магниттену өлшемдері, олардың физикалық мәндері келесі тараулардың тармақтарында қарастырылады (1.5.2).
Қысқа тұйықталу режимі. Қысқа тұйықталу дегеніміз трансформатордың екінші орамасы қысқа тұйықталып, бірінші ораманың қысқыштарына, бірінші орамадағы тоқтың шамасы қалыпты жағдайдағы мәніне тең болатындай кернеуге жалғануы.
Оның екі түрі: апаттық, мұнда алғашқа кернеу қалыпты кернеуге тең және лабороториялық, онда бірінші ораманың қысқыштарына бірінші орамадағы тоқтар қалыпты мөлшерде болатындай мөлшерде кернеу беру.
І1кз = І 1н
І2кз = І 2н (1.37)
Апатты жағдайда трансформатордағы тоқ қалыпты тоқтан (15…20) есе артық болады, эксплуатациялау барысында оған жол беруге болмайды. Ондайда трансформаторды желіден "дереу" ағыту қажет.
Лабороториялық қысқаша тұйықталу кернеуі қалыпты кернеудің 5…10 % болады: и к =(0,05…0,1) Uн , Ол неғұрлым аз болса трансформатордың қуаттылығы соғұрлым болады. Оның сандық мәні трансформатордың төлқұжатында % -бен беріледі:
ик % = U к 100% / U н (1.38)
Қысқаша тұйықталу режимде трансформаторда өтетін физикалық процесстер, жүкпен жұмыс істеу кезіндегідей, тек айырмасы екінші ораманың қысқыштарындағы кернеу нөлге тең, ал қорытынды магнит ағыны соған жуық.
Электрлік тепе-теңдік теңдеуі мына түрге келеді.
U 1к = -Е1к + /1к Z1к
О = -Е2к – І2к Z2 (1.39.)
Екінші орамадағы магнит ағыны бірінші орамадағы тоқтың күші арқылы пайда болатын магнит ағынын толық жабады, себебі темір магнит өткізгішті бос жүріс режиміне қарағанда ұлғайған магниттік өтімділік болуынан жоғары қанықпағандық жағдайда ұстайды. Іс жүзінде қысқа тұйықталу режимде трансформаторда шашырау ағыны ғана қалады. Трансформатор орамаларындағы активті кедергі аз. Сондықтан қалыпты кернеудің бірлік пайызын құрайтын кернеу кезінде де орамадағы тоқтың мәні қалыпты шамасына Ом заңына сәкес жетеді.
Қысқа тұйықталу кезінде, негізгі ағын өте аз болғандықтан, магнит өткізгіштердегі шығынды тәжірибеде инженерлік дәлдікпен екі орамадағы Омдық кедергіге тең деп алып және қысқа тұйықталудың қосынды шығынын екі орамның Омдық кедергісіне теңеп алуға болады.
Рк = Рм1 + Рм2 (1.40)
Күш тік трансформаторларында қысқа тұйықталу қуаты
Ік=Ін кезінде қалыпты қуаттылықтың (3…0,5 %) құрайды, демек
Рк = (0,03… 0,005) Рн (1.41)
Қысқаша тұйықталу қуаты, жүксіз жұмыс қуатынан (2,5…4,0) есе артық:
Рк = (2,5… 4,0)Рх (1.42)
Қысқа тұйықталудың тәжірибе кезінде алынған мәндері орамадағы электр шығындарын және трансформатордың өлшемдерін анықтауға арналған кейбір тәжірибелік есептерді шығару кезінде пайдаланады.
