- •Жоспар:
- •1 Сақтандырудың пайда болуы және зерттелінуі
- •2 Сақтандырудың мәні және тарифтерінің құрылуы
- •3 Сақтандыру тәуекелдігі
- •4.Сақтандыру ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
- •5. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының түрлері және атқаратын операциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру түрлері
Сақтық қызметі — сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру;
жүктерді сақтандыру;
мүлікті сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда);
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру;
зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен — халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.
Әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік кепілдіктер, еңбекке ақы төлеу кепілдіктері, зейнетақылар, жәрдемақылар, материалдық көмек, халықтың аз қамтылған жігіне көрсетілетін тегін ең аз қызметтер жүйесі арқылы және әлбетте, ең төменгі күн көріс деңгейін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Зейнетақы — бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан (жалақысынан) он пайыздық жарна аудара отырып, болашақ зейнетақысы үшін қор жинайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді. Жинақтаушы жүйеде азаматтардың аударған жарнасына пайыздық өсім (инвестициялық табыс) есептеледі, ол қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.[12, 179 б.]
